БАУЫР БОЛСАҚ ЖЕТЕДІ…

0
75 қаралды

Есенқұл алпыс жасқа толар қарсаңда ма екен, Қазақстан Жазушылар одағында шығармашылық кешін өткізді. Ақынды сонау жасырақ кезден білуші едім. ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде сырттай бірталай жыл оқыса керек. Атақты 5-жатахқанаға достарымен бірге анда-санда соғып тұратын.

Әлгі кештің алдында өзімен дә­лізде жолығып, қос қолдап сәлем бердім де:
– Кеш құтты болсын! — деп тілек айттым. Одан соң қалжың ретінде:
– Есаға, «құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деуші еді, сен де – «құл», мен де «құл», қалай болар екен? – дедім. Қа­шанда көкірегі ояу, көңілі сер­гек ағам рахаттана күліп, құшақ­тай алды да:
– Ай, сен екеуіміз бас болмай-ақ қоя­йық. Бізге бауыр болсақ та жетеді! – деді.

Құлтөлеу Мұқаш

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.