Ертегісі жоқ елдің ертеңі де жоқ

0
110 қаралды

Өнерді адамзаттың шексіз қиялы жасап келеді. Әдебиетке деген кіріспе ертегіден басталады.

Фольклордың жанашырлары мен сақтаушылары: ана мен бала. Осы екі топ арқылы біздің ауыз әде­бие­ті сақталып келеді. «Туғанда дү­ние есігін ашады өлең» деп Абай ха­кім айтпақшы, бесік жырының түр­лі нұсқаларынан көшпелі тұр­мыс кешкен халықтың арман-мұ­раты мен болмысын ап-айқын анық­тап алуға болады. Мәселен, орыс халқының бесік жырларында қас­қырдан сақтану мен аюға қарсы ай­бат таныту мотиві жиі ұшы­ра­са­ды. Ал, басынан жаугершілік дәуір­лер­ді көп өткерген қазақ халқының ба­ла жұбатуы «Батыр болар ма екен­сің» деген мотив төңірегінде өр­биді. «Жілік шағып беру», «Атқа то­қым жабу» сынды тармақтар да ха­лықтың тұрмысынан ақпар бе­ре­ді. Өзге де жанр секілді бесік жыры да уақыт пен кеңістікке байланысты өзгеріске ұшырайды. Классикалық әдебиеттің бесік жыры қалай екенін зер­делеу керек.
Бұл күнде балалар әдебиетінің кен­же қалып бара жатқанын жиі ай­тамыз. «Бесік тербеткен» ақын­дар­ға фольклордың осы бір тамаша жанрына да көз қырларыңызды са­ла жүрсеңіздер деген өтініш айт­қым келеді. Халық прозасының көр­кемделген, дамыған көлемді жан­рының бірі – ертегілер. Ертегісі жоқ елдің, ертедегі (тарихи) өмірі де жоқ деген сөз. Қиялды мақсатты түрде пайдаланатын фольклор­дың бұл жанрынан шөл қандыра алған қаламгерден ғана фантасти­ка­да жолы болған жазушы шықпақ. Көр­кем әдебиет жасау мәселесінен бө­лек, бүгінгі бала оқырман қандай ер­тегі оқып жүр? Осы сұрақ төңі­ре­гінде ойланып көрген ләзім. Әлем халық ертегілерінің жауһарларымен баланың таныс болғаны дұрыс. Бұл – әдебиетке деген сүйіспеншілікті оя­татын алғашқы баспалдақ бол­мақ. Адамзат қиялының әлемдік дең­гейдегі мүмкіндіктерімен та­ныс­қан балаға сүйсініп қарауға бейіл­ді болармыз. Дегенмен, сөз­қақпада (кіріспеде) халықтың өмір танымы мен тұрмысы хақындағы пі­кірді ортаға бекер тастаған жоқ­пыз. Өйткені қалалық өмірге бейім­дел­ген көшпелінің ұрпағы өзіне ғана тән қиялдау ерекшелігі мен болмы­сы­нан айрылып қалмауы тиіс. Қиял­дың өзін былай ысырғанда (әсілінде, ысыруға болмайды), қа­зақтың тарихы мен әдебиетін, мә­дениетін, болмысын қалалық тұр­мыс көріп өсіп келе жатқан бала қа­лай түсінеді? Ертегі – әлемге қа­зақ болып қарауды үйрететін екін­ші саты (біріншісі – бесік жы­ры). Тіл мен діл мәселесі төңі­ре­гін­дегі мәселе осы жанрды бойына сіңі­ре алған ұрпағың болса, осы күн­ге дейін шешімін тауып қалар ма еді, қайтер еді?.. Алайда, өткен дәуірде қазақ ертегілеріне айтар­лық­тай редакциялық жұмыс жасал­ғанын ескеру керек. Біздің өзімізге саф күйінде жетпеген, идеоло­гия­лық сүзгіден өткен ертегілерге қай­та зер салатын уақыт жетті. Әсіресе, ға­ламторға ертегі мәтіндерін салар кез­де ескеретін дүние көп. Айталық «Бір үзім нан» деп аталатын қысқа ға­на ертегі бар. Сол ертегіге ден қоя оқиық­шы:
«Баяғы бір заманда бай мен ке­дей көрші өмір сүріпті. Олардың араз­дығы сондай, бірін-бірі көргісі кел­мейді екен. Байдың үйі кең, әде­мі болыпты. Іші толған – алтын мен кү­міс. Ал кедейдің үйі ағаштан жа­сал­ған, төбесін бұтамен жапқан қо­ра екен. Алтын мен күміс түгілі, на­нын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті. Бір жылы көктемде ала­пат су тасқыны болады. Бай ал­ты­нын көтеріп ағаштың басына шы­ғып кетеді. Ал кедей болса, бір көм­­беш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылыпты… Бір күні қарны ашқан бай кедейге:
