Жәнібек Кәрменов – Нартұлға
13.08.2018
1644
0

Жуырда Астанадағы «Фолиант» баспасынан жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек Кәрменов» деп аталатын деректі кітабы жарық көрді. «Нартұлға» сериясымен жарық көрген кітапта әйгілі әнші, белгілі қаламгердің өмірі мен шығармашылығы нақты деректермен жан-жақты қамтылған. Кешегі кеңес заманында өзінің дара дарынымен дәстүрлі ән өнерінің көгінде қалықтап, халқының жүрегінен орын алған талант иесі жайында жазылған кітаптың өз оқырманын табатындығына күмән жоқ.


Бұған дейін автордың «Жәнібек ән салады…» атты пьесасын Семейдегі Абай атын­дағы сазды драма театры сахналаған болатын. Жуырда сол пьеса жергілікті кәсіпкер Қай­рат Тайтөлеуовтың демеушілігімен әншінің елі Қарауыл ауылында қойылды. Жаңа спек­такль премьерасын қарауылдықтар жылы қабылдады. Жаңа кітаптың тұсауы да осын­да кесілді. Қос туындының авторы Дәулет Сейсенұлын ел-жұрты құрметпен қар­сы алып, сый-сияпат көрсетті.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір