Әншілер мен композиторлардың назарына!
07.09.2018
1061
0

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жанынан ән мәтіндеріне сараптама жасайтын Көркемдік кеңес құрылды. Көркемдік кеңестің құрамына қазақтың белгілі ақындары кіріп отыр.

«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең», – дейді Абай. Ендеше, бесік жырынан бастап жоқтауға дейінгі өмірдің өзін әнсіз елестету мүмкін емес. Ән – ұлттық идеология, ұлттық рух, ұлттық құндылық.
Бүгінгі шырқалып жатқан әндердің біразының ұйқасын айтпағанда, мағынасының ұйпа-тұйпасы шығып жат­қандығы баршаға аян. Көр­кемдік кеңестің негізгі мақсаты да әннің естісін елеп, ессізін електен өткізіп, қазақ руха­ниятының тамырына қан жүгір­тіп, ұлттық идео­логия­мыздың жаңаша жаңғы­руындағы ұстынымызды ұстап қалу.
Көркемдік кеңес:
1. Абдрахман Асылбек
2. Исрайыл Сапарбай
3. Шөмішбай Сариев
4. Ұлықбек Есдәулет
5. Бекжан Әшірбаев
6. Бауыржан Жақып
7. Ғалым Жайлыбай
8. Қазыбек Иса
9. Жарас Сәрсек
10. Маралтай Райымбекұлы
11. Бақыт Беделхан
12. Әлібек Шегебай
13. Ақберен Елгезек
14. Алмат Исәділ
15. Бейбіт Сарыбай

Аға әдеби кеңесшілер:
1. Бекзат Смадияр
2. Нұртас Тұрғанбекұлы

Қосалқы құрам: (аймақтардағы ақындар)

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір