ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫ МЕН ИРАН ЖАЗУШЫЛАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
02.10.2018
1238
0

Құжат 2018 жылдың 21 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Қос тарап Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тарихи, мәдени және әдеби саладағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту және нығайту ұмтылыстарын білдіре отырып, әдеби саладағы байланыстар мемлекет мүдделерге қызмет ететініне сеніп, төмендегі баптар туралы келісті:

1-бап
Тараптар Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы халықта­ры­ның тарихи, әдеби байланыс­тарына сүйеніп, екі ел арасында жоспарлы әдеби-мәдени ынты­мақ­тастықты орнату мен дамы­ту­ға алдағы уақытта да көмекте­седі.

2-бап
Әр Тарап өз оқырмандарына бас­қа Тарап әдебиетінің жетіс­тік­терімен танысуға кең жол ашып береді. Тараптар өз қарамағын­да­ғы мекемелер арасында тікелей ын­тымақтастық пен байланыс­тар­ды орнатуға және нығайтуға, мүд­делі ұйымдар арасында тәжі­рибе алмасуға мұрындық болады.

3-бап
Иран Жазушыларының қауым­дастығы өзіне қарасты жә­не серіктес басылымдарда екінші Тараптың көмегімен қазақ әде­биетіне байланысты айдар ашып, тұрақты түрде жүргізу және Қа­зақ­стан Жазушылар одағы өзіне қарасты «Қазақ әдебиеті», «Жұл­дыз», «Простор» басылым­да­рын­да екінші Тараптың көмегімен пар­сы әдебиетіне байланысты ай­дар ашып, тұрақты түрде жүр­гізу ісі қолға алынады.

4-бап
Тараптар әдеби ынтымақ­тас­тықтың екі жақты дәстүрлері мен жобалары негізінде шығарма­шы­лық ұжымдар, баспалар, газет пен журнал қызметкерлерінің және белгілі жазушылардың шы­ғармашылық сапарларын жүзеге асыруға көмектеседі.

5-бап
Тараптар қазіргі заман әде­биетін бір-біріне таныстыру және оқырмандарға ұсыну мақсатында тұрақты түрде екі мемлекетте жы­лына екі рет ғылыми-прак­ти­ка­лық кездесу не конференция (Workshop стилінде) өткізуге ке­ліседі. Бұл кездесуде әр Тараптан кем дегенде екі ақын не жазушы қа­тысады.

6-бап
Тараптар қазақ ақын-жазу­шы­ларының антологиясын пар­сы тіліне аударып, басып шығару жә­не парсы ақын-жазушыла­ры­ның антологиясын қазақ тіліне аударып, басып шығару, сондай-ақ, қазақ және парсы ақын-жазу­шыларының жеке кітаптарын аударып, басып шығару мәсе­ле­сін жүйелі түрде қолға алады.

7-бап
Тараптар жазушыларға, ақын­дарға, әуесқой шығар­магерлерге әде­би-көркем байқауларға, кон­фе­ренцияларға, оқу-семинар­лар­ға қатысуына көмектеседі.

8-бап
Екі тарап Қазақстанда Иран­ның, Иранда Қазақстанның әде­би апталығын өткізуді ұйым­дас­ты­рады.
Түсіндірме: бұл шараны өт­кізу мәселелері, жобасы осы Ме­морандум шеңберінде Тарап­тар­мен қосымша келісіледі.

9-бап
Жылына бір рет қазақ-парсы әдебиеті альманахын шығаруға екі Тарап бірлесіп қолдау көрсетеді.

10-бап
Тараптар кітапхана ісінде кі­таптар, баспалар, каталогтар, та­ғы басқа ақпараттық материал­дар­мен ауысу арқылы ынтымақ­тас­тық жасайды.

11-бап
Қазақстандық жас ақын-жазу­шылардың парсы әдебиеті­мен жақын танысып, қазақшаға аудару мәселесін қамтамасыз ету және қолдау мақсатында жыл сайын берілетін әдеби сыйлық тағайындау бірлесе қолға алы­нады.

12-бап
12 баптан және бір түсін­дір­меден тұратын осы Меморандум қол қойылған күнінен бастап кү­шіне енеді.
Меморандум 5 жыл мерзімге жа­салды және Тараптардың бірі оның жүзеге асуын тоқтату ту­ралы өзге Тарапты тиесілі мерзім таусылуынан алты ай бұрын жаз­ба түрде хабардар етпегенше, әр­кез кейінгі бес жылдық мерзімге өздігінен созылады.
Құжатқа Қазақстан Жазушы­лар одағы тарапынан Басқарма Тө­рағасы Ұлықбек Есдәулет, Иран Ислам Республикасы Жазу­шылар қауымдастығы тара­пынан Хади Саиди Киасари қол қой­ды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір