Ұлы Жібек жолы және Жаркент

0
39 қаралды

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкетану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.

Өте ертедегі қалалар мен елді ме­кендер қазақ жерінде бұрынғы сақ, үйсін, қаңлы, хун тайпа­ла­ры­ның өмір сүрген кезінің өзінде пай­да болған. Ол қалалардың көбі Же­тісу, Сырдария, Шу өлкелері мен Іле, Талас, Арыс өзендерінің бойын­да орналасқан. Сол ескі за­мандардың ескерткішіндей болып, ұмытылмай бізге жеткен тарихи жер-су атаулары Жетісу жерінде мо­лынан сақталған. Көне дәуірде өмір сүрген түрлі халықтар мен тай­палардың қарым-қатынасы, ара­ласуы негізінде тілімізге енген көп­теген атаулардың мән-мағы­на­сы, этимологиясы қазіргі оқушыға мүл­де түсініксіз халге жеткен. Он­дай атаулар көбінесе сол кезеңдерде араб, парсы, моңғол, орыс тіл­де­рі­нен енген жер-су, қала, елді мекен ат­тарында сақталған.
Тарихи деректерде Жетісу же­ріндегі Іле алқабында «Екіөгіз» де­ген, ал Іле өзенінін аяқ шенінде «Іле­балық», Хантәңірі тауының сол­түстік жағында «Бесбалық» де­ген қалалар болғаны белгілі. Бұл атау­лардың түпкі мағынасына, сы­рына қанық емес адам оны мүлде бас­қаша түсінері анық. Мысалы, «Екіө­гіз» атауын алайық. Оның мал­мен, өгізбен ешқандай бай­ла­ны­сы жоқ. Атау тарихи «оғыз» тай­па­сының атына байланысты қойыл­ған. Араб, парсы тілдерінде оны «ҒҰ3» деп, ежелгі түркі тіл­дерінде «ОҒУЗ», «ОКУЗ» деп, ал қа­зақша «ОҒЫЗ» («өгіз») деп, фо­не­тикалык өзгеріске түсіріп бұзып ата­ған. Адамзат тарихында бұл атау VII ғасырдан бар. Орхон көне жазбаларында «Шығыс Түрік қа­ғандығы» (VІ-ХІІІ ғ.ғ.) құрамына кір­ген оғыз тайпалары Шығыс Моң­ғолия жерлерін мекендегені ай­тылған. Олар, сондай-ақ, Батыс Же­тісу мен Ыстықкөл жағалауын­дағы жерлерді де иемденген. Оғыз­дар VIII ғасырдың ортасында Жетісудан Қаратау бөктеріне, Сырдарияның төменгі ағысындағы алқаптарға жылжыған.
Қазіргі Атасу өзенінің бойын­да­ғы «Өгізтау», Сыр бойындағы «Өгіз­су», «Өгіз бұлағы», «Тасөгіз», «Оғыз­кент», Ыстықкөлдің оңтүстік жа­ғындағы «Жетіөгіз» өзені, Қос­та­най облысындағы «Өгізбалық» кө­лі сияқты атаулар осы оғыз тай­пасының билік кұрған кезінен қал­ған көне атаулар. Ал, «балық» сөзі кө­не түркі заманында «қала», «ме­кен» деген мағынада айтылған. Мы­салы, Шу бойындағы көне Ба­ла­сағұн қаласының бір аты «Құ­ба­балық» («Кұ-балық») болған. Атау «әдемі қала» дегенді білдірген. Моң­ғол дәуірінде Пекин қаласы «Хан­балық» деп аталғаны белгілі.
Ұлы Жібек жолының дү­ние­жү­зі­лік картасына көз жіберген адам Шы­ғыстағы Қытай мен Үнді елін, Орта Азия құрлығын, батыста Еу­ро­па елдері мен терістіктегі Сібірді, Еділ бойын, түстікте орналасқан Араб, Парсы елдерімен байла­ныс­ты­рып отырғанын көреді. Орта ға­сыр­лардағы Қазақстан жерінде Ұлы Жібек жолының үш бөлек тармағы бол­ғаны байқалады. Оның біреуі ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Көктал-Сүм­бе арқылы Қашғария еліне аса­тын тармақ болса, екіншісі Ала­көлдің түстігін айналып өтіп, Көк­тұма – Дүнгене – Жаркент – Талғар – Баласағүн – Суяб қалалары ар­қы­лы оңтүстікке ойысады. Үшінші тар­м­ақ – Қазақстан жерін шығыс-оңтүстіктен сонау батысына дейін аралап өтетін Жібек жолы бөлігі. Ол Каспийдің солтүстігін айналып өтіп, Алтын Орда астанасы Бату Са­райы, Сарайшық арқылы Сыр бойы қалаларын аралап, Жетісу жо­лымен Таразда жалғасады.
Осындағы Жетісу жерін басып өте­тін Жібек жолының екінші тар­ма­ғындағы көне атаулар: Дүнгене – облысымыздың Көксу ауданын­да­ғы Балпык би кентінің батысында орналасқан көне 154 мекеннің орны. Әйгілі француз саяхатшы-ға­лымы Вильгельм Рубрук XIII ға­сыр­дың орта шенінде осы Дүн­ге­нені басып өтіп, Шыңғысханның ордасы (ставкасы) орналасқан Қа­рақорымға қарай жол тартқан. Ба­ласағұн – Шу алқабында орна­лас­қан ежелгі қала. Кезінде Батыс тү­рік, Қарлұқ кағанаттарының Қа­рахан, Қарақытай (Қаракидан) мем­лекеттерінің астанасы болған Суяб – Жетісуда ерте орта ғасыр­лар­да болған қаланың атауы. Қа­ланын іргесі ХІ-ХІІ ғасырлар ша­ма­сында қаланған, ол төрт ғасырдай уақыт Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағандықтарының астанасы болған.
Көне деректерде осындай ор­та­ғасырлық қалалардың қатарында Панфилов ауданының орталығы – Жаркент қаласы да аталады. Бал­жан Қапасова «Орта ғасыр жазбала­рын­дағы ономастикалык белгілер» атты зерттеуінде (Ономастикалық ха­баршы, 2006 ж., №2): «Ел тарихы мен шежіре деректерінде Жібек жо­лының бойындағы VІІ-Х ғасыр­ларда ірі мәдени және сауда орта­лы­ғы саналған әйгілі Отырар, Жар­кент, Тараз, Баласағұн, Мерке қа­лаларымен бірге Түркістан, Сай­рам, Сарайшық қалаларының бой көтеріп, қазақ жеріндегі қала мә­де­ниетінің шарықтап дамығандығын көрсетеді», – деп жазады. Бізге көне­ден жеткен тарихи деректерге сүйен­сек, Жаркент қаласына бай­ланысты «Жетісу» энциклопе­дия­сындағы: «1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған, 1891 жылы қала бол­ды», – деп көрсеткен дерегімен мүлде келісуге болмайды. Отырар, Та­раз, Баласағұн қалаларымен қа­тар аталып, сол замандарда дамыған қала екені анық бола тұра, қалайша оны 1891 жылы ғана қала болды деп айта аламыз. Бұл қазақ Совет эн­цик­лопедиясындағы: «Жаркент уезі Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі патша үкіметінің «Уақытша ережесі» бойынша Же­тісу облысында 1891 жылы құрыл­ған әкімшілік бөлік», – деген мәлі­мет­тен алынғаны айқын. Бұл Жар­­кент уезінің құрылған уақыты. Ол қаланың іргесі қаланған уақыт­пен бірдей бола алмайды. Жаркент оған дейін сан ғасыр өмір сүрген көне қала. Оны Захир ад-дин Мұ­хам­мед Бабырдың «Бабырнамасы» мен Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбек­те­рін­дегі айғақтардан да көруге бо­лады. М.X. Дулати: «Моңғолстан деп ата­ла­тын аумақтың ұзындығы мен ені жеті-сегіз айлық жол болар. Оның шығыс шекарасы қалмақтардың жері – Барс көл, Еміл және Ертіске ті­реледі. Солтүстік Көкше теңіз, Бум Лиш және Қаратал мен батыс ше­карасы Түркістан мен Ташкент және оңтүстігінде Ферғана, Қаш­қар, Ақсу, Чалыш, Турфанмен шек­т­еседі», – деп жазады. Бұл жерде айтылып отырған Көкше теңіз – қа­зіргі Балқаш көлі, Еміл – Алакөл­дің шығысынан құятын Тарбаға­тай­дағы өзен. М.X. Дулати өз ең­бек­терінде Еділ өзенін «Атил», Каспий теңізін «Құлзум» деп қолданады. Сонымен қатар, «Тарих-и Рашидиде» қазақ же­ріндегі Жаркент, Хожент, Сай­рам, Сарайшық, Отырар сияқты қа­ла атаулары кездесіп қана қой­май, олар жайлы құнды мағлұматтар сипаттала берілген. Қалалармен қатар Қаратал, Шарын, Қарашық, Қаратоғай, Қозыбасы, Сарыкөл. Жам, Жайтөбе, Ақсу сияқты жер-су атаулары шежіреде жиі кездеседі.
Бұрын-соңғы тарихи деректер мен географиялық карталарға үңіл­сек, «Жаркент» аталатын екі қала (басқа елді мекендерді қоспағанда) бар екенін көреміз. Біреуі Яркенд (қазақша Жаркент), Қытайдың Тарим ойысындағы Тақла-Мақан шөлді өлкесінде, Яркенд өзенінің бойын­да орналасқан көне қала. Осы Яркенд (Жаркент) қаласында 1858 жылы Шоқан Уәлиханов бол­ған. Оның айтуынша сол кездегі Яр­кенд Шығыс Түркістан өлкесін­дегі қалалардың ең үлкені болған. Қала шеңбері 25-30 шақырым, онда 33 мыңға жуық адам тұрған.
Яркенд аймағында археоло­гия­лық қазба жұмыстары жүргізілме­ген, сондықтан мұндағы жұрттың қай уақыттан мекендей бастағаны ту­ралы нақты дерек жоқ. («Қазақ Со­вет энциклопедиясы», 4-т, А, 1974 ж. 311-6).
Екінші Жаркент қаласы – Ал­маты облысы аумағындағы Пан­филов ауданының орталығы.
Жаркент уезінің құрылу уақы­тын Жаркент қаласының құрылу күні деп қарау тарихи тұрғыдан мүл­де дұрыс болмайды.
Сондықтан да 1991 жылғы Жар­кенттің 100 жылдығын тойлауымыз қаланың тарихына қиянат болды, өз қолымызбен қаланың көне, ежелгі тарихын, оның өмірін қыс­қарт­қандай болдық. Тіпті, тым әрі­дегі құжаттарды ақтарып, назар­ларыңызды талдырмай-ақ, берідегі, XIX ғасырдың орта кезеңіндегі кей­бір мәліметтерге жүгінейік. Әй­гілі орыс саяхатшысы, ғалым-геог­раф П.Семенов Тян-Шанский 1851 жылы Тянь-Шань саяхатына шық­қан сапарында жолшыбай Омбы қаласына тоқтап, онда Шоқан Уә­лихановпен кездеседі. Онымен жа­қын танысып, оған Қашғар сая­хатына шығуға кеңес береді. Ал Семенов Тян-Шанскийдің өзі Қы­тай жағында ұзақ болмаған. Ол жө­нінде Шоқанның өмірі мен твор­чествосын зерттеуші ғалым-жазу­шы И. Стрелкова былай деп жаза­ды: «В Семипалатинске Петр Петрович и Чокан встретились пос­ле того, как оба путешествовали по одному примерно маршруту (Капал – Верное – Иссык-Кул – Кульджа) и общались с теми же людьми (Аба­ку­мов, Хоментовский, Перемыш­льс­кий, Захаров), но Валиханов на­хо­дился, например, в Кульдже три месяца, а Семенов всего не­ско­ль­ко дней.
(И. Стрелкова, Валиханов. ЖЗЛ, М, «Молодая гвардия», 1983 г. стр-126).
Семенов Тян-Шанскийдің Қы­тай жағын кеңінен қамтып зерт­теуіне сол кезде Шығыс Түркістанда қалыптасқан жағдай, басқа елге, әсіресе, европалықтарға бұл өлке­нің «жа­бық» болуы кедергі болғаны бай­қалады. Сондықтан, ол Қытай­дың Қашғар, Яркенд қалаларына бара алмаған сияқты. Бұл жөнінде И. Ивлев былай деп жазады: «Неп­роницаемая тайна окутывала Вос­точный Туркестан, его государст­вен­ное устройство, экономику, рельф, природные условия. Евро­пейцам не удовалось посетить его тер­риторию из-за необычайного фанатизма, враждебности к «ино­верцам» и скрытности деспотичес­ких владык. Незадолго до путе­шествия Валиханова в обличье не то мусульманского купца, не то па­ломника-богомольца в Кашгар проник немецкий ученый Адольф Шлагинтвейт и… поплатился, в бук­вальном смысле, за это головой» – (Ивлев И. П. И оживают биог­ра­фии. А, 1983 г. Стр-168-169). Сон­дық­тан П. Семенов Тян-Шанс­кий­дің Қытай жағындағы Яркенд, Қаш­ғар қалаларына өзі бармай, Шо­қан Уәлихановқа кеңес беруі тү­сі­нікті. Алайда оның жолжаз­ба­ларында сол кездегі Жаркент қала­сы жайлы қызықты деректер кез­деседі. Ол: «Жаркент керуен сарайы жолаушының есіне ұзақ сақталар ғажайып ғимаратта орналасқан: «Бір жағы ұлттық ою-өрнекпен әше­кейленген гобеленді қабыр­ға­лар, келесі жағы ашық аспан, ақ бас­ты қарлы таулар, сарқырап ақ­қан бұлақ, кірсе шыққысыз мей­манхана, сізге жер үстінің жұмағын­дай сезіледі. Асы қандай дәмді, ас­пазы неткен әдемі. Алыстан арып-ашып жеткен керуеншілер қашан күш жинап, саудасын жасап, қаланы аралап болғанша көліктерді тау ішіне айдап, бағатын малшы бар. Қазақтар қонағын төріне шығарады, жаны қалмай қызмет қы­лады, тегі бар ғой, мына тіршілік­те екінші мәрте қайыра кездесуі екі­талай, мүлдем беймәлім жатжер­лік саяхатшыға осынша жік-жаппар пейіліне таңданасыз, әрі мәрт мінезіне тәнті боласыз. Жер бетінде осыншалық мейірбандық, ақжү­ректік, қолы ашықтық болатынына еріксіз иланасыз», – деп ерекше таң­дана да тебірене жазады. (Се­ме­нов Тян-Шанский. «Неизданные за­писки», М, 1997, С-57).
Осы үзіндіден қазақ жерін мұ­қият зерттеген атақты саяхатшы қай қала туралы айтып отырғаны анық көрінеді. Бұл Қытайдың Яр­кенд қаласы емес, қазактың Жетісу жеріндегі Жаркент қаласы екені анық. Өйткені қазақтың керуен сарайындағы қонақжайлық туралы ай­тып отыр ғой. Саяхатшы сол 1851-1857 жылдардағы естелік жазбаларында Жаркентті «қала» деп атайды. Ендеше, қаланың тарихын 1891 жылғы патша үкіме­тінің «Уақытша ережесі» бойынша Жаркент уезінің әкімшілік бөлік болып кұрылған кезінен бастағаны­мыз дұрыс бола ма? Бұлай етсек, Жар­кент қаласының тарихын, оның жасын аз дегенде жарты ға­сырға кемітіп алмаймыз ба?
Осыдан соң Жаркент қаласы­ның іргетасы 1882 жылы қаланды деп жазған «Жетісу» энциклопедия­сының жазбаларын мойындауға бола ма? Қаланың іргесі қай заман­дардан қалана бастағаны жөнінде нақты тарихи дерек жоқ, ондай мәлімет сақталмаған. Алайда қала 1891 жылы, Жаркент уезінің орта­лығы болған кезде ондағы тұрғын­дардың саны 25231-ге жеткеніне қарағанда, Жаркент сол кездің өзінде ірі қала болғаны көрінеді. Қала бір сәтте немесе бір-екі жылда салына қалмайтыны белгілі. Біздің ай­тарымыз, көптеген жылдар нә­тижесінде, тіпті ғасырлар бойы XIX ғасырдың аяғына қарай Жар­кент қаласына жиырма бес мыңнан аса адам біртіндеп қоныс тепкен, сөй­тіп ол қала болып қалыптасқан. Таш­кент, Самарқант, Шымкент, Жаңакент, Саудакент, Құмкент, Сүт­кент сияқты Жаркенттің де ерте за­мандағы Ұлы Жібек жолы бойын­да орналасқан көп ғасырлы тарихы бар ескі қала екенін оның аты да дә­лелдей түседі.

Дүйсен Жүнісов,
түрколог, зерттеуші

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.