София есім­ді робот Аста­на қаласын 20 жылды­ғы­мен құт­тықтады
13.07.2018
886
0

Астана қаласында «Global Silk Road» Жібек Жолы Елдері басшыларының І форумы өтті. Іс-шараға 60 елден 3000-нан астам қатысушы тіркелді. Оның 73-і Жібек жолы бойындағы қалалардың әкімдері, 30 саяси жетекші, 200 ірі сауда-өнеркәсіп палатасы мен әлемнің трансұлттық компаниялары және 150-ден астам спикер мен модератор қатысты. Екі күнге созылған форум аясында бірқатар келісімдер жүзеге асырылды.

Жиынға Қазақстандық зиялы қауым өкілдерінен ҚР Президенті жа­нындағы Стратегиялық зерттеу­лер институтының директоры За­­­­рема Шаукенова, ақын Олжас Сүлейменов, Қазақстан Жазу­шылар одағының Басқарма тө­рағасы Ұлықбек Есдәулет және Global Classroomproject Колумбия уни­вер­ситеті Жер Институтының ай­­мақтық директоры Рафис Аба­зов қа­тысты. Сондай-ақ, Hanson Robotics компаниясы шы­ғарған әлем­дегі алғашқы ги­ноид София есім­ді робот Аста­на қаласының 20 жылды­ғы­мен құт­тықтады.
Қатысушылар «Белдеу мен жол» бағдарламасын талқылап, ай­­мақтық экономикалық әріп­тес­­­тіктің жаңа механизмін дайын­­­дауды, БАҚ саласындағы бай­ланысты нығайтып, ин­тер­нет-платформасын белсенді қол­дану ісін сөз етті. G-Global Ха­лық­­аралық хатшылығының бас­­­­­­­­шысы Серік Нөгербеков Жі­бек жолы бойындағы елдерге Жазу­­­шылар одағы қауымдас­ты­­­ғын құру туралы ой айтты.
Форум аясында Астана қала­сының әкімі Әсет Исекешев бас шаһардың 20 жылдағы жетістігін ортаға салды. Халықаралық фо­рум шеңберінде өткен «Тірі және тұ­рақты қала: әріптестік пен ин­новацияның арқасында болашақ­ты қамту» атты дөңгелек үстелде Астана әкімі Жібек жолы елдері қалаларының басшылары клубын құруды ұсынды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір