«АЛМАТЫМ – АЯУЛЫМ» атты әдеби кеш өтеді
14.09.2018
870
0

Дәстүрлі іс-шара «Қала күніне» орай өткізіліп отыр. Мың жылдан аса тарихы бар Алматы қаласында қазақ әдебиетінің классиктері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің 40-50 жылдан аса тұрғанын, еңбек ет­кенін, тамаша туындыларын дүниеге әкелгенін білеміз. Жазу­шылар мен ақындардың ару Ал­матымен тығыз байланыста кеш­кен ғұмырларынан, қызықты де­ректерінен сыр шертіледі. Ақын­дар жырдан шашу шашып, ой бөліседі, оқырман сауалына жауап береді.
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 13 қыркүйек, сағат 15.00.
Кеш модераторы: Әділғазы ҚАЙЫРБЕКОВ, ақын, Халық­ара­лық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылым­да­рының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемо­риал­дық музей кешенінің жетек­шісі.
Кеш қонақтары:
Бауыржан ЖАҚЫП – ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Бас­қарма төрағасының орынбасары, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақстан Журналистика ака­демиясының академигі, фило­логия ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Рафаэль НИЯЗБЕК – ақын, «Түркі әлеміне қызметі үшін» ха­лық­аралық сыйлығының, Қа­зақ­стан Жазушылар одағы І.Жан­сүгіров атындағы сыйлықтың лау­реаты. Шешенстан Респуб­ли­ка­сының ең жоғары мемлекеттік «Ұлт намысы» ордені мен Шешен­стан мемлекеттік сыйлығының ие­гері.
Қатысатындар: Алматы об­лыс­тық «Өрлеу» педагогикалық қыз­меткерлердің біліктілігін арттыру инс­титутының тыңдаушылары, Рес­публикалық медицина коллед­жінің студенттері, ғалымдар, жазу­шылар, мұражай қызметкерлері.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, М.Төлебаев көшесі, 125 (Қарасай батыр көшесінің қиылысы)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір