ТІЛІ БАР ҚОЛҒАП
20.07.2018
849
0

Нұрдәулет Таумергенов Ресейде өткен «Yakutsk International Science Fair» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Гран-при иесі атанды. Қазақстандық оқушы сайыста бақ сынаған басқа да қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, өнертабысқа арналған 5 мың долларлық бірегей сертификатты иеленді.

Қазақстандық жас өнертапқыш Назарбаев Зияткерлік мектебінде физика-математика бөлімінде білім алуда. Нұрдәулет конференцияға Қазақстан құрамасының атынан қатысып, өзінің «GloveSpeaker» деп аталатын қолғабын таныстырды. Бұл қолғап адамдармен еркін сөйлесе алмайтын мылқау жандар үшін жасалған. «GloveSpeaker» қолғаптарын қолдана отырып, ишарат тілінен сөздерді синтездейтін жоба ұсынды.
Сайыста жеңімпаз атанған Нұрдәулет Таумергеновке жүлдені Сингапур Ұлттық университетінің профессоры Леон Чуан Квек пен «Майтона» компаниясының басшысы Александра Баишева табыстады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір