Терминжасамның өзекті мәселелеріне арналған ғылыми басқосу
02.10.2018
1041
0

Мемлекетіміз үшін маңызды әрі тарихи шешім болған «Латын әліпбиіне көшу туралы жобаға» қатысты жұмыстармен айналысу тіл саласындағы мекемелер мен ұйымдар­дың, қызметкерлердің күн тәртібіндегі маңызды мәселе­сіне айналды. Таяуда Алматыда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Ұлттық термин-жасам ұстанымдары: теория және практика» атты семинар-кеңес өтті.

Елбасы жарлығымен ұсыныл­ған «Латын әліпбиіне көшу туралы жоба» жолға қойылғаннан бері ұлт­тық әліпби жасау жөнінде не­ше­леген ғылыми кеңестер, тал­қы­лар, конференциялар өткізіліп, алда істелетін маңызды жұмыстар өзара талқыланып келеді. Осы жолғы ғылыми басқосудың маңыз­дылығы – ұлттық әліпби жасау барысында кездесетін терминдер бойынша ақылдасу.
Семинар-кеңесте А.Бай­­тұр­сынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының док­торы, профессор Ерден Қажыбек, Халықаралық «Қазақ тілі» қоға­мының президенті, ҚР ҰҒА акаде­мигі Өмірзақ Айтбайұлы секілді тіл ғалымдары баяндама жасап, қазақ терминологиясының кеше­гісі мен бүгіні, терминжасам, шеттілдік сөздерді таңбалау, тер­мин­жасамға қойылатын талаптар, ес­керетін жайттар туралы маңызды ұсы­ныстарын ортаға салды. Семинар-кеңеске А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызмет­кер­лері мен докторант, ма­гис­трант­тары және радио-теле­видение, әртүрлі баспасөз өкілдері де қатысты. Отырыс соңында қатысушыларға А.Бай­тұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық «Қа­зақ тілі» қоға­мының сер­тификаттары табыс­талды.

Дүйсенәлі ӘЛІМАҚЫН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір