АЛТАЙ ІНЖУ МАРЖАНЫ
30.07.2018
2202
0

Елбасы Н.Назарбаев алға қойған Ұлт жоспары – бес институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның бірі – қазақстандықтардың біртектілігін нығайту жолында өңірлік-мәдени туристік кластерді дамытуды қолға алу. Қазақстанның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында «Алтай інжулері» өңірлік – мәдени туризм кластері де бар. «Алтай інжулері» бүгінде тек қазақстандық туристерді ғана емес, шетелдік саяхатшыларды да қызықтырып отыр. Осы орайда біз Шығыс Қазақстан облысындағы туристік аймақтардың сипатына қысқаша тоқталуды жөн санадық.


Шығыс-Қазақстан облысы – ғажайып табиғатымен таң­қал­­дыратын әдемі облыс­тар­дың бірі. Онда табиғи ланд­шаф­­тық зоналар өте көп және бұл аймақ өзінің радон сула­ры­мен атақты.
Шығыс Қазақстан эко­но­миканың барлық салаларында инвестиция тартуға, іскерлік қа­рым-қатынас орнатуға қо­лай­лы мекен.
Қазақстанның 2023 жылға дейін­гі туристік саланы дамыту кон­цепциясында қойылған мақ­саттың бірі – Шығыс-Қа­зақ­стан облысының солтүстік жә­не шығыс аймағын қамти­тын «Алтай інжулері» туристік клас­тері.
Аймақтың аумағы елдегі об­лыстардың ішінен үшінші орын­ға ие. Ол Қазақстанның 10%-ын, Қазақстанның жалпы ау­мағының (283,3 мың. шар­шы. км) құ­райды, ҚХР және РФ мен шек­теседі. ШҚО-ның аума­ғы­на Ұлыбритания тұтас, екі Гре­ция, үш Португалия, төрт Ир­ландия немесе Бельгия сыйып кетер еді. Оның табиғи ре­сур­сы сан алуан, республика бойын­ша есептегенде облыс аумағында қорғасын қоры 24%, мырыш қоры 41%, мыс қо­ры 45% – құрайды.
Табиғи-климаттық тұрғы­дан да ШҚО өте ерекше. Об­лыс аумағынан саз далалы, шөл далалы және таулы лан­д­шафт­ты кезіктіресіз. Аймақ­тың сол­түстік және шығыс бөлігін ба­тыс, орталық және шығыс Ал­тайдың тау бөктері мен жо­талары алып жатыр. Онда түсті ме­талдар мен баға­лы және си­рек кездесетін металдардың мол қоры бар. Алтай тауы оң­түс­тікке қарай Сауыр-Тар­ба­ға­тай жотасымен шектелетін Зайсан шұңқырына жалғасады. Орталығынан Қалба жотала­рын көруге болады.
Облыс туристерді ор­на­ла­с­атыру орындары бойынша бі­рінші орынға ие, онда тәу­лігіне 27 713 адамды орналас­ты­ра алатын 509 орын бар.
Облыс орталығы Өскемен­ге Астана, Алматы, Қарағанды, Зайсан, Мәскеу, Новосібір қалаларына қатынайтын ішкі және халықаралық рейстердің әуекөліктері қонады.
Климаты мен табиғаты­ның қолайлылығы мұнда ту­ризм­нің барлық саласын да­мытуға мүмкіндік береді.

Тау-шаңғы туризмі

Шығыс Қазақстан облы­сын­да өзге аймақтарға қа­ра­ған­да қар ұзақ жатады. Ай­мақ­тағы қысқы туристік кезең ал­ты айға созылады. Тау шаңғы ту­ризміне Глубокий, Зырян ау­дандары мен Риддер қа­ла­сының табиғаты өте қолайлы. Мұн­да «Нұртау», «Алтай Аль­пі», «Эдельвейс», «Шығыс бел­­деу», «РиддерХют», «Вер­ти­­кал», «Бүркіт» атты жеті тау ­­шаңғы базалары бар. Оның жал­пы ұзындығы 70-80 ша­қы­рым­ды құрайды

Экологиялық туризм

«WWF Living Planet» Ха­лық­­аралық ұйымының анық­тауы бойынша Алтайдың Қа­зақ­стандық бөлігі өзінің ланд­­­шафты мен биологиялық ерекшелігіне сай 200 экологиялық аймақ қата­рына кіреді. Экологиялық ту­ризмді дамытуға қолайлы ай­мақтар: Қатон-Қарағай мен Күр­шім ауданы, Риддер қала­сы.
Облыстағы қорғауға алын­ған табиғи қорық аумағы 1 723 072 га алып жатыр. Оның ең ірілері:
– Қатон-Қарағай ұлттық пар­кі (643,5 мың га);
– «Семей Орманы» Мем­ле­кет­­тік орман қорығы (662,2 мың га);
– Марқакөл табиғи қорығы (75,1 мың га);
– Батыс Алтай қорығы (56,1 мың га);
Әлемнің ең әдемі жерлері­нің қатарына кіретін Қатон-Қа­рағай ұлттық паркі ЮНЕС­КО тізіміне енген.
Облыстағы орман көлемі 11,9% аумақты алып жатыр. Оның көп бөлігі Алтай тауы­ның жоталары. Облыста өсім­дік­тің 3500 түрі бар, оның 38-і дәрілік шөптер.
Экологиялық туризмнің бір түрі – аңшылық пен балық аулау. Аймақта жануардың 489 түрі, балықтың 37 түрі бар.

Емдік-медициналық туризм

Облыс туризмін дамыту­дағы негізгі бағыт осы меди­ци­на­лық туризмді дамытуға ба­ғыт­талған. Аймақта 18 пат­­нымен ем­деу-сауықтыру орны бар, оның 12-сі Қатон-Қарағай, 3-і Зырян, 1-і Көкпекті мен Ұлан ауданында. Өскемен қала­сының өзінде де емдеу-сауық­тыру орны бар.
2017 жылы облыс аймағын­да­ғы 10 өзен мен су көздеріне фи­зика-химиялық зерттеу жүр­гізіліп, су құрамы анық­та­лып, бальнеологиялық қоры­тын­ды жасалды. Алакөлдің ем­дік қасиеті ғылыми түрде дә­лелденді.
Зерттеу қорытындысы Ала­көлдің шығыс жағалауындағы су құрамында пайдалы эле­мент­тердің 27 түрін анықтады.

Мәдени-танымдық туризм

Қатон-Қарағай ауданы өзінің тұмса табиғатымен ғана емес, археологиялық ескерт­кіш­терімен де танымал. Оның ең үлкені Қазақстанда ба­ла­масы жоқ Берел қорғаны.
Қорған Қатон-Қарағай ау­да­нында теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан.
1998-99 жылдары Берел ауы­лында белгілі археолог Зей­нолла Самашевтің жетек­ші­лігімен француз археологта­ры­мен бірлескен экспедиция өтті. Экспедиция қорытын­дысында ең ірі №11 Берел қор­ғаны ашылды.
2016 жылы туристерді тарту мақ­сатында ашық аспан ас­тын­да музей құрылып, «Пат­ша­лар аңғары» қорымына шы­ны саркофаг қойылды. Об­лыстың (Қатон-Қарағай ау­данындағы – Берел, Зай­сан­да­ғы – Шілікті, Ұландағы – Аблайкит, Абай ауданындағы – Қырықүңгір, Тарбағатайдағы – Елеке сазы) бес ауданында жүр­гізілген археологиялық қаз­ба жұмыстары осы аймақты көр­гісі келетін туристердің са­нын едәуір арттырды.

Жағажай туризмі

Бұл туризм бойынша Ала­көл, Бұқтырма су қоймасы және Сібе көлдері жағалауына суға шомылу науқанында жар­ты миллионға жуық адам ке­леді. Қазақстандағы жер беті су қорының 40% -ы осы Шы­ғыс Қазақстан облысында. Ай­мақта 2000 көл (оның 18-і ірі), 1200 өзен (оның 20-сының ұзын­дығы 100 шақырымнан аса­ды) бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір