IT ЖӘНЕ РОБОТОТЕХНИКА СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

0
17 қаралды

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 77-қадамында Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату көзделген болатын. Қазір осы талапқа колледждер мен ЖОО-лар ғана емес, ауыл мектептері де икемделуде.


«Цифрлы Қазақстан» бағдар­ла­масы бойынша Алматы облысы Ең­бек­шіқазақ ауданы Шелек ауы­лын­дағы №1 орта мектепте IT және ро­­бо­­тотехника сыныбы ашылды. Сал­танатты рәсім Парламент Мә­жі­лісінің депутаты Зағипа Балиеваның қатысуымен өтті.
Технологияларды ойлап табу ар­қы­лы адамзат өз тіршілігін жеңілдетіп жатыр. Уақыт үнемделіп, сана-сезімнің өсуіне мүмкіндік жасалуда. Бірақ қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі қиын. Сон­дық­тан болар биыл еліміз негізгі ба­сым­дықты цифрландыруға қарай бұр­ды. Жаңа жобаларды қоғамға енгізу барысында «Цифрлы Қазақ­с­тан» бағдарламасы бойынша әр өңірден IT және робототехника сы­ны­бы ашылмақ.
Бұл ІТ сыныбы «Нұр Отан» пар­тия­сының «Балаларға арналған тегін ІТ сыныптарын ашу» жобасының негі­зінде жүзеге асырылды. Бастама­ны қолдаған облыстық маслихат де­пу­таты «Нұр Отан» партиясы фрак­ция мүшесі, кәсіпкер Жангелді Осан сыныпты жабдықтап берді. Аудан орталығынан шалғай елдімекендер­дегі балаларға ғылыми техникалық мүмкіндіктердің қыр-сырын үйре­туге, ғылым жетіс­тік­терін шынайы өмірде қолдана білуге, заманауи тех­ноло­гияны жетік мең­геруге мүмкін­дік береді.
Сондай-ақ, аталған жүйе креатив­ті ойлауға баулып, жастардың техни­калық пәндерге деген ынта-жігерін оятуға бағытталған. Іс-шара еліміз­дегі цифрландыру үдерісіне, азамат­тар­дың цифрлы сауаттылығын арт­тыруға үлесін қоспақ.

Ақпарат Алматы облысы әкімді­гінің ресми сайтынан алынды.

Аяулы ҚУАНЫШ

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.