ҚАМБАШ КӨЛІ ЖАҒАСЫНАН ЖЕТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

0
88 қаралды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы – ел дамуының ертеңгі бағдары. Осыған сәйкес, Біз 61-қадам, яғни «ЕТ ӨНДІРІСІ МЕН ӨҢДЕУДІ ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫ ТАРТУ. Негізгі міндет шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау» турасындағы мақаланы назарларыңызға ұсынып отырмыз.


Таяуда Қамбаш көлінің жа­ға­сындағы Арал өңірі балықшыла­ры­ның дәстүрлі IV-ші слеті өткені бел­гілі. Бұған облыстың барлық аймағынан атакәсіпті тіршілігінің өзегіне айналдырған балықшылар қатысты. Ауқымды шарада ша­руалар өзара тәжірибе алмасып, ар­найы ұйымдастырылған көр­меде өздерінің талай жылғы ең­бектерін таныстыруға мүмкіндік алды.
Қазіргі кезде Арал теңізінен жы­лына 8 мың тонна балық аула­нып, балық өнімдерін өңдейтін 8-ге тарта зауыт іске қосылған екен. Өң­делген балықтар Ресей, Гүр­жіс­тан, Әзірбайжан, Дания, Польша жә­не Қытай елдеріне экспорт­та­ла­ды. Бұл шараға Қызылорда об­лы­сының әкімі Қырымбек Кө­шер­баев, ҚР Парламент Мәжілісі де­­­путаттары, Ауыл шарушылығы ми­нистрлігінің, Халықаралық «Арал­ды құтқару» қорының өкіл­дері, сала ардагерлері, Ақтөбе, Жам­был, Түркістан, Маңғыстау об­лыстары мен Ресей федерация­сынан делегация келді. Еске сала ке­тетін жайт, Ульяновск облы­сы­ның Дмитровград қаласында Арал ба­лығын өңдейтін зауыт салынған-ды. Соңғы 5 жылда аймақтағы ба­лық аулау көрсеткіші 2 есеге артқан екен. 2012 жылмен салыстыр­ған­дағы бұл көрсеткіш 8 есеге, ал 2018 жылдың І-ші жартыжылдығында ба­лық өнімдерін экспорттауда 32%-ға өскен. Слет барысында ба­лық шаруашылығының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтар мен еңбек ардагерлері Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі мен Облыс әкі­мінің Алғыс хатымен, Құрмет гра­мотасымен және медальдармен ма­рапатталды.
Үкімет басшысы Бақытжан Са­ғынтаев Облысқа ат басын бұрғанда аймақтағы шаруашылықтардың жай-жапсарымен әрі Аралда өткен арнайы мәжілісте «Сырдария өзе­нінің арнасын реттеу және Арал теңі­зінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС-II) жобасының II фаза­сы­ның іске асырылу жұмысын кеңі­­нен талқылаған еді. Нә­ти­жесінде, «САРАТС-II» жоба­сы­ның 2-ші фазасының 4 компонентін рес­публикалық бюджет есебінен қар­жыландыру жөнінде шешім қа­былданған болатын. Қызылорда су торабын кешенді жөндеу, Жалағаш, Қармақшы аудандарында өзеннің қорғаныс бөгеттерін нығайту және арнасын түзету, Қазалы ауданында Бірлік елді мекенінің тұсында кө­пір салу жұмыстары басталып та кет­ті. Сонымен қатар, балықшы­лар­дың өтініші бойынша Көкарал бөгетін ны­ғайту және Қарашалаң мен Тұщы көлдерінің тұсында өзен­нің атырабын қалпына келтіру жөнінде де тиісті шешімдер қабыл­данған-ды. Бұл шаралар – Көкарал бөгетін нығайтуға, Солтүстік Арал теңізінің су айналымын қалыптас­тыруға, теңіз­дің тұздануын төмен­детуге, ба­лықтардың Үлкен Арал теңізіне кетуін азайтуға жол ашты. Өткен жылы Орталық Азия елдері өкіл­дері­нің қатысуымен Қызыл­ордада ұйым­дастырылған бірінші Халық­ара­лық «Арал» тұрақты да­мы­ту ф­о­ру­мы барысында Халық­аралық «Арал­ды құтқару» қорының құрыл­ған күні 26 наурыз – «Арал теңізінің күні» боп жарияланған еді.
Биыл Халықаралық «Аралды құт­қару» қорының 25 жылдығы ая­сында алғаш рет «Арал теңізінің күні» Облыста салтанатты түрде ата­лып өтілді. Теңіз түбінен маржан тер­ген еңбекшілердің мерекесін той­лау аталған аймақта 2015 жыл­дан басталыпты. 1920 жылдардағы Лениннің хатына сай Повольжедегі аштық кезінде көмек қолын созу мақ­сатында Бөген ауылының өзі­нен 14 вагон балық жіберілген екен. Осылайша, теңіз сексенінші жыл­­дары тартыла бастап, балық­шылардың берекесі кеткен. Бұл олқы­лықтың орны Елбасының бас­тамасымен қолға алынған «Сыр­­дария өзенінің арнасын рет­теу және Солтүстік Арал теңізін сақ­тау» (САРАТС) жобасының нә­тижесінде толуда. Балық аулау көлемі 2000 жылмен салыстырғанда 20 есеге өсіпті. «САРАТС-I» жобасы не­гізінде Кіші Арал суға толып, жоғалып кеткен балықтың түрлері қайта пайда болды. Арал дегенде қазақтың қарымды қаламгері Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романындағы Еламан, су­дыр Ахмет, Тәңірберген, Ақба­ла­ның мазасыз тіршілігі көз алдыңа елестейтіні бар. Бірақ, одан бері көп нәрсе өзгерген секілді.
Шара барысында теңіз беті жел­мен жарысқан алуан үлгідегі ма­торлы қайықтар мен катерлерге толды. Толқынды қақ жарған су көліктері арлы-берлі андыздап, жиылған жұрттың назарын өзіне аударды. Салтанатты жиында бұрынғы балықшылар қолданған құрал-жабдықтар мен көненің кө­зіндей болған құнды жәдігер­лер­ге арналған көрме өтіп, олардың өмі­рі­нен сыр шертер көріністер көр­се­тіліп, әнші, жыршылар ән мен жыр­дан шашу шашты. Балық­шы­лардың слетіне арнайы келген ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бауыр­жан Ибрагимов Арал жұртшылы­ғын мерейлі мерекемен құттықтаса, қоңыр даусымен тыңдармандарды баурай білген Нұрлан Өнербаев пен Серік Ибрагимов Қамбаш көлі жа­ға­сын әсем әнге бөледі.


Қырымбек КӨШЕРБАЕВ, Қызылорда облысының әкімі:
– Елбасының бастамасымен жүзеге асып, «Ғасыр жобасы» атанған Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау аталған жоба аясында бірінші кезекте атқарылған ауқымды шаралар нәтижесінде, Арал өңірінің атакәсібі – балық шаруашылығы саласы жаңа деңгейге көтеріліп, қарқынды дамуда. Бүгіндері Арал теңізінен жылына 8 мың тонна балық ауланып, жергілікті балық өңдеу зауыттарында өңделуде.
Иә, қасиетті Сыр елі – өзінің жерасты байлығы – мұнай, уран, түрлі-түсті металдар, ақ күріші, төрт түлік малымен бірге Арал балығымен мақтана алатындай берекелі, құтты мекен. Арал өңірінің атакәсібі – балық шаруашылығының өзіндік аймақ экономикасындағы салмағы, тұрмыстық-шаруашылық, тарихи мән-мағынасы ешбір кеміген жоқ. Сондықтан біз төртінші жыл қатарынан Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі слетін өткізіп келеміз. Биылғы слетімізді Үкіметтің қаулысына сәйкес, ресми түрде белгіленген «Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне» орай атап өткелі отырмыз. Арал өңірі балықшыларының 4-ші слетін ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!
Ағымдағы жылдың наурызында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Арал балық өндеу зауытында болғанда Облыстың балық шаруашылығының жағдайы мен Аралда өткен арнайы мәжілісте «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау», яғни «САРАТС» жобасының екінші фазасының іске асырылу барысы кеңінен талқыланды. Кеңес заманында Арал өңірінен (Арал, Қазалы аудандары) 8 Кеңес Одағының батыры, 21 Социалистік Еңбек Ері, 2 Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты шыққанын мақтанышпен айта аламыз. Бүгінгі күні де теңіз дауылына желкенін жықпай, өмір соқпағына мойымай атакәсіпті жалғастырып жүрген балықшылар легі баршылық. Осы ретте, нарықтық экономика заманында балықшылардың басын біріктіріп, ел игілігіне қызмет жасап жүрген Әділбек Әйімбетов, Аманбай Ерхатов, Төребек Игіліков, Батырхан Пірекеев, Табын Аленов, Шүкірбай Абдуалиев, Ақылбек Байқошқаров сияқты елдің мықты азаматтарының еңбегін ерекше атап өткім келеді.


Аязбек ЕРІМБЕТОВ, балықшы:
– Қазір балықшылардың жағдайы жақсы. Құдайға тәуба, өз нәпақасын тауып жүр. Бұрын балық өзге елге шикізат ретінде кетсе, енді дайын өнім экспортталып жатыр. Алла амандығын берсе, «САРАТС» жобасының II кезеңі жүзеге асырылады. Кіші Арал теңізі қалаға тағы 1 шақырым жақындайды, жылына 30 мың тоннаға дейін балық ауланады, тиісінше балық өңдейтін зауыттардың жылдық қуаттылығы 30 мың тоннаға жетеді деген болжам бар.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.