– Әй, кедей, сен мына бір кесек ал­тынды ал да, маған бір үзім нан бер, – дейді.
– Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, – деп жауап бе­реді кедей. Екінші күні бай ке­дей­ден тағы да нан сұрайды.
– Ал­ты­нымның жартысын берейін, – дейді ол бұл жолы.
– Жоқ, бере ал­­­маймын, – деп бұл жолы да кедей ке­ліс­пейді. Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбас­тай­тынын айтады. Кедей бәрібір көн­бейді. Бойынан күші кеткен бай ба­сы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаш­тың басынан түседі. Халықтың: «Ал­тын, күміс – тас екен, арпа, би­дай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен».
Бір қарағанда бұл ертегі алтын мен күмісті мақсат тұтпай, адам­гер­шілікті алдыға қой дегенді мең­зей­тін секілді. Бірақ, қойнына тыққан көмбе нанынан басқа түгі жоқ ке­дейдің бойынан адами болмысты, кі­сілікті тауып беріңізші. Бай тас­қын суға құлап, ағып өледі. Келесі кү­ні су тоқтайды. Кедей ағаштан тү­седі. Сонда кейіпкердің жеткен мұ­раты тірі қалу ғана ма? Неге ол өзін де, байды да аман алып қалуға әре­кет етпеді? Соншалықты байға де­ген неқылған өшпенділік бұл? Өт­кен ғасырдың идеологиясына сүйенер болсақ, бай өлуге тиіс бо­латын. Себебі: ол сараң, ол ақымақ. Бай­лық біткеннің барлығы жаман адам. Бірақ, бұл ғасырдың баласы «Бір үзім нан» дейтін ертегіңізді қа­былдай алмайды. Енді ғана қа­лып­тасып келе жатқан балаға ке­дей­дікі дұрыс деп ертегіні өткі­зер­сіз, әйтсе де, сіз еркін ойлау ба­­­лансын бұзасыз. Бұл ертегінің бүгінгі адамдардың қабылдауына келмейтін қисынсыздығын балаға оқып отырғанымда байқадым. Тың­даушым «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» деген соңғы түйін­ге назар да аудармады. Бұл тұс­қа «екпінді еңбек» ететін «ша­руа­ның» балалары бір уақыттары аса қатты мән берген болар. Ер­те­гі­нің соған ыңғайланып редакция­лан­ғаны да түсінікті ғой. Ал, бүгінгі ба­ла түнгі ұйқыға бас қоярының ал­дында байға қатты жаны ашыды да, «кедей адамға рахымы жоқ бол­ған соң, кедей болып жүрген екен ғой. Біреуді өлтіріп алып, енді қа­лай жақсы өмір сүрмекші?» – деген сұрақ қойды. «Ол өлтірген жоқ қой», – дедім мен қарсыласқан сыңай танытып. «Бәрібір оның қо­лын­да адамды құтқарып қалу мүм­кіндігі болып еді», – деп теріс қара­ды. Ал балаға ұйықтар алдында осын­дай көңілсіздеу ертегі оқып бер­ген мен қандай күй кешуім ке­рек еді?
Тағы бір ертегіге тоқталайық. Ертегінің қысқа ғана фабуласын берсек дегенбіз, бірақ, түсініксіз бо­лып қалады. Сондықтан мәтінге то­­лық тоқталғанды жөн көрдік.
«Бір қотыр торғай шеңгелге қо­нып отырса, қотырының қат­пар­лан­ған аузын шеңгелдің тікенегі сы­дырып кетіпті. Торғай ашуланып:
– Қап, бәлем, сені ешкіге айт­пасам! — деп, ешкіге келіп:
– Ешкі, ешкі, ана шеңгелдің сыл­дырмағын неге жемейсің? Ешкі:
– Оны жемек түгіл, өзім лақтай ал­май жатырмын. Торғай:
– Қап, бәлем, қасқырға айт­па­сам!
– Қасқыр, қасқыр, ана ешкіні не­ге жемейсің? Қасқыр:
– Оны жемек түгіл, өзім байдың жа­бағысын жеп, тауыса алмай жа­тыр­мын. Торғай:
– Қап, бәлем, сені жылқышыға айт­пасам!
– Жылқышы, жылқышы, ана қас­қырды неге ұрып алмайсың? Жыл­қышы:
– Оны ұрып алмақ түгіл, өзім ұй­қым қанбай жүр. Торғай:
– Қап, бәлем, сені байға айтпа­сам!
– Бай, бай, ана жылқышыңды не­ге ұрмайсың? Бай:
– Оны ұрмақ түгіл, өзім қос­пам­ды түгесе алмай жатырмын. Торғай:
– Қап, бәлем, сені тышқанға айт­пасам!
– Тышқан, тышқан, байдың қос­пасын неге жемейсің? Тышқан:
– Оны жемек түгіл, өзім інімді қа­за алмай жатырмын. Торғай:
– Қап, бәлем, сені балаларға айт­пасам!
– Балалар, балалар, ана тыш­қан­ды неге ұрып алмайсыңдар? Ба­лалар:
– Оны ұрмақ түгіл, өзіміз асы­ғы­мызды ойнай алмай жатырмыз. Торғай:
– Қап, бәлем, сендерді кемпірге айт­пасам!
– Кемпір, кемпір, ана бала­лар­ды неге ұрмайсың? Кемпір:
– Оларды ұрмақ түгіл, өзім жү­нім­ді сабай алмай жатырмын. Тор­ғай:
– Қап, бәлем, сені құйынға айт­па­сам!
– Құйын, құйын, кемпірдің жү­нін неге ұшырмайсың?
Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшыр­ды, кемпір келіп балаларды ұрды; балалар тышқанды ұрып жі­берді; тышқан байдың қоспасын тес­ті, бай жылқышыны ұрды; жыл­қышы қасқырды ұрып алды; қас­қыр ешкіні жеді; ешкі шеңгелдің сыл­дырмағын жеді. Сөйтіп, қотыр тор­ғай өшін алды».
Енді ертегінің қорытынды бө­лігіне зер салыңыз. Қасқыр жеп қойған ешкі шеңгелді қалай жейді? «Ешкі жоқ қой», – деп тыңдаушым тағы шошытты. Әдемі мәнерге салып оқып отырған енді менің көңіл-күйім бұзылды. Кітап менің балалығымның мұрасы болатын. Өзім осы ертегілерді естіп өскенмін. 1985 жылы Е. Өтетілеуовтың редак­тор­лығымен шыққан. Сайттар бұл ер­тегідегі қатені байқап па деп тек­серіп көрдім. Қасқыр ешкіні жеп қойғандықтан, торғай шеңгелден өшін ала алмапты деп өзгерткен сайт­тар бар екен. Қаз-қалпында, кітап­тікі құп деп сала салғандары да жоқ емес. 1998 жылы «Жазушы» бас­пасынан 6 томдық Қазақ ерте­гілерінің жинағы шыққан. Үйде бала болған соң, бұл томдықтардың төрде тұруы – заңдылық! Бірақ баланы мейірімділік пен ізгілікке тәр­биелеп, сосын сөзқақпадағы мотивтерді де қамтығың-ақ келеді. Бірақ тоқалдан зәлімдік көрген балалар, байдан қорлық көрген ке­дейлер туралы ертегіге ұрына бе­ресің. Тіпті, «Өгей шешенің зұлым­ды­ғы» деген ертегі бар. Ұзақ ерте­гі. Үзін­ді келтірейін: «Қыз байғұс әке­сінің қатынына сойып беретұ­ғынын білмей, інісін тастап кетеді. Қыз кеткен соң, әкесі баласын қа­ты­нына сойып береді. Қатын бала­ның етін жеп болады да, сүйегінің бәрін жуып, бір жерге қояды». Дү­ниеде өгейлік деген ұғым бар екенін түсіндіру үшін бұл ертегіні оқып беруге бола ма? Ал, мен әлі қалып­тас­паған баланың психикасын бұз­баған жөн деп есептеймін.
Әлемдік әдебиетте миф пен фан­­тастика туралы әңгіме өрбіту трен­ді басталды. Олай болуы – заңды құбылыс. Өнерді адамзаттың шексіз қиялы жасап келеді. Әде­биет­ке деген кіріспе ертегіден бас­та­лады. Қиялы жүйрік елдің ғылы­мында нәтиже болмақ. Фантастика жанры бойыншы алдыға шыққан жапон әдебиетшілері бұл жанрдың осыншалық дамуына қолданбалы ғылым саласындағы жетісіктер әсер еткенін ашық түрде айтады. Адам алдымен «шіркін, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алатын си­қырлы затым болса», деп қиял­дайды. Сосын ол қиялды жүзеге асыратын тетіктерді іздей бастайды. Біздің мемлекеттік мақсаттардың «аспаны» асқақ. Ғарыш державасы болғымыз келетіні бар. Ендеше, ба­лаңыз аспан әлеміне саяхат жасай алатындай қиялшыл болуы керек. Жазушыңыз осы қиялға қанат біті­ріп, кешегі ұлттық қиял мен бүгін­гі қазақтың асқақ мұратының ара­сын­да жаңа бір ертегілер әлемін жа­сауы керек. Балалар әлемі мен ер­тегі әлемі қолды сілтей салатын дү­ние емес. Жас оқырманы, бала оқыр­маны жоқ әдебиеттің, көзіқа­рақты кемел оқырманы да жоқ. Осы­ны әркез ескере жүрейік.

Ескерту: Мақаладағы суреттер бү­гінгі анимациялық фильмдердегі кө­ріністерден алынды.

Айнұр ТӨЛЕУ,
әдебиеттанушы

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.