«Ағайынды Карамазовтар» музейі ашылды
30.07.2018
884
0

Ресейдің Новгород облысы Старая Русса қаласында Федор Достоевскийдің атақты шығармасы «Ағайынды Карамазовтарға» арналған музей ашылды. Музей меңгерушісі Наталья Костинаның айтуынша жазушы «Ағайынды Карамазовтар» шығармасын жазда – Руссада, қыста – Петербург қаласында жазған. Шығарманың 12 кітабының 7-еуі осы Руссада жазылған көрінеді.


Музейде алты экспозиция дәлізі бар, әр зал роман кейіпкерінің үй- бөлмесі іспеттес. Меңгерушінің айтуынша бұл – орыс жазу­шысының шығармасына арналған елдегі алғашқы музей. Ол ХІХ ғасырдың алғашқы ширегіне тән сипатта әспеттелген 2 қабатты үлкен үй. Музей бөлмелеріне де сол заман­ға тән мүлік-мүккамал қойылғанмен экс­по­зициялық залдар заманауи мульти­ме­дия­лық құрылғылармен жабдықталған. Келу­­шілер планшет арқылы тақырыптық фо­тоальбомдарды көріп, арнайы ақпа­рат­тық жүйе көмегімен Старая Русса қала­сы­ның қазіргі топографиясымен сәй­кес­тен­ді­рілген «Ағайынды Карамазовтар» ро­манының кейіпкерлер картасын зерт­тей алады. Сарапшылардың пікірінше әлем әдебиетінің шедевріне айналған шы­ғармаға дәл осы қаланың тұрғындары ар­қау болған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір