ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ ҚЫРҒЫЗ ЕЛІНДЕ
13.08.2018
1446
0

Бішкектегі Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық сурет өнер музейінде қазақстандық суретші Құттыбек Жақыптың көрмесі өтеді. Аталған көрме Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналмақ.


Құттыбек Тыныбекұлы Оңтүстік Қа­зақстан облысы Төле би ауданы Ақ­құм ауылының тумасы. 1987 жылдан бастап КСРО Суретшілер одағының мүшесі. «Атамекен» атты гобеленін 2015 жылы Елбасы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға сыйлаған.
Биыл жазушы Шыңғыс Айтматов­тың 90 жылдығы Қазақстан Суретшілер одағының 85 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. ҚР Суретшілер одағының жау­апты хатшысы әрі өнертану ғылым­дарының кандидаты Жамбыл Натбаев­тың айтуынша, көрші бауырларымызбен мәдени байланысты нығайту мақса­тында Бішкекте үлкен көрме өткізіліп жатыр. Еліміздің атынан суретші Құт­ты­бек Жақып көрмеге қатысады. Су­ретшінің «Ұлы дала әуені» атты көрмесі 7 тамыз күні басталады. Оны қолдауға Шымкенттен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық кітапхана келіп, өздерінің соңғы шыққан кітаптарының көрмесін ұйымдастырмақ. Сонымен қатар, осы қаланың филормония әншілері де қолдау ретінде өз өнерлерін көрсетеді.
Қылқалам шеберінің еңбектері Мәс­кеу қаласындағы Шығыс мемле­кет­тік музейінде, Түркіменстан бей­нелеу өнері музейінде, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тұңғыш Президенті му­зейін­де, Түркия мемлекеттік өнер жә­не мүсін музейінде, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлтық музейінде сақтаулы. Сонымен қатар Қазақстан Респу­б­ли­касы Тәуелсіздік сарайы және Қазақс­тан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Көркемсурет көрмелер дирекциясында, Атырау облыстық тарихи өлкетану музейінде, ТМД және шетел галереяларының мен­шігінде де орын алған.
Сондай-ақ, Арал қаласындағы «Арал» кинотеатрының хас бетіндегі «Арал елі» монументальды мозаикалық шы­ғар­масының авторы. Оңтүстік Қазақс­тан облысы, Ленгір қаласындағы жо­л­ау­­шыларды тасымалдау мекемесінде «Автомобилист» монументальды қол­таң­балы безендіру жұмысын орындаған. Шымкент қаласындағы «Қапал Батыр» ескерткішінің авторлық жобалау тобы­ның мүшесі.
Қазақстанның қолданбалы өнеріне сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Рес­пу­бли­касы Мәдениет қайраткері» төс белгісімен, «Оңтүстік Қазақстан облы­сы­на сіңірген еңбегі үшін» медалімен, Қа­зақс­тан Республикасы Президенті жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалі­мен, Қазақстан Республикасы Суретші­лер Одағының «Үздік шығармашылығы үшін» медалімен, Евразия Дизайнерлер одағының «Дизайнының өркендеуіне еңбек сіңгіргені үшін» медалімен мара­пат­­талған. Елімізде суретшінің «Жаң­ғы­рық», «Ғасырлар үні», «Дала аңызы» атты жеке шығармашылық көрмелері өткен.

Аяулы ҚУАНЫШ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір