БИЫЛҒЫ ЖЫЛДЫҢ КӨШІН БАСТАҒАН 3 ФИЛЬМ
13.07.2018
935
0

«Қазақ әдебиеті» апталығының осы санында біз 2018 жылы топ жарған, көптің көкейіне қонған, сондай-ақ мол қаржы-қаражат жиған 3 киноға аз-кем шолу жасаған ек. Бір ұққанымыз, «Кек алушылар», «Иттер аралы» мен «Жаз» кинотуындылары қалтаны қампайтумен қатар, көрерменді мейлінше көп жинауға барын салған екен. «Авторлық кино» мен «Коммерциялық киноның» жігі осы тұста ажырайтыны айтпаса да белгілі жайт. Ендеше, ел назары түскен осы фильмдермен танысып шыққайсыз, патшакөңілді оқырман.


«КЕК АЛУШЫЛАР»

Кек алушылар мен олардың достары жарық дүниені түрлі қауіп-қатерден қорғап жүрген кезде, Танос атты тажал пайда бола кетеді. Оның мақсат-мұраты – Шексіздіктің Алты тасын жию. Аталмыш Алты тас – Ғаламды ұршықша иіретін күшке ие. Жаһанды құтқару – сол Кек алушылардың құзіретінде.
Фильмнің АҚШ-тағы көрсетілімінен жиналған қаржы көлемі: $674 996 992, ал әлем көрерменінен жиналған қаржы көлемі: +$1 365 088 563 = $2 040 085 555. Оның тұсауы 2018 жылдың сәуір айында кесілген еді. «Кек алушылардың» ұзақтығы: 149 минут/02:29, түсірген ел: АҚШ. Режиссерлері – Энтони Руссо, Джо Руссо, сценарий авторлары – Кристофер Маркус, Стивен МакФили, Стэн Ли, продюссерлері – Виктория Алонсо, Митчелл Белл, Эрик Коста, операторы – Трент Опалок, композиторы – Алан Сильвестри, суретшілері – Чарльз Вуд, Джим Барр, Томас Браун, монтаждаушылары – Джеффри Форд, Мэттью Шмидт. Кинотуындының жанры: фантастика мен фэнтези. Онда кіші Роберт Дауни, Крис Хемсворт, Марк Руффало, Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, Дон Чидл, Бенедикт Камбербэтч, Том Холланд, Чедвик Боузман, Зои Салдана секілді актерлер мен актрисалар ойнады.


«ИТТЕР АРАЛЫ»

Бұл мультфильм он екі жа­сар Атари Кобаяши туралы. Жоғарғы жақтың Бұйрығымен Мегасаки шаһарының иттері қоқыс жинайтын аралға бет алғанда, Атари шап-шағын ұшу құрылғысына мініп, сол жерге Спотс атты итін іздеуге бара­ды. Бүкіл қызық сонда бас­та­лады. Бір топ итпен танысқан бала бүкіл Префектура тағдырын өзгертер ұзақ та шы­тырман уақиғаға толы саяхат шегеді.
Оның АҚШ-тағы көрсетілімінен жиналған қаржы көлемі: $31 914 239, ал әлем көрер­менінен жиналған қаржы көлемі: +$30 906 087 = $62 820 326. Аталған мультфильмнің тұсауы 2018 жылдың ақпан айында кесілген-ді. Ұзақтығы: 101 минут/01:41. «Иттер аралында» Брайан Крэнстон, Кою Ранкин, Эдвард Нортон, Боб Бэлабан, Билл Мюррей, Джефф Голдблюм, Кунъити Номура, Акира Такаяма, Грета Гервиг, Фрэнсис МакДорманд сияқты артистер