Алғашқы амфитеатр – Ақтауда

0
11 қаралды

Ақтауда ашық аспан астында амфитеатр ашылды. Әрқайсысы 9 метрлік 19 бағаналы театрдың заманауи үлгідегі көпфункционалды сахнасының ұзындығы 70 метр. Ол 15 шағынаудандағы ұзындығы 1 км 750 метр жағалауда орналасқан.

Қазақстанда баламасы жоқ театрдың ашылуына Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысып, жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
«Бұл Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елбасының қолдауымен, халықтың қалауымен ел игілігіне арналып салынған, халқымызға рухани жол көрсететін үлкен нысан деп санаймын. Теңіз жағасы абаттандырылып, жолдар салынып, көшелерде шамдар жарқырай түсті, көп құрылыстар мен нысандар бой көтерді. Халық демалатын орындар пайда болды», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Амфитеатр заманауи жарық «Led-панель» техникасымен қамтылған. Мұнда бір мезетте 1000 өнерпаз өнер көрсете алады. Олардың өнерін 25 мың көрермен тамашалайды. Амфитеатрда фестиваль, концерт пен түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады. Сахна астында техникалық қызметкерлер мен әртістерге арналған бөлмелер бар. Сондай-ақ, мұнда арнайы пандустар орнатылған.
Жаңа жағалауда 4 тынығатын орын (ротонда), 4 балалар алаңы бар. Оның біреуі воркаутпен айналысып, жаттығуға арналған орын. Балалар алаңының жанына тұрғындардың тынығуына арналған орындықтар мен төрт шатыр қойылады. Құрылысқа 500 адам жұмыл­дырыл­ды. Қыркүйек айының соңына дейін тағы 17 мың шаршы метр кеспе тастар төселеді деп жоспар­лануда.
Амфитеатрдың салтанатты ашылу рәсімінде театрландырылған қойылым қойылып, аймақ өнер­паздары ән айтып, би биледі.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.