Асылдың сынығы еді…
21.09.2018
1713
0

«Жәннат – ананың табанының астында» деген қасиетті хадисте. Осы сөздің астарында теңіздей терең мағына жатыр. Өмірдің мәні мен сәніне ай­нал­ған ардақты аналарға берілген ең лайықты баға.
«Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қо­лымен әлемді тербетеді» дейді халқымыз. Адам­затқа әлемнің жарығын сыйлаған ана алдында бәріміз бас иеміз.
Біздің де осындай анамыз, асыл ана­мыз Шуканова Касира Исраилқызы 74 жасында өмірден озды. Ол асылдың сынығы еді. Абай ата­мыздан– Ақылбай, Ақылбайдан – Исраил. Осы Исраил­дың кенже қызы болатын. Әкесі Исраил қайтыс болғанша Абай атамыздың қонысы – Жи­дебайда тұрды. Анамыз 1964 жылы мектеп бітірген соң, Алматыға келіп, оқуға түсті. 1966 жылы әкеміз Аманжол Шукановке тұрмысқа шықты.
Отбасының ұйтқысы, немерелерінің мейі­рімді әжесі, асыл жар, көп баланы өмірге әкеліп, тәр­биелеп өсірген ақ жаулықты анамыздың жаны жән­натта, топырағы торқа болсын деп дұға ба­ғыш­таймыз.

Жұбайы, балалары, немерелері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір