«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
07.09.2018
1665
0

Республикалық «Жас Алаш» газеті, «Алтын қа­лам» қоры және Қазақстан Жазушылар одағы бір­лесіп, Алматы қалалық әкімдігінің ішкі сая­сат басқармасының қолдауымен қала прозасына ар­налған «ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық бай­қауын жариялайды. Қала прозасына арнал­ған байқау Қазақстанда тұңғыш рет өткелі отыр.

«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» прозалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты: Қазақ прозасында бір­лі-жарым шығармалар болмаса, қаланың күн­делікті тыныс-тіршілігі мен қала адамдарының ой­лау жүйесі, дүниетанымы мен мәдениеті, қа­зақ­тың қалаға бейімделуі – әлі күнге толық қам­тылмай келе жатқан тақырып.
Байқаудың негізгі мақсаты:
– соңғы жылдары жиі көтеріліп жүрген осы мә­селеге – қазақ әдебиетінің қала прозасы жан­рын дамытуға үлес қосу.
Байқаудың міндеті:
– жазушыларға шығармашылық қолдау көр­сету;
– қазақ прозасының тақырыптық ауқымын кеңейту;
– қазақ жазушыларын қала тақырыбын игеруге ынталандыру;
– бүгінгі заманғы қала келбеті мен тыныс-тір­шілігін әдеби шығармалар арқылы тарихта қалдыру.
Байқау шарттары: Байқауға қатысушылар әдебиет пен мәдениеттің орталығы – Алматының бү­гінгі тыныс-тіршілігі мен ондағы тұрғын­дар­дың қилы тағдырларын суреттеген прозалық шы­ғармаларын жолдай алады;
– Байқау, жалпы, қала прозасына арнал­ған­дық­тан, қала атының нақты аталуы шарт емес;
– Прозалық шығарманың көлеміне (әңгіме, повесть, роман) шектеу қойылмайды;
– Байқауға ұсынылған шығарма бұрын еш­қайда жарияланбаған болуы тиіс;
– Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
– Шығармалар 5 қыркүйектен бастап 30 қа­ра­шаға дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздарын елге белгілі әде­биет­шілер мен ақын-жазушылардан құрылған қа­зы­лар алқасы анықтайды. Байқауға ұсынылған шы­ғармаларды бағалау кезінде олардың: – көр­кемдік деңгейінің жоғары болуы; – қала прозасы жан­рына қойылатын талаптарға сай болуы; – қа­ла адамының психологиясы мен қала көрі­ніс­терінің сенімді суреттелуі; – әріптік және стиль­дік қателіктердің болмауы талап етіледі. Талапқа сай емес немесе көркемдік деңгейі төмен шы­ғар­малар іріктеуден өтпейді.
Байқауға ұсынылатын шығармалардың та­қырыптық ауқымы: байқау қатысушыларына та­қырыптық шектеу қойылмайды. Қала, урба­низа­ция, урбанистік мәдениет тақырыбына ар­нал­ған кез келген шығарма қабылданады. Со­ның ішінде: – қазақ пен қала; – Алматы – тәуел­сіздіктің алтын бесігі; – тарих толқы­нын­дағы қала; – бүгінгі қала тіршілігі; – қаладағы жас­тар өмірі; – қазақтың қалаға бейімделуі; – ур­банизация; – қала мәдениеті; – қазақ ұғы­мын­дағы қала мен шынайы өмірдегі қала («қала – қазаққа жау»; «қала – қазаққа жанашыр» т.б.); – қалада туып, қалада өскен адамдардың бей­несі; – ауылда туып, қалада өскен адамдардың бейнесі; – қылмысты қала (детектив) т.б.
Байқауға қатысу үшін: шығармалар ком­пью­терде теріліп, Times New Roman қарпі, 14 кегль өл­шемі бойынша (1 жоларалық өлшем) жазы­лып, электронды нұсқада тиісті мекенжайға жол­да­нады. Қатысушы аты-жөні, тұрғылықты ме­кенжайы, телефон нөмірі, электронды адресі, өмір­баяны мен шығармашылығы туралы қыс­қаша ақпаратты электронды нұсқада қоса жол­дауы тиіс.
«ҚАЗАҚ пен ҚАЛА» республикалық бай­қауының жүлде қоры:
1-орын – 1 миллион (1 000 000) теңге;
2-орын – 500 мың (500 000) теңге;
3-орын – 300 мың (300 000) теңге.
Арнайы сыйлықтар – 200 мың (200 000) теңге.
Ынталандыру сыйлықтары – 100 мың (100 000) теңге.
Қосымша ақпарат: Байқауды әділ түрде өткізу мақсатында барлық талаптарға сай жа­зыл­ған шығармаларды оқырмандар «Жас Алаш» газетінен оқи алады. Жоғарыда көрсетілген өл­шемге сәйкес, алты беттен аспайтын шығармалар газет бетіне, алты беттен асатын шығармалар га­зет сайтына жарияланып отырады. Бұл өз ке­зегінде қазылар алқасының әділ шешім шы­ғаруына және байқаудың ашық түрде өткізілуіне ықпал етеді. Байқау жеңімпаздары анықталған соң, байқауға қатыстырылған (газетте жариялан­ған) барлық шығармалар жинақталып, прозалық жинақ шығады.
Үміткерлер шығармаларын «Қазақ пен қала» бай­қауына қатысу үшін!» деген ескертпемен zhasalash2017@gmail.com электронды пош­тасына жолдайды.
Байқау қорытындысы марапаттау рәсімінде ға­на жарияланады. Марапаттау Тәуелсіздік күні қар­саңында Алматы қаласында өтеді (өзгерістер болса арнайы хабарланады). Байқау жеңімпаз­дары анықталған соң, авторлар жеке хабарлан­ды­рылады.

Мекен-жай: 050044, Алматы қаласы
Достық даң­ғылы, 97/Б үй, 7/3 кеңсе. Республикалық «Жас Алаш» газеті.
Телефондар:
қабылдау бөлімі – 8 (727) 346-89-54.
Электронды пошта:
zhasalash2017@gmail.com

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір