V Махмұт Қашқари Халықаралық әңгіме конкурсы
06.08.2018
1161
0


Мемлекеттерде әңгімелерді соңғы тапсыру мерзімі: 2018 жылы 31 тамыз
Мемлекеттерде жеңімпаздарды жариялау: 2018 жылы 30 қыркүйек
Мемлекеттерде жеңімпаздарын марапаттау рәсімі: 2018 жылы қазан/қараша айлары
Халықаралық жүлдегерлерді жариялау: 2018 жылы қараша айы
Халықаралық жүлде рәсімі: 2018 жылы желтоқсан айы
Мемлекеттерде әңгімелерді тапсыру:
Журнал немесе Жазушылар одағы мекен-жайларының бiрiн белгiлеп, жариялайды.
Мемлекеттерде қазылар алқасы
Әдебиет журналдары және Жазушылар одағымен байланысы бар бес адамнан құрау керек.
Мемлекеттерде сыйақылардың мөлшері:
Бiрiншi орын : 2.500 түрік лирасы
Екiншi орын: 1.500 түрік лирасы
Үшінші орын: 1.000 түрік лирасы
Конкурстың шарттары:
1. Шығармалар жарияланған мекен-жайларға қолмен, электронды пошта немесе пошта арқылы жіберіледі.
2. Жіберілген шығармалар мұның алдында ешбір конкурсқа қатыспауға және кезкелген басылымда жарық көрмеуге тиіс.
3. Әңгіме еркін тақырыпта.
4. Көп дегенде екі әңгімемен қатысу мүмкін конкурста жiберiлетiн әңгімелердің әр қайсысы кем дегенде 1.000 (бiр мың ) ең көп 10.000 (он мың) сөзден аспау керек.
5. Жарысқа жiберiлетiн әңгімелердің үстіне тек қана бүркеншік есімі жазылады; бүркеншік есімінен басқа автор кім екенін көрсететін кезкелген белгі қойылған жағдайда әңгімелер конкурстан шығарылады.
6. Автор аты-жөнін, мекен-жайын, өмірбаянын және 1 дана фотосуретін басқа бір конвертке салып үстіне тек қана бүркеншік есімін жазады және оны әңгімемен бірге үлкен конвертке салып жібереді.
7. Компьютерде 12 шрифтпен жазылатын әңгімелер 6 нұсқа болып жіберіледі. Сонымен бірге орын алған әңгімелер кітап болып шығатын­дықтан әңгімелер салынған конверттің ішіне ‘word’ форматында әзірленген файл, CD-ге де жазып жiберiледi. (электронды пошта арқылы қатысуларда бұл шарт талап етілмейді)
8. Конкурсқа қатысқан әңгімелер кері қайтарылмайды және автор бұл туралы ешқандай құқыққа ие емес.
9. Конкурста жүлде алған шығармалардың әртүрлі құқы Еуразия Жазушылар одағына тиесілі болып табылады.
Халықаралық сыйақылар:
Бiрiншi орын: 20.000 түрік лирасы
Екiншi орын: 15.000 түрік лирасы
Үшінші орын: 10.000 түрік лирасы
Ынталандыру сыйлығы: 5.000 түрік лирасы
Халықаралық жүлде рәсімі Анкара қаласында өтеді.

Үміткерлер шығармаларды Қазақстан Жазушылар одағына,
25 бөлме, Қайырниса Жұмашеваға тапсыруы тиіс.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір