ҚАЗАҚ ЖАЗУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Ұйымға ҚАБЫЛДАНДЫ

0
405 қаралды

Белгілі жазушы Сәуле Досжан штаб-пәтері Нью-Йоркте (АҚШ) орна­лас­қан Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясына (IWWG) қабылданды.

Гильдия ресми хатында әлемдегі әйел жазушылар шығармашылығын ілгерілетуді көздейтін қауымдас­тық жұмысына қолдау білдіргені үшін С.Досжанға алғысын жеткізді. Жазушы негізі 1976 жылы қаланған бұл ұйым ауқымында әлемнің басқа елдеріндегі әріп­тестермен пікір алмасады, жаңа шығармаларға пікір қо­сады, әртүрлі халықаралық әдеби жиындарға қа­тысады. Сондай-ақ, осы ұйым аясында қазақ жазу­шысының шығармалары басқа елдерге таныс­ты­рылады.
Гильдия директорлар кеңесі мен ақылдастар тобы­ның құрамында Dixie L.King, Marj Hahne, Judy Huge, т.б. көптеген белгілі әйел жазушылар бар.
2017 жылы «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017» (Швеция) халықаралық кітап фо­ру­мында Сәуле Досжанның «Мое чужое сердце» кіта­бы проза жанрынан үшінші орын иеленген бола­тын. Сол сияқты, «Көрдемшенің қасіреті» кітабы «The Tragegy of Bastarg» деген атпен жуырда Лондоннан (Ұлыб­ритания) басылып шықты.

Пікір қосу