ҚАЗАҚ-ЖАПОН ФИЛЬМІ ТҮСІРІЛІП ЖАТЫР
14.09.2018
908
0

Қыркүйектің 1-інде Алматы облысында қазақ-жапон бірлескен «Барымташылар» атты фильмнің түсірілімі басталып кетті. Фильмнің режиссерлері – Ерлан Нұрмұхамбетов (Қазақстан) және Лиса Такеба (Жапония). Ынтымақтастық туралы келісім осы жылғы мамыр айында Канн кинофестивалінде жасалған.

Экшн элементтері бар драмалық фильмде үлкен қаладан алыс­та тұратын адамдардың тағдыры баяндалады. Басты рөлдерде –жа­қында Канн кинофестивалінде «Үздік актриса» сыйлығын жеңіп алған қазақстандық Самал Еслямова, театр және кино актері Дулыға Ақмолда мен жапон актері Мирай Морияма. Жапон актері – отыздан астам фильмде ойнаған актер әрі биші. Ол аталған фильмде қазақтың рөлін ойнайды. Кинотуындыда қазақ жеріндегі оқиға баяндалатындықтан және түсірілімдер осында өтетіндіктен бюджеттің басым бөлігін Қазақстан тарабы көтереді. «Барым­та­шылар» келер жылы кинофестивальдерден көрінуі мүмкін.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір