КЕНЕН ФИЛАРМОНИЯСЫ
17.08.2018
1441
0

1993 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 10-бабы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, Жамбыл облыстық филармониясына ақын-сазгер Кенен Әзірбаевтың есімі берілді.

Кенен Әзірбаев (1884-1976) – қазақтың халық ақыны, әнші, композитор, Жетісу ән мектебінің көр­некті өкілі. Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Мә­тібұлақ ауылында дүниеге келген. Оның «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли ба­тыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез», «Бұрынғы өт­кен батырлар», «Жалғыз қаз», «Жамбыл – жыр» ат­ты толғау, дастандары бар. Екі мәрте Ленин ордені, Ең­бек Қызыл Ту, екі мәрте «Құрмет Белгісі» орден­де­рімен және көптеген медальдармен марапатталған. Жам­был облысындағы Кенен Әзірбаев ұзақ жыл өмір сүр­ген елді мекен қазір Кенен ауылы деп аталады. Онда Әзір­баев мұражайы жұмыс істейді. Кенен Әзірбаев ар­тына өлмес мұра қалдырып, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани асыл қазынасын кейінгі ұр­паққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір