СҮБЕДЕЙ

0
81 қаралды

Сүбедей өмірбаянындағы оқиғалармен келіспеушілік туралы мәселелерге байланысты жазбалар.


Сүбедей өмірбаянында кездесетін даулы мә­селелер ғылыми зерттеусіз және талдаусыз, мәселе күйінде қала бермек.
Сүбедейдің шығу тегі туралы айтатын бол­сақ, оның шығу тегі бойынша екі генеология бар екенін естен шығармаған жөн. Шығу тегі туралы ғажайып аңыздарға сүйенсек, ол ұста Чжарчиудаяның ұлы мен Чжэлмэнің ағасы деп ата­лады [4,44]. Монғолдардың Маңызды аңыз­да­рының мәтінінде ол Чаурхан-Субэдэй деп, бі­рақ, біздің ойымызша бұл екі Джэлмэ ағайын­дылардың есімдері: Чаурхан мен Сүбедей [9,101] [8,105]. 1206 жылы Джэлмэ, Чаурхан (Чаурхай) мен Сүбедей мыңыншылар ретінде аталған. Юань Ши бойынша: Сүбедей «монғол урянхайларынан» шыққан, Хулухура деген ағасы бар, олардың әкесі Хабал, атасы Хачиун, арғы атасы Бохудук болған, бірақ оны көбі Чжэ­лима (Джэлмэ) деген лақап атымен атаған. Бо­худуктың әкесі Нельбе [2,225-226]. Бірақ бұ­ның ішінде Юань Ши бойынша, Хулухур най­мандармен соғыста жүзбасы болған, әуел бас­та Сүбедей Шыңғысханның гвардиясында қыз­мет етіп, ал кейін жүзбасы болған [2,226]. Р.П.Храпачевский жазғандай: Сүбедейдің шығу тегі Маңызды Аңыздағы Чжэльмэнің айт­қанымен мүлдем сәйкес келмейді. Олар Сү­бедеймен тек алыс туыстар болғаны анық. Ал Чжэльмэ мен Сүбедей есімдері бұл обок үшін жай дәстүрлі болған, әсіресе атышулы Чжэ­льмэ есіміне қатысты [2,287]. В.А.Злы­­­гостев генео­ло­гия туралы екі фактіні түсіндіре отырып, Сү­бе­дейдің Джэлмэ және Хулухур есімді аға­лары­ның бар екенін айтып, екі генеологияның бір жағынан дұрыс екенін жазады [1,28].
Бір таңқаларлығы, Юань Шиде Сүбедей өмірі туралы бір-бірін толықтыратын екі жаз­ба­ның болуы [2,225-233] [2,241-242].
Рашид ад-Диннің урянкаттар туралы әң­гі­­ме­сінде Сүбедей туралы (екі түрлі адам ту­ра­лы айтылғандай) екі рет айтылған: «Шың­ғыс­хан заманында бұл урянкат тайпасының үлкен әмірі Джэлмэ-Ухэ болды. Ухэ мағынасы «дөре­кі адам» батыр және қарақшыны» білдіреді. Ол осындай қасиеттерге ие болып, осылай аталды. Ол сол екі-үш әмірден басқа жоғары ешкім тұр­май­тын заманда өмір сүрді. Ол Шыңғысхан за­манында қайтыс болды. Оның екі ұлы болды: Есу-Бука-тайшы есімді ұлы әкесінің орнына ие болып, сол жақ қанаттағы әмірлерге тиесілі бол­ды, екіншісі Есун-Бука-тарки [хазарэ] он­мың­дыққа ие болып, оң жақ қағанатты ием­денді. Сүбедей бахадур да осы тайпаға кірді. Оның ұлдарының бірі – Тимур-Бука-[баурчи]; Тимур-Букидің ұлдары: Байтмыш, Күнджек және Кутлуг-хожа» [7,157-158].
Орман урянкаттары туралы әңгімелерінен кейін Рашид ад-Дин былай жазды: «Бұл Удачи тұ­қымы негізінде қарапайым құлдар, яғни қыз­дарын басқаларға бермейді және өздері жат ел­дің қыздарын алмайды». Джэбэ ноянмен бір­ге Иранға келген Әмір Сүбедей-бахадүр де урянкат тайпасынан шыққан. Оның Кукуджу есімді оң қағанаттың әмірі болған ұлы бар. Ол Сүбедейден кейін әкесінің орнын иеленді. Оның Урянкатай есімді тағы бір ұлы бар. Мен­гу каан заманында ол бас әскери қолбасшы бол­ды [лашкаркаш-және бузург]» [7,159].
Әрі қарай 1229 жылы Кокошай мен Сүбе­дей­дің (Қыпшақты, Саксинді, Бұлғарды жау­лап алу үшін) батысқа бастаған жорығы қа­ра­ма-қайшы факті болып отыр [5,86-87]. Әуел бас­та біз Кокошаяны Куки киятпен теңес­тір­ген­біз [9,109] [8,111]. Бірақ, бұл жерде негізгі қарма-қайшылық мынау болып отыр: 1229 жылы Сүбедей Қыпшақ, Саксин, Бұлғарға қар­сы жіберілді, бірақ 1230-1231 жылдары ол Қы­таймен соғысуда [10,344-345]. Үгедейдің таққа отыруынан кейін, Сүбедей Тумегань ханшайымға үйленеді және оның 1229 жылы ба­тыс жорығына қатысуы туралы Юань Шиде еш­теңе айтылмаған [2,229-230]. Керісінше Юань Ши бойынша 1229 жылы Сүбедей үй­лен­ген соң Қытайдағы соғысқа қатысқан. Р.П.Храпачевский Сүбедейдің 1229 жылы қып­шақ жорығына қатысқанын жазғанымен, алай­да оның Қытайға қалай тез жеткенін түсін­дірмейді [10,339-340]. В.А.Злыгостев 1229 жы­лы Сүбедейдің Қыпшақ, Саксин және Бұл­ғарға жіберілгенімен келіседі де, [1,198], бірақ Қы­тайға келесі жылы оның шақырылғандығын жа­зады [1, 209]. Қарама-қайшылықсыз нұс­қасын табуға әрекеттенген Т.Т.Оллсен екі де­рек­ті келтіре отырып, Кокошаймен бірге Су­нитайдың жіберілгенін жазады. 1.Юань Ши 1229-1232 жылдардағы Сүбедейдің қатысуымен Қы­тайда. 2.Джувейнидегі жазбалары мен Ра­шид ад — Диннің кейбір көшірмелерінде Су­натай [6,356]. Араб графикасында Н мен
Б әріп­терін (диакритикалық белгілерден айыр­машылығы) оңай шатыстырып алуға бола­тынын бұл жерде айта кеткен жөн. Мысалы, Муизз ал Ансабта Нукай (Ногай) Букы деп аталған [3,42]. Осылайша, бізге Дж.Бойлдың түзетулері негіз сияқты болып отыр. Оның үс­тіне аталған Сунитайдың өмірбаянын ескерген жөн. Оның Шағатайдың әмірі болған, Сунит тай­пасынан шыққан Шағатай кучук деп атал­ғаны мәлім. Муизз ал Ансабта жазғандай, оның есіміне Шағатай қазасынан кейін тыйым са­лынып, Сунитай есіміне алмастырылды [3,47]. Сол себепті ол 1240 жылдары ғана Суни­тай атанды, ал 1229 жылы Шағатай күшік атал­ған кезде ол ешқандай Сунитай бола алмас еді. Сонымен, 1229 жылы Батыс жорығына Сү­бедей жіберілді (оның екінші позицияда ай­тылуы Кокошайдың қол астында болған­ды­ғымен түсіндіріледі). Монғолдардың Маңызды аңыз­дарында 1235 жылы Сүбедейге көмекке әс­кер жіберілгені айтылады [2,309]. Бұл жағ­дайды одан сайын шырмай түседі. Егер барлық деректерге сенетін болсақ, 1229 жылы Сүбедей Батысқа жіберілген, бірақ бірден Қытайға ша­қырылып, содан кейін қайтадан Батысқа жі­бері­ліпті, оған 1235-36 жж. көмекке «үлкен ұлда­рын» жіберілгені шығады.
Егер барлық деректерді қарастыратын бол­сақ, Р.П.Храпачевский айтқандай урянкат ұр­пағынан екі Сүбедейдің болғандығы туралы не­гізделген пікір қалыптасады.
Сонымен, жоғарыда айтылғандардың не­гізінде, біз екі Сүбедейдің болғандығын айта ала­мыз. Монғолдардың Батысқа жорығына қа­­тысқан Хабаланың ұлы Сүбедейдің атағы, Қы­тайдағы әскери әрекеттерімен танылған, 1206 жылы мыңбасы болған, Желменің бауыры Сүбедейге қарағанда кеңірек танымал.

Жақсылық СӘБИТОВ

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.