АУЫЛДАРҒА АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗДЫҢ ЕСІМДЕРІ БЕРІЛДІ
02.10.2018
717
0

Кешегі кеңестік кезеңнің жаңғырығындай болып сақталып қалған көне атаулардан арыла алмай жатқан Павлодар облысы жақтан жылы леп жетті.
Енді Сәтбаев ауылдық округінің «Теңдік» ауылы – «Мұса Шорман» ауылы, «Қараащы» ауылы – «Қаныш Сәтбаев» ауылы, ал Жаңажол ауылдық округінің «Жаңажол» ауылы «Мәшһүр Жүсіп» ауылы деп аталады. «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел, тегі, қайдан ал­сын кемеңгерді?!» демекші, халқы­мыз­дың біртуар перзенттерінің есімдерін қайта жаңғыртқан игілікті іс алдағы уақытта да өз жалғасын табады деген үміттеміз.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір