Никулиннің күлкісі

0
145 қаралды

Атақты артист (марқұм) Юрий Никулин қыжыртпаға (анекдотқа) бала кезінен құмар болыпты, естiгенiн дереу жазып ала қояды екен. Сөйтiп жүрiп, өзi де анекдот шығаруға машықтаныпты. Әскерге шақырылғанында 1500 қыжыртпа жазулы дәптерiн ала кетiп, өмiр мен өлiм арпалысының әредiгiнде бiрнешеуiн не оқып, не айтып жiберiп, қарулас жолдастарын күлдiрiп жүрiптi.
Өздерiңiзге ұсынылған мына қыжыртпаларын «999 анекдотов от Никулина» деген кітабынан іріктеп алдым.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ


Шөл далада келе жатқан екі түйенің бірі:
– Адамдар бізді қалай мақта­са, олай мақтасын, ал мен шөл­деп келемін, – депті.

* * *

Бір маймыл ядролық бомба­ның тұмсығын кескіш темірмен төпештеп отырады. Оны көрген екінші маймыл:
– Әй, есуас! Андағы жары­лып кетеді ғой! – дегенде анау мырс етіп:
– Жарыла берсін, менде та­ғы бар! – депті.

* * *

Аң патшасы арыстан аң атау­лы­ны түгел жиып алады да:
– Әдемілерің сол жағыма, ақыл­дыларың оң жағыма шы­ғың­дар! – деп бұйырады. Аңдар айт­қа­нын істеп, тізіле бастайды. Ал қоян біресе сол жаққа, біресе оң жа­қ­қа тұра жүгіріп, тыным тап­пай­ды. Аң патшасы оған түйіле қа­рап:
– Саған не болды?! – дегенде, қоян:
– Екіге жарылып өлейін бе, енді қайтем?! – депті.

* * *

– Жануарлардың ең ақымағы қайсысы?
– Сиыр. Өзі су ішеді, ал өзге­лерге сүт береді.

* * *

– Иттер дуалдың түбіне «кішш» еткенде екінші аяғын не­ге көтеріп тұрады?
– Дуал құлай бастаса, тірей қоймақшы ғой.

* * *

Мысық тышқанды көріп қа­лып, тұра ұмтылады. Тышқан қаша жөнеледі де, іні жақын ек­ен, сып беріп кіріп кетеді. Мы­сық іннің аузын бағып біраз жатады да, итше үре бастайды. «Ә, иттер бізге тиіспейді ғой» деп жұбанған ты­ше­кең інінен жылт етіп шыға қал­ғанда мысе­кең шап беріп, асықпай жеп ала­ды да, ернін жалай жы­мың­дап отырып: «Шет ел тілін біл­геннің пайдасы бары рас екен ғой!», – депті.

* * *

Бір әтеш екінші әтешке:
– Жүр, азық-түлік дүкеніне ба­райық, – дейді.
– Е, одан не аламыз?
– Жалаңаш мекиендерді көреміз!

* * *

Шермейдің баласы шешесін түрткілеп:
– Мама, а, мама! Папам қай­да кетті? – дей беріпті. Мезі бол­ған шешесі:
– Өй, қақсап қалғыр! Папаң мұжықтармен бірге балық аулау­ға кетті! – депті.

* * *

Мейрамханадан шыққан екі бүргенің бірі қарнын сипалап тұ­рып:
– Аяңдап жүре берсек пе екен, әл­де иттердің біреуінің кел­уін күт­сек пе екен? – депті.

* * *

Пілдің үстіне шыққан екі құ­мырсқаның бірі:
– Мұны енді қалайда жығуы­мыз керек, бір жықсақ, – бітті, со­дан кейін тепкілеп өлтіру оп-оңай! – депті.

* * *

Мектеп. Тарих сабағы. Мұ­ғалім шәкіртіне сұрақ қояды:
– Александр Македонский қашан қайтыс болды?
– Білмеймін. Мен оның ауы­рып жатқанын да естіген жоқ­пын.

* * *

Лох-Несс көлінде құбыжық барын естіп, соны көруге әдейіл­еп келген саяхатшы жігіт жағада қалғып отырған қармақшыға:
– Осындағы әлгі атақты жы­­лан­дарың қай кезде көріне­ді? – дейді.
– Үшінші стақаннан кейін.

* * *

Мал дәрігерінің бөлмесіне бір жігіт кіріп:
– Мал дәрігері осында қа­был­дай ма? – дейді.
– Иә. Қай жеріңіз ауырады?

* * *

Тері аурулары дәрігеріне кел­ген бір кісі:
– Кейбіреулер неге қасқабас болады, соны ғылым дәлелдей алды ма? – дейді.
– Дәлелдей алды. Олардың бір түскен шашы екінші рет шық­пайды екен.

* * *

– Доктор, сәбізді көп жесең көз өткірленеді деседі, сол рас па?
– Көзәйнек киіп жүрген қоян көрдің бе?

* * *

Екі қарт дәрігер әңгімелесіп отыр:
– Сонау жылдары маған бір сырқат келіп көрініп жүрді. Ау­руы­ның түріне қарағанда, ол осы­дан он жыл бұрын қайтыс болса к­ерек еді, бірақ әлі тірі.
– Егер адам өмір сүруге қат­ты құл­шынса, медицина оған қарсы ештеңе істей алмайды.

* * *

Дәрігер:
– Туысыңыз ақырғы демі бітерде терледі ме?
– Терледі.
– Онысы жақсы болған.

* * *

Сырқат жігітті көріп болған дә­рі­гер оның әйелін оңашалап алып:
– Күйеуіңіз маған оншама ұнамады, – дейді.
– Маған да ұнамайтын бол­ды, бірақ балаларымыз бар…

* * *

Доктор, соңғы кезде түсіме бір есік кіретін болды, ашайын дей­мін, бірақ, қанша итерсем де ашыл­майды.
– Сыртында ешқандай жазу жоқ па?
– Бар. «Өзіңе қарай тарт» деген.

* * *

Банк иесі Айзерман шал жасы баласымен шамалас қызға үйле­ніпті. Содан бір күні дәрі­гер­ге ке­­­­ліп:
– Доктор, мен хал-ахуалым­ды білмеппін, күйеу болып жа­ры­та алар емеспін, бір жәрдем жасаңыз­шы! – дейді. Дәрігер ары-бері әбден қарап болады да:
– Өкінішке қарай, сізге енді еш­теңе көмектесе алмайды, – дей­ді.
– Араның сүті бірден-бір ем де­седі ғой?
– Айзерман мырза, араның сү­тін жазып-ақ берейін, бірақ, ша­ға алмаған соң, құр ызылда­ған­нан не пайда?

* * *

– Сен түрмеден неге қаш­тың?
– Үйленейін деп едім.
– Бостандықты тапқан екен­сің!

* * *

– Үйге таң ата оралсам, әйе­лім:
– Түнде үйге ұры түсті, – дейді.
– И-и-иә!.. Ұстап алып па? Қайда?
– Ауруханада жатыр.
Әйелім оны мен екен деп ойлап қалып, оқтаумен басқа бір салыпты.

* * *

Түрмеге бірінші рет түскен ұры жігіт бақылаушыдан:
– Терезелерін сымтемірмен не үшін торлап қойған? – деп сұрап­ты.
– Қауіпсіз болу үшін.
– Өй, ақымақтық-ай! Түр­ме­де ұр­лайтын не бар, түк жоқ қой, мі­не?!

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.