Тарбағатайдан ескен леп

0
71 қаралды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 87 қадамында азаматтық біртектілікті нығайту туралы айтылып, ол үшін «Қазақстан энциклопедиясы» интернет жобасын құрып, сол арқылы әрбір азаматқа және шетелдік туристерге ел туралы көбірек білуге көмектесу қолға алынуы тиіс делінген. Бұл мақсатта Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аймағында бірқатар игі істер атқарылуда. Өлке тарихы мен мәдениетін жұртқа таныстыруда ілкім шаруа атқарған Дулат Тұрсынұлы Тастекеевпен өткен сұхбат Тарбағатайдың тарам-тарам тарихынан сыр шертеді.


– «Жеріңнің аты – бабаңның ха­­ты» деген бар. Тарбағатайдың ар­ғы-бергі тарихын қамтитын «Та­рихқа толы Тарбағатай» аль­манах кітабын шығару туралы бас­тама кө­теріп, демеушілік жа­сап келесіз. Кітаптың үшінші ба­сылымы дайын­далып жатыр екен. Бұл жоба әлі де жалғаса ма? Ұрпаққа қажетті осын­дай құнды кі­тапқа мемлекет тара­пынан да қолдау керек сияқты?
– «Тарихқа толы Тарбағатай» ат­ты альманахымыз үшінші жыл болды, айтыспен қатарласа шы­ғып ке­ле жатыр. Бұл кітаптың да өз шығу тарихы бар. Айтыс өт­кізген кезде жұрттың тара­пы­нан айтылған алғыс та, сын да көп бол­ды. Ақылын айт­қан ағайын­дар да болды. Сол ай­тылған ақыл­дың бірі – осы іс-ша­ра­лар өтер де кетер, ал шынайы жаны аши­тын адамдар халыққа өш­пейтін бір рухани көмек беру ке­рек деген сипатта болды. Көп та­рапынан ай­тылған пікірлерді тұж­ырымдай, топшылай отырып, Ерден Оралбай деген тарихшы екеуміз ақыл­дасып, Тарба­ға­тай туралы бір кітап жазып, ха­­лыққа тарту етсек деген шешім­ге тоқталдық. Кейін бұл ойы­мыз­ды әрі қарай дамыта отырып, тек бір рет қана шығып қоймай, жыл сайын осы өңірдің қилы тарихын баян­дайтын жинақты қолға алайық. Осы өңірден шыққан, бас­қа өңірден келіп, біздің өңірі­міз туралы жазған мықты ав­тор­лар, ғалымдар болса, солардың ма­қалаларын біріктіріп, жинақ шығарайық деген ниет еді. Сол ниетіміз, құдайға шү­кір, жү­зеге асып жатыр.
Биыл «Та­рих­қа толы Тарбағатай­дың» үшінші басылымы жарық көр­ді. Шығыс өңірінде оқыған-білген, ғалым аза­маттар жетерлік қой, жи­нақты құ­растыру барысында мақала жа­ғынан еш қиындық көрген жоқ­пыз, бірақ сол жинақталған ма­те­риалды зама­науи түрде көп­­­­шілікке жеткізу үшін, оқыр­мандардың, әсіресе жас буын­ның қызығушы­лығын тудыру үшін, кітап бет­терін әдемі суреттермен то­лық­ты­рамыз деген сәтте туған өл­ке­міздің ғажа­йып табиғатын бей­нелейтін сапалы суреттер таппай, әуесқой фото­суреттер мен желіден та­биғаты ұқсас ай­мақтардың сурет­терін алуға мәж­бүр болдық. Жақын­да «Ғажайып өлке» жобасын жүзеге асырып, сол жобаның аясында атақ­ты фото­блогер, саяхатшы, Андриан Зви­­­гин мен тарихшы, археолог Ер­ден Оралбайдың қатысуымен Тар­ба­ғатай ауданына фотоэкспе­диция жасақтадық. Сөйтіп қор­жынымыз өлкенің керемет кө­ріністері бейне­лен­ген сапалы су­реттерге толды. Бірнеше күн ауыл-аймақты аралап, Тар­баға­тайдың ерекше табиғатына там­­санып, әрбір сайы мен төбесі, өзе­ні мен көлі туралы әсерлі әң­гі­ме ес­тіген фотограф күзде қайта экс­пе­диция жасақтауға өзі ұсы­ныс жасады. Келесі жылы, үл­ге­ріп жатсақ, Тарба­ға­тайдың түр­лі-түс­ті альбомын шы­ғаруды жос­­­­парлап қойдық. Жобаның бо­лашағы зор деп ойлаймыз, се­бебі ол келешек­те Тарбағатайды ел­дегі экоту­ризмнің танымал ба­ғы­тына ай­нал­дыру әлеуетіне жол ашпақ.
Айтпақшы, «Тарихқа толы Тар­­ба­ғатайды» енді әлеуметтік же­­ліден де оқуға болады. Көк­тем­­нен бері Фейсбук желісінде ат­­тас парақша ашылып, қол­дану­шылар арасында жазбалары кеңінен таралып жатыр. Әлеу­мет­тік желідегі парақшаның ар­тықшылығы – мұнда оқырман­дар­дың пікірін біліп, олардың жаз­баларды қалай қабылдай­тынын сезе аламыз, кейде желі қолданушы­ларынан тың дерек­тер мен пайдалы мәліметтер де келіп жатады. Пікір­лер­ді оқи оты­рып, халықтың туған жеріне де­ген шексіз махаббатын, пер­­зент­тік мақтаныш сезімін, тари­хын дәріптейтіндігін, ол жайлы жаңа тың деректерді білуге құш­тар екен­дігін байқап, көңілге ме­дет тұттық.
Ал енді бұл еңбегімізге мем­ле­кет тарапынан қолдау көрсе­тіліп, әрі қа­рай дамытылып жат­са, біздің қар­сылығымыз жоқ. Бай­тақ еліміздің әр түк­пірі жайлы қаз­балап зерттейтін бол­сақ, әлі та­лай кітап жазуға бола­ды. Біздің ар­манымыз – осы жо­ба­ның үлгі­сімен әрбір өлкенің белсенді аза­­маттары туған өңірі жайлы қы­зық­ты жазбалар беретін па­рақ­ша аш­са, сөйтіп Қазақстан­ның бүкіл ау­мағында өлкетану ғылымын жан­дандырып, эко­туризмді дамытса. Туған өлке жай­лы жастарға білім беретін, на­сихаттайтын, сол арқылы Ота­нына деген сүйіспеншілігін арт­тырып, ел тарихына деген құр­ме­тін асқақтататын осындай әлеу­меттік жобалар көбейе берсе деп тілейміз.
– Жақында «Асылтас» қоғам­дық қо­ры құрылған екен. Қор құрудағы мақ­сат қандай?
– Осы уақытқа дейін жүзеге асы­рыл­ған әлеуметтік және қайы­­рым­дылық жобалардың бә­рін топтас­тырып, осы бағыттағы атқарылған іс­теріміз жайлы жа­қын­да анықтама құрастырдық. Со­дан байқағанымыз, осы кезге дейін біраз іс атқарылыпты, мақ­танғаным емес. Бірақ күні бү­гінге дейін әлеуметтік бастамаларды қа­зақи түрде, жүйесіз жасап жат­қандығымызды байқадық. Ат­қа­рылған істерді жүйеге келтіріп, әрі қарай дамытудың нақты бағ­дарын айқындап, бір жүйеге кел­тіру үшін ар­найы қоғамдық қор құруды шеш­тік. Қазір дамыған елдерде әлеумет­тік, қайырымды­лық бағытта жұмыс істейтін ұйымдардың барлығы бас­қару­дың бизнес-үлгілерін қолданып, әлем­дегі қайырымдылық сала­сы­ның өзі де едәуір өзгеріске ұшы­ра­ды. Қазір бұл саланың өзі де инно­вация­ларға бет алған. Егер қайырымдылық бұрын бизнестің қосымша бір қара­жат жұмсайтын тармағы болатын бол­са, қазір тіпті қайырымдылық жа­сай оты­рып, табыс табатын ком­паниялар саны артып келеді. Біз де қоры­мыз­ды әлемдік тенденцияларға сай ерекше форматта құратын болып шештік.
«Асылтас» қорының негізгі мақ­саты – әрбір қайырымдылық шара­сын ақылмен, нәтижесін алдын ала болжап, жүйелі түрде жүзеге асыру. Мәселен, қатардағы кәсіпкер жыл сайын Құрбан айт мерекесінің қарсаңында кедей отбасыларға бір қой мен бір қап күріш таратса, бұл да – қайы­рым­дылық. Бірақ ол шара жаңағы отба­сының мәселесін тек қыс­қа мерзімге ғана шешеді. Бір жыл кө­мектесерсің, екінші жылы апа­­рарсың, отбасындағы жағдай өз­гермейді, үшінші жылы сада­қаң­ды уақытында бермесең, тіпті күң­кіл­деп, ренжуі де мүмкін, се­бебі әб­ден үйреніп қалған. Бұл ма­сылдық көз­қарасты қалып­тас­тыруға әке­ле­тін «жүйесіз», «мау­сым­дық» қайырым­дылық, ал «ақылды» қайырымдылық ұста­­нымы бойынша, сен ол отба­сы­ның баласын оқыт, кәсіп үйрет, жұ­мыс тауып бер, жалақы төле, сонда ғана ол шаңырақ бірте-бірте аяғына тұрып кетуі мүмкін. «Балық бер­ген­ше, қармақ бер» деген ұстанымның мы­салы – осы. Әрине, бұл ең қара­пайым мы­сал, бірақ әрбір әлеуметтік жо­баның арғы жағында терең ой, анық мақсат жатуы тиіс, сонда ғана қордың қызметі жеміс беріп, әлеу­мет­ке тигізер пайдасы зор болмақ.
– Туған жеріңізге деген ерек­ше пер­зенттік сезіміңізді бай­қай­мыз. Оны сөзбен емес, іспен дә­лел­деп жүр­ген азаматтардың біре­гейісіз. Ал­дыңғы жылы Ақсуат ауы­лындағы ме­шітті пайдалануға бер­сеңіздер, был­тыр туған ауы­лыңызға асфальт тө­сеп, заманауи футбол алаңын салып, қуантқансыз. Биыл да құр қол бармай­тын шы­ғарсыз?
– Әрине, халқымыздың сал­тын­да да, шариғатта да жария са­дақа деген ұғым бар. Айтысты ұйым­дас­тыру дұрыс шығар, басқа елге пай­дасы тиетін заттарды жа­сау да дұрыс шығар, бірақ жақсы басталып, соңы сұйы­лып кететін заттың халыққа шы­найы пайдасы тимейтіні анық. Осы істердің бәрін асқан-тас­қан­нан жасап жатқан жайымыз жоқ. Кәсібіміздің берекеті қашпасын, ырыс молынан болсын деп, өзі­міз­дің үлесіміздің бір бөлігін туған жер­ге арнап жатқан әрекеттеріміз бар. Осыған дейін ауыл азама­т­тары­на, туған жерге тартылған сый­лар­дан бө­лек, биыл Екпін ауы­лының кіре­берісіне салта­натты әдемі қақпа (арка) жасап берсек деген ойымыз бар. Был­тыр салған тас жолды мек­тептің ал­дына дейін созып, оқушы­лар­дың аяқ киімін балшықтан та­зарт­сақ деген де ниет бар. Со­ны­мен қатар, өзіміз оқыған мек­­тепке зама­науи жабдықталған тарих ка­бинетін сыйға тартайық деп отырмыз. Оған қоса, осы мектеп­те кезінде қолға алынып, бірақ жал­ғасын таба алмай тұрған өл­кетану мұражайын толық күрделі жөн­деуден өткізіп, жиһаз-жаб­дық­тармен толтырып, мектеп оқу­шылары мен ауыл тұрғын­да­рына сыйға тартайық деп отыр­мыз.
– Соңғы 3-4 жыл ішінде Тасте­кеевтер әулеті Ақ­суат ауылында екі бірдей мешіт са­лып, халықтың ризашылығына бөле­ніп, батасын алғанын білеміз. Елді иман­дылыққа, ізгілікке шақыратын Алланың үйін салу кешегі атеистік қоғам кезінде атаңыздың арманы бол­ған екен. Осы жөнінде тарқатып ай­тып берсеңіз.
– Иә, Құлбай атамыздың осын­­­­­дай арманы болғаны жайлы ауыл­­дағы осы мешіттердің ашылуы ке­зін­де және басқа да іс­­-ша­ра бары­­­сында ай­тып жүргеніміз рас. Кеңес дәуі­рі­нің өзінде ата­мыз ел басшысы Дін­мұха­мед Қо­наев мыр­заға мы­надай хат жазған екен:
Арыз жазам, Қонаев,
Иманға бет бұрайық,
Ақсуат пен Жданға
Екі мешіт салайық!
Бұл, әрине, сол заман үшін өте ба­­тыл қадам, Құдайды жоққа шы­­ғар­ған кеңес үкіметінің атеизм идео­ло­гиясы кеңінен на­си­хат­тал­ған дәуір­де осы бас­та­масы үшін ата­мыз біраз қудалауға ұшыраған бо­латын. Жұ­мыс­тан шеттетілген, ол кісіні еш қыз­­мет­ке қабылдамай қой­ған. Отба­сын­­да үлкендерден: «Сендер – текті әу­­леттің ұрпа­ғы­сың­дар», – де­ген­ді жиі естіп өстік. Аталары­мыздың арасынан төрт қажы шыққан екен. Со­ны­мен бірге, Ай­дар­бек би деген ба­ба­мыз кезінде ел азат­тығы үшін күрескен Қожа­гел­­ді батырдың құнын даулап, Тар­баға­тайдан Семей мен Омбы ар­қылы шалғайдағы Санкт-Пе­тер­бург қаласына ақ пат­шаға де­пу­тация бастап апарған екен. Ресей пат­шасының қабылдауын­да бо­лып, елінің мәселелерін ше­шіп, өзі­­міздің Қарғыба, Назар өңі­рін бес жыл­ға алым-салықтан бо­са­тып, қазақ балаларының зор­лық­пен орыс мек­тептеріне жі­берілуіне тыйым сал­ғызып, өңір­­де мешіт пен медресе салу­ға рұқсат алған. Айдарбек баба­мыз­­дың шағын елшілігінің арқа­сын­да Мұрын мен Қыржы жеріне орыс бекіністері салынбаған. Ол кісі Мұрын болы­сы­ның старшыны бо­лыпты, ел ара­сындағы даулар­ды ше­шіп, ха­лық арасында үлкен құр­метке ие бол­ған.
Еліміз тәуел­сіз­дік­ке қол жет­кізіп, заман тү­зел­ген уа­­қытта әке­міз ата­мыз­дың ама­на­тын орын­дап, 2009 жылы туған ауы­лымыз Екпінде шағын мешіт бой көтерді. 2016 жылы от­ба­сы­мыз­ға Тарбағатай ау­да­ны­ның ор­талығы Ақсуат ауы­лы­нан сәу­летті ме­шіт салу бұйыр­ды.
Екінші мешітті аяқтаған кез­де: «әкеміз ауылымыздан мешіт сал­ды, бауырым екеуміз Ақсуат­тан үлкендеу мешіттің құры­лысын аяқтадық, ендігі кезек – ке­­лесі буында, біздің бала­ла­рымыз да кейін бұдан да үлкен мешіт са­лар», – деп іштен ниет етіп, игі бас­тама әулетіміздің дәстүріне ай­налса деп армандап жүре­тін­мін. Алланың бұйрығы болар, биыл «бісміллә» деп, үшінші ме­шіт­тің құ­ры­лысына кірісіп кет­тік. Семей қа­ла­сында он жылдан бері құрылысы аяқталмай тұрған орталық мешітті салып бітіреміз деп, семейліктердің алдында мой­­­­нымызға зор міндетті жүк­теп алдық. Амандық болса, бір-екі жыл­­дың ішінде өзіміздің әсем қа­ла­мыз Семейге де көрікті ме­шіт ғи­маратын сыйға тартатын бо­ламыз.
– Жыл сайын Тарбағатай те­ріс­кейіндегі Ақсуат ауылында «Таскре­дит» компаниясының демеушілі­гі­мен «Туған жерге туың­ды тік» деп ата­латын ақын­дар айтысы өтіп ке­леді. Биылғы бо­латын жыр сайы­сы­ның ерек­ше­лігі қандай болмақ?
– Алдымен осы айтыстың не­ден бас­талғанын айтып берейін. 2016 жы­лы Ақсуаттағы мешіттің құры­лы­сы аяқталуға жақын қалған кезде оның ашылуына орай бір салтанатты ме­реке өткізсек деген ниетіміз бол­ған. Жергілікті ха­лық­қа қандай тарту жасасақ де­ген ойлар бізді біраз маза­лады, ағайындармен кеңес құрып, Ақ­суаттағы туысқанымыз Қайыр­лы аға­мыздың ақылымен сол жылы ме­шіттің ашылуына орай ауы­лы­мызда республикалық ақындар айтысын өткізетін болып шештік.
Ағайын-жұрт қолдап, Жүрсін Ерман аға­мыздың өзі мешіт ашылатын бол­са, келіп өткізейік, халықты өнер­мен сусындатайық деп, ке­лісе кеткеніне риза болдық. Сөй­тіп алғаш рет 2016 жылы рес­пуб­ликалық деңгейде ақындар ай­тысын өткізге­німізді білесіз­дер. Сол жолғы айтыс­қа аудан әкі­мі қолдау көрсетіп, бұл іс-ша­раны енді жыл сайынғы дәс­түрге ай­­­налдырайық деген ұсыныс түс­ті. Оны біз де ішімізден «әу­мин» деп қолдадық. Былтырғы айт­ыс рес­публикалық дәрежеден асып, ха­лық­аралық деңгейде көте­рілді. Биыл тағы да халықаралық дәре­же­де өте­тін ақындар додасының ерекшелігі – айтыс мерекесі Ақ­суаттың жаңа­дан салынған ор­талық стадионның көгалында, заманауи сахнада өтетін болады. Алдағы айтыстарды Ақсуат­тың орталық алаңында, ескі сахнада өт­кізбекпіз. Тағы бір ерекшелігі – ха­лық­аралық деңгейге ие айты­сы­мызға былтыр Қытай Халық Рес­пуб­ли­касынан, Моң­ғолия Рес­­пуб­ли­ка­сы­нан өзіміз­дің қан­дас айтыскерлеріміз келіп қа­тыс­қан болса, биылғы до­даға Қыр­ғыз­станнан қырғыз бауы­рымыз ке­ліп, қырғыз тілінде айтыс­пақ­­шы. Ауылымыздың тұрғын­­­дары­на қыр­ғыз тіліндегі айтысты та­ма­шалау қы­­зықты болады деп ой­лаймыз.
– Іскер азамат ретінде уақыт­ты қалай тиімді пайдаланасыз?
– Уақытты тиімді пайдалану де­ген – кәдімгідей бір ғылым са­ласы, қа­зіргі өркениетті елдерде «тайм-ме­нед­жмент» деп аталатын бұл ғы­лымға ерекше көңіл бө­ліне­ді. Уа­қыт­ты дұрыс пайдалану, тиімді басқара білудің құпиясы, сайып келгенде, адамның алдына нақты мақсаттарын қоя білуінде жатыр. Алдыңа нақты мақсат бел­гілесең, оған жетудің жос­па­рын жасайсың, сөйтіп сол жос­­пар­ға сай уақытыңды мақсатқа апа­рар қадамдарға, шараларға бөле­сің. Айқын мақсаты бар адам нақты нәтиже көрсетеді, табысқа қол жет­кізеді. Жоспары жоқ адам маңайын­дағы жоспары бар адам­дардың жос­парын жүзеге асы­рып, қарамағында жүреді деп айт­са да болады. Нақты мақсат­тар­ды қоя білу керек, оған же­туге күш салу керек, уақытты тиім­ді пай­далану деген, міне – осы.
– Төл өнеріміз – айтысты қол­дап, әншілерге де демеушілік жа­сап ке­лесіз, соған қарағанда, өз бойыңыз­да да өнер бар секілді?
– Өзімде өнер бар не жоқ деп ай­ту қиын. «Әу» демейтін қазақ жоқ, достарымыздың арасында айтатын әндеріміз де болады, тығылып жа­затын төрт шумақ өлеңіміз де бар. Бірақ оны кәсіп­қой түрде қолданып жүрген жоқ­пыз. Кезінде туған жері­мізден Ал­матыға қоныс аударғаннан кейін, мен Қазақ тілі мен әде­бие­тін те­реңдетіп оқытатын рес­пуб­ли­к­а­лық мектепте білімімді жал­ғас­тыр­дым. Елімізге есімі белгілі біраз аза­мат түлеп ұшқан осы киелі білім шаңы­рағы тілімізге, ділімізге деген құр­метке, ұлты­мызға, өнерімізге де­ген сүйісен­ші­лікке тәрбиеледі. Әке-ше­ше­міз­дің, мектебіміздің бер­ген тәр­­бие-тәлімінің арқасында өнер­­ден алыс болмадық.
Адам басқа салаларда бір бел­гілі нә­тижеге жету үшін, рухани жа­ғы­нан да сусындап отыруы ке­рек. Уа­қытымен естілген жыр мен ашылған кітап, оқылған өлең, тыңдалған ән адам­ның бас­қа да құндылықтарын байы­тып, алға жетелейді. Мен бұл өмір­де үлкен жетістіктерге жеткен аза­­мат­тардың өнерден тұл болғаны кем де кем дегім келеді. Зор та­быс­тар­ға жеткен адамдардың біра­зының өмір­баянымен таныс болдық, сон­дық­тан өнер мен кәсіп егіз деп айт­сақ, қателес­пейміз деп ойлаймын.
– Сіз үшін өмірдің мәні не?
– Өте қиын әрі қызық сұрақ. Осы уақытқа дейін мен өмірдің мәні жалпы адамзат баласы үшін ор­тақ, ұқсас деген пікірде ке­ліп­пін. Кейіннен ойланып қарасам, бұл пікірім негізсіз екен.
Мен үшін өмірдің мәні – оны босқа, ешқандай іссіз, белгісіз өт­кізбеу. Өлшенген өмірде айна­лама, жақындарыма, халқыма ба­рынша пайдамды тиігізіп өт­кізу. Сол үшін енді еңбек етіп жа­­тырмыз, еңбегіміз жемісті бо­ла­ды деп ойлаймыз. Біздің қоғам­да кеңестік дәуірден қалған жаң­­сақ пікір бар – халықтың өмірі­нің жақсаруына, қоғамның дамуына тек мемлекет қана жауап беріп, мүд­делі болуы тиіс деген. Менің­ше, әр азамат елі үшін, жері үшін пайдасын тигізуге тырысса, көз­қарасын өзгер­тіп, қоғам өміріне бел­сене араласса, қоғам ілгері да­мып, өркендей түседі. Әркім де өз бойындағы күш-жігерін ай­наласын гүлдендіріп, дамытуға мейлінше атсалысуы керек.

СЕРІК пен ЕРКІН

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.