БАРАН, ҚҰЛА, ҚҰЛАГЕР
06.08.2018
2928
0

Жылқының түсі денесіндегі түгінің, сондай-ақ жалы мен құйрығының түсіне байланысты. Аттың түсі кейде жас шамасына да байланысты болады. Мысалы, сұр түсті аттар бастапқыда баран, торы немесе жирен болуы мүмкін.


Терінің және жүнінің түсі бір түсті болса, ондай аттарды тез анықтап, есте сақтап қалуға бо­ла­ды. Жылқылардың негізінен мы­надай түрлері кездеседі:
Баран – бүкіл денесі, басы, ая­ғы, жалы мен құйрығы қара;
Жирен – бүкіл денесі, басы, ая­ғы, жалы мен құйрығы жи­рен;
Құла – бүкіл денесі, басы, құй­рығы мен жалы құла, көп жағ­дайда қара бояулары басым;
Аққұла – бүкіл денесі, басы мен аяғы ақшылт шағылады, ал жа­лы мен құйрығы да сондай не­месе ақ түсті.

Екі түстілерге мыналар кі­ре­ді:

Торы – бүкіл денесі мен ба­сы қоңыр, құйрығы мен ая­ғы­ның алдыңғы жақтары қара;
Қарагер – денесі, басы мен ая­ғы қара түсті жылқылар­ды­кін­дей қара, маңдайлығында, кө­зі мен танауының айнал­а­сын­да, шабы мен құйысқанында қоңыр түстер болады;
Құлагер – бүкіл денесі мен ба­сы сарғыш шағылды, жалы құй­рығы мен аяқтарының ал­дыңғы жақтары қара, арқасында белдеулікті қара жолағы бола­ды;
Шабдар – денесі мен басы қоңы­рлау немесе жирен, жалы мен құйрығы денесіне қара­ған­да ашықтау, көкшілтім немесе ақшылтым болады.
Қара қоңыр – денесі мен ба­сы қоңыр немесе жирен түсті, жа­лы мен құйрығы ашықтау, ақ­шыл болады.

Жылқы түстерінің ерекше топ­тарына аралас, жүні ақ және әр­түсті түрлері жатады:

Боз – оның жас кезіндегі сұр­ша түсі жылдар өте келе ақ­шыл­данып, жылқы мүлде дер­лік ақбозға айналады. Боз жыл­қының жүнінде басқа түстер ара­ласып жатады, ол жылдар өте ағарып, жылқы ашық сұр түс­ке енеді немесе бұршақ тү­рін­дегідей қара таңбалар қа­ла­ды;
Бурыл – баран, жирен не­месе қара түстерінде ақ қыл­шық­тар көп әрі біркелкі бола­ды.

Жылқының жабайы деп ата­латын түстеріне мыналар кі­реді:

Сары – денесі қызғылт-са­ры немесе ашық сары, оның тө­менгі бөлігі ашықтау, жалы мен құйрығы қарабурыл, аяқ­та­рында көлденең қара белдіктері, жауырыны мен арқасында қара жолақтары болады;
Күлгін – денесі тышқан не­ме­се күл түсті, басы, жалы, құй­рығы мен аяқтарының тө­менгі жағы қаралау, бүкіл ар­қа­сында қара жолағы болады;
Күрең – денесі ашық жирен түс­ті, жалы, құйрығы мен арқа­лы­ғы қызғылт жирен түсті бо­ла­ды.

Шұбар түсті жылқылардың түс­тері де қызық:

Алашұбар – қара, қарагер не­месе жирен түстерінде фор­ма­сы әртүрлі ірі ақ таңбалары бо­лады;
Шұбар – денесі ақбоз, олар­да қара, жирен және қоңырқай жиі-жиі орналасқан теңбілдер немесе бұған керісінше қара тү­сінде кішілеу ақ дақтар бола­ды. Көбіне жолбарыс түстес бо­лып келеді. Бұлардың ал­ғаш­қыларынан айырмашылығы сол, теңбілдердің орнында қара түс­тілерінде ақ немесе ақ түс­тілерінде қара жолақтар болады.
Бір түсті жылқыларды ма­ман­дар өзгеше белгілеріне қа­рап айырады. Көп жағдайда жыл­қының маңдайында немесе ая­ғында ақ таңбалар болады. Оны жұлдызша дейді. Кей­біреу­лері ұзыншалау болып ке­леді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір