ОТАР ЕЛДЕ ТУЫП, ОКСФОРДТА ОҚЫҒАН ҚАЛАМГЕР ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
24.08.2018
1036
0

Қаламгердің қазасы әдебиет әлеміндегі жандарға ортақ қайғы болса керек. Оның үстіне «Мистер Бисвасқа арналған үй», «Мистер Стоун және «Рыцырлар мен нөкерлер» сияқты белгілі романдардың авторы В.С.Найпол сияқты жазушының бұ дүниеден қайтқанына біздің әдеби орта, тіпті, бейжай қарай алмайды деп білеміз.

Видиадхар Сураджпрасад Найпол – әдебиет бойынша Нобель сыйлығының сахибы. Ататегі үнділік В.С. Найпол ұзақ жасап, 86 жасында қайтыс болды. Оны оқырман қауым Британ жазушысы ретінде білді. Өйткені Видиадхар Сураджпрасад шығармаларын ағылшын тілінде жазды. Видиадхар Сураджпрасад дүниеге келген Тринидад – Тобаго аралы бір кездері ағылшындардың отары болған еді. Отар елде туып өскен жігіт кейін талаптанып Оксфорд университетінде оқып білім алады да, тұманды Альбионда қалып қояды. Бірақ, Найпол жарықтық балалық шағы өткен аралына, аралдағы туыстарына үзбей барып тұрыпты. Найполдың жершілдігін, аралдағы еліне деген таусылып бітпеген сағынышын жесірі Нәдира айтып отыр. «Найпол шығармашылық шабытқа толы ғажап өмір сүрді», – дейді Нәдира. Нәдира – ағылшын әйел. Найполға тұрмысқа шықпай тұрған кездегі есім-сойы басқа болса керек.
Видиадхар Сураджпрасад Найпол 30-дан астам кітап жазып кетті. Оның ішінде «Өзен иірімдері», «Түнек басқан аймақ» атты шығармалары бойынша кино-фильмдер жарық көрді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір