«ҚАМАР СҰЛУ» мен «БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛ» ТҮРІК ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІ
07.09.2018
2304
0

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Анкара қаласы Кечиөрен ауданының және Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің ұйытқы болуымен түрік тіліне аударылған қазақ жазушылары шығармаларының тұсаукесері өтті.

Салтанатты шараға Кечиөрен ауданының губернаторы Мұстафа Ак бастаған анкаралық делегация арнайы келді.Түрік тіліне аударылған туындылар мыналар: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы», Спандияр Көбеевтің «Қалыңмалы», Міржақып Дулаттың «Бақытсыз Жамалы», Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелігі», Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожасы». Игі іс өз жалғасын тауып, алдағы уақытта тағы бірнеше қазақ тіліндегі тарихи-әдеби шығарма түрік тілінде жарық көрмек.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір