«Қазақфильм» туындылары Түркияда көрсетілмек

0
86 қаралды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына түркиялық «TRT» телерадиокомпаниясының Астанадағы өкілдігінің директоры Абдулхамит Авшар келді. Кездесуде Абдулхамит мырза корпорация басшылығының киностудияның картиналарын түрік телеарнасында көрсетуге ниетті екенін білдірді.

«TRT» телерадио­кор­по­ра­ция­сы – бірнеше радиостанциялардың не­гізінде 1964 жылы құрылған. Бү­­­­гінгі таңда корпорацияға он­да­ған халықаралық және аймақтық те­ле және радиоарналар кіреді. Бұл компанияның радио және те­леарналары әлемнің бірнеше тіл­дерінде жүреді. Көптеген елде өкіл­дігі бар корпорацияның бө­лім­шесі Қазақстанда да ашылған.
– Біздің корпорацияға тиесілі «TRT Avaz» телеарнасы апта­сы­на бір рет түркітілдес елдердің ки­ноларын көрсетуді жоспарлап отыр. Осы орайда, біз «Қазақ­фи­льм­ге» келдік, бұл киностудия Қа­зақстандағы басты және түрлі жанрдағы сапалы кино өндіруші ны­сан. Қазір біз осы студияның фи­льм­дерімен танысып, қазақ хал­қының тарихы мен мәдениетін көр­сететін туындыларды таңдап алу­ды жоспарлап отырмыз, – деді Абдулхамит Авшар.
«Қазақфильм» кинос­ту­дия­сы­ның аудиовизуалды жобалар бас­шы­сы Олжабай Мұсабеков ки­нос­тудия өндірген фильмдер ка­­­­талогын беруге дайын екенін ай­тып, «2009 жылға дейін түсі­ріл­ген фильмдер пленкада сақталған. Алайда Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының көме­гі­мен сандық жүйеге өткіздік. Ескі жә­не жаңа фильмдерді сіздерге қа­жетті форматта беруге дайын­быз», – деді
Кездесу барысында түркиялық қо­наққа киностудия бойынша экс­курсия жүргізіліп, «Қазақфи­льм­­нің» киноөндірістік мүм­кін­ші­лігі және техникалық жабдығы та­ныстырылды.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.