Орыс жазушылары «Букерсіз» қалуы мүмкін
06.08.2018
979
0

Биыл орыс жазушылары үздік роман авторына берілетін «Русский Букер» сыйлығынан қағылуы мүмкін. «Русский Букер» комитетінің басшысы Игорь Шайтанов: «Егер біз «Букерден» айырылсақ, қазіргі орыс әдебиетін берекесіздік жайлайды», – деп қынжылады аталған сыйлықтың болмай қалуына қатысты пікір білдіре отырып.


«Букер» әдебиетшілерге бе­рілетін Нобель сыйлығына балама бо­лып келе жатыр. «Русский Бу­кер» 1991-1992 жылы британиялық «Бу­кердің» көмегімен құрылған еді. Сол 1991-92 жылдан бері қа­рай Георгий Владимов, Булат Окуд­жава, Владимир Маканин, Ва­силий Аксенов, Михаил Бутов, Люд­мила Улицкая, Ольга Слав­ни­ковалар «Русский Букер» сыйлы­ғы­на ие болып үлгерді. 2017 жылы «Рус­ский Букерді» Александра Ни­колаенко «Бір өлімнің оқиғасы. Боб­рыкинді ажал қаптыру» («Убить Бобрыкина. История од­но­го убийства») атты алғашқы кі­та­бымен жеңіп алды. «Русский Бу­кердің» лауреатына берілетін сыйа­қы көлемі – 1 500 000 рубль. Мі­не, биыл тап осы көлемдегі қар­жы және оның сыртында 6 фи­на­листке берілетін 150 000 рубль та­­­­былмай, Шайтанов шаршап отыр. Демушілерден қайыр бол­май тұр.
Орыстарда әдебиетшілерге бе­рілетін сыйлық «Русский Букер» ғана емес, одан өзге жалпы ре­сей­лік «Национальный бестселлер» сияқ­ты сыйлықтың түрлері мен атау­лары бар. Осы күндері «На­цио­нальный бестселлер» «Руский Бу­керден» күшті болып тұр. «Русский Букер» «Национальный бестсел­лер» тарапынан жиі сынға да ұшы­рауда. Осылайша орыс әдебиеті өмір сүріп жатыр. Ал бізде билік та­ғайындайтын Мемлекеттік сый­лықтан тыс сыйлық түрлері кейінгі бір екі жылда ғана төбе көрсете бас­тады. Олар: «Алтын қалам», «Ауы­лым алтын тұғырым» және «Рух» бәйгесі. Былтыр «Рух» бас жүл­дегерге 2 миллион теңге, «Ауы­лым алтын тұғырым» 500 мың, «Ал­тын қалам» 1 миллион теңге кө­ле­мінде сыйақы тағайындады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір