Даниярдың кітабы сайтта сатыла бастады
13.07.2018
921
0

 

Қазақстандық жазушы Данияр Сүгірәлиновтың «Level up. Рестарт» кі­табы Amazon.com сайтында са­ты­ла бастады. Фантастика жан­рын­дағы бұл кітапты ресейлік «Эксмо» бас­пасы шығарған.

 

 

Сюжет бойынша бас кейіп­кер – блог жазу арқылы ақша та­ба­тын 30 жастағы жұмыссыз ойын­шы. Әйелі тастап кеткеннен кейін кейіпкер әлемді компьютер ойынына ұқсас жұмбақ интер­фейс­пен көре бастайды. Ол өзінің ор­таша көрсеткішті қасиеттерін «да­мытуға» тырысады. Оған нақты өмір­де ойын дағдылары көмектесе ала­ ма? Бұны оқырман Даниярдың кітабынан оқып біле алады.
«10 шілдеде Amazon.com сайты 2017 жылдың шілдесінде аяқтаған кі­табымды сатуды бастады. Бұл туын­ды күзде Мәскеу қаласынан орыс тілінде, ал сосын АҚШ-та ағыл­шын тілінде басылып шықты. Кі­­таптың бағасын қадаға­ламай­мын, бі­рақ электронды нұсқасы 4,7 дол­лар, ал қағаз нұсқасы 16,99 доллар екенін білемін. АҚШ үшін бұл аса қымбат баға емес.
Қазір «Level up» трило­гия­сы­ның то­лық бөлімдеріне байла­ныс­ты ау­диокітаптарға маманданған аме­ри­калық үлкен компаниямен келіс­сөз­дер жүргізіп жатырмыз. Ау­дио­кітаптардың форматы әдет­те­гі кітаптарға қарағанда таны-
мал», – деді Данияр Сүгірәлинов.
2017 жылдың қазан айында «Level up. Рестарт» кітабының та­ныс­тырылымы Алматыда өт­кен болатын.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір