АЛМАТЫ – АЛҒАШҚЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КИНОФЕСТИВАЛЬДІҢ БЕСІГІ
21.09.2018
778
0

15-19 қыркүйек аралығында Алматыда Алматы әкімдігінің қолдауымен І Халықаралық «Almaty Film Festival» шарасы өтті.

«Мәдениеттердің жақындасуын» мақсат еткен кинофестивальдің президенті – режиссер Ақан Сатаев. «Almaty Film Festival» – кинематографистердің халықаралық ынтымақтас­тығын дамытуға шақыратын және халықаралық киножобаларды Алматы қаласына тартуға мүмкіндік беретін мәдени жоба. Бұл республикамыздың мәдени және туристік орталығы ретінде оңтүстік астанамыздың имиджін көтеруге де жол ашары сөзсіз. Бес күндік бағдарлама бойынша өткен фестиваль «Айка» фильмімен ашылды. Фестиваль қонақтарының арасында Сергей Бодров, Пьер Спенглер (АҚШ және Франция елдерінің продюсер-режиссері), 1981 жылғы «Алтын глобус» жүлдесінің иегері, неміс актрисасы Настасия Кински және т.б. болды. Кинофестивальдің жабылу рәсімінде жүлдегерлерді марапаттаудан бөлек Ұлттық кинематография өнері мен ғылымдары академиясының «Тұлпар» сыйлығы табыс етілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір