Халықаралық жарыстағы жетістік
30.07.2018
1143
0

Жүйрікті анықтау үшін бәйге керек, жүйрікті алға жетелеп қамшылайтын да – бәйге. Бүгін әлем елдері бір-бірімен білім бәйгесінде жарысып, өнертапқыш қарымын сынға салып жүр. Жыл сайын әр елде зияткерлік жарыстар өтіп, елі­міздің талапты жастары осы жарыстарда алға озып жүр.


Осындай зияткерлік жарыстардың бірі Саха Республикасының Білім және ғы­лым министрлігі өткізген Халықара­лық зият­керлік «Туймаада» олимпиада­сы. Бұл білім жарысының мақсаты оқу­шылардың зияткерлік әлеуетін шың­­дап, алға же­телеу.
Шілденің 8 мен 15 аралығында өт­кен, 18 мемлекеттің оқушылары қатыс­қан ха­лықаралық олимпиадада матема­тика, физика, химия және информатика бағытында конференция-конкурс (International Tuymaada Olympiad on Mathematics, Physics, Chemistry and Informatics) жә­не «Роботтар бәйгесі» (Games of Robots), «IT – Хатакон» бағдарламалық қо­­­сымшаларын әзірлеу бойынша ко­ман­далық конкурс және ЗD модельдеу кон­кур­сы өтті.
Бұл жарыста Назарбаев Зияткерлік мек­тептерінің оқушылары бірден 5 ме­дальді қанжығасына байлады: 2 алтын, 1 кү­міс және 2 қола. Алматы қаласында­ғы фи­зика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу­шы­­лары Ислам Амангелді физика­дан үздік атанса, Әлібек Оразалин математи­кадан бірінші орынға ие болды. Пав­ло­дар қала­сын­дағы Зияткерлік мектептен Хайдар Қайырбек (химия пәнінен екін­ші орын) және Дияр Туленов (физика пәнінен үшін­ші орын) жеңім­паз атанды. Аста­налық Зияткерлік мек­тептің оқу­шы­сы Әділхан Мұратов информатика пәнінен үшінші орынды иеленіп, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің «Туймаададағы» жүлделі орындар қата­рын толықтыра түсті.
Ақтөбе қаласындағы физика-мате­ма­­тика­лық бағыттағы Назарбаев Зият­керлік мектебінің оқушысы Нұрдәулет Тау­мер­ген «Glove Speaker» атты жобасы­мен «Yakutsk International Science Fair» кон­ференциясының бас жүлдесіне ие болып, аб­солютты жеңімпаз атанды. Кезекті қос жеңіс Өскемен қаласындағы Зияткелік мек­тептің қанжығасында: Алихан Тұраш («Астананың ойын алаң­дарындағы Ли­зеганг дөңгелегі» жобасы) және Ерасыл Тұраров («Мүм­кін­діге шектеулі балаларға ар­налған иннова­ция­лық электрүнемдегіш ойын алаңы» жобасы). Шымкент қала­сындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу­шысы Әсем Мылтықбай «Bomber jacket W+S» атты жобасы үшін мадақтау хаты­мен марапатталды.
«IT – Хатакон» бағдарламалық қо­сым­шаларын әзірлеу бойынша ко­ман­далық конкурсында өнер көрсеткен Аста­надағы Зияткерлік мектептің оқу­шы­сы Алихан Тәліпбаев, Алматы қала­сы­ның физика-математикалық бағыт­тағы Назарбаев Зияткерлік метебінің оқушы­лары Ержан Қабдықайыров пен Аңсар Смағұловтар бас жүлде – 50 мың рубльді иеленді.
Тараздық талапкерлер Адель Ержа­нова мен Аймира Терлікбаева 3D мо­дельдеу конкурсында көрсеткен өнері үшін марапатқа ие болды.
Бұл жеңіс Назарбаев Зияткерлік мек­­тептерінің оқушыларының ғана емес, қа­зақстандық жасөспірімдердің зияткер­лік әлеуетін лайықты деңгейде көрсетті.

Ираннан жеңіспен оралды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мек­тебінің оқушысы Селімжан Чалыш­кан Тегеранда өткен биология бойынша Ха­лықаралық олимпиадада (International Biology Olympiad) қола медальді жеңіп алды.
Иран астанасы биылғы жылы әлем­нің 70 елінің өкілдерін қабылдады. Биоло­­гиядан өткен 29-шы Халықаралық олим­пиадада 270 оқушы өз білімдерін ортаға салды.
Әлемдік айтулы олимпиаданың қола медалінің иегері Селімжан Чалышкан – НЗМ танымал оқушыларының бірі. Ол – Қазақстан олимпиадалық құрама­сы­ның мүшесі, Селімжанның қоржы­нында республикалық олимпиадада алған алтын бар. Ғылымдағы жетістік­терімен қатар, Селімжан инновациялық жобаларды құру саласында да табысты тәжірибеге ие. Өткен жылдың соңында Алматылық фи­зика-математика бағы­тын­дағы Зият­керлік мектебінің оқу­шы­лары Селімжан Чалышкан мен Любовь Дудченко NURINTECH-2017 ұлттық жас­тар бай­қауында «әлеуметтік маңыз­ды иннова­ция» санатында бірінші орынды жеңіп ал­ды. Олардың «Оqyp kör» туын­дысы ар­найы құрылғы көме­гі­мен мәтінді ка­мера арқылы Брайль қарі­пінде көрсетіп, көзі көрмейтін жан­дардың ақпаратқа қол жеткізуіне мүм­кін­дік береді. Осы жо­ба­ның арқасында Назарбаев Зияткерлік мек­тептерінің оқушылары бір миллион теңге ұтып алды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір