ДОМБЫРА ҮНІ ГОЛЛИВУДТА ӘУЕЛЕДІ

0
36 қаралды

Домбыра – қазақ халқының жан серігі, сан ғасырдан бері сырын сақтаған киелі аспабы. Домбыраның үнінде қазақ халқының бағзыдан бүгінге жеткен болмысы мен тасқа басылған тарихы бар. Қазақпен бірге мың өліп, мың тірілген домбыраның шанағынан төгілген ұлттық үн шоу-бизнестің астанасы Голливудта әуеледі.


«Bastau» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic әлемдік байқауында Голливуд төріне қазақтың домбырасын алып шығып, алтын жүлдеге ие болды. Топ продюсері Алпамыс Шәрімнің ай­­туынша, «Bastau» тобы бұл жеңісін «Ұлттық домбыра күніне» ар­­нады. Топтың бұл байқауға баруы­на Қазақстан Республика­сы­ның халық әртiсi, өнер жанашыры Айман Мұсаxоджаева қолдау біл­дір­ген.
World Championship of Performing Arts – халықаралық таланттар додасы. Деңгейі жағынан WCOPA дү­ниежүзілік Олимпиада ойында­ры­мен пара-пар. 20 жылдан астам тариxы бар байқаудың ашылуына әр елдің президенттері қатысты.
Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадаға 72 мемлекеттің өнер майталмандары қатысты. Айта кетейік, Қазақстан атал­ған жарысқа алғаш рет қатысып отыр. Келесі жылдан бастап ұлттық құраманың «бас бапкері» ретінде рес­ми түрде Алпамыс Шәрім та­ғайын­далды.
Өнерпаз жігіттердің қуаны­шы­на ортақтасқан интернет желі қол­данушылары оларға «Марапат құт­ты болсын! Қазақ мәдениетін, дом­бырасын әлемге танытып, елі­мізді қуанышқа бөлей беріңіздер!», «Жарайсыздар, жігіттер құтты бол­сын! Домбыраның үні Голливуд тө­рінен шыққаны үшін рахмет!», «Қа­зақ халқының киелі домбыра­сы­ның үнін өзге ұлт елінде шырқа­тып жүрген сіздерге мың алғыс, өнер­леріңіз өрлей берсін!», – деп ал­ғыс айтты.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ «Электрондық журналистика» бөлімі

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.