РОБОТ МАШИНА ЖҮРГІЗІП, ЖАПОН ЖАЗУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН «ОҚИДЫ»
31.08.2018
845
0

Техниканың өрістеген мекені – Жапония мемлекетінде робот жүргізетін такси сынақтан өткізілуде. Бұндағы мақсат – 2020 жылғы Олимпиадаға дейін қаланы ерекше жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету.

Роботтандырылған таңғажайып таксиді жер­гілікті компания жасап шығарған. Сарап­шы­лар­дың пікірінше жүргізушілерді жансыз роботқа алмастырудың бірнеше артықшылық­тары бар. Яғни, ең әуелі Олимпиаданы тамашалау мақса­тын­да әлемнің түкпір-түкпірінен келетін турис­терді тасымалдау оңайға түссе, екінші бір артық­шылығы, бұндай таксидің бағасы да қолже­тімді бол­мақ.
Бастапқы кезеңде такси күніне төрт рейс жа­сайды және роботтың істен шықпауын қадағалап отыратын арнайы жүргізушілер тізгінде болады деп күтілуде. Бір таңқаларлығы таңғажайып робот жолаушыларға жапон жазушыларының шы­ғар­мала­рынан үзінділер «оқып» беріп, мәнді-мағы­налы әңгімелер айтатын көрінеді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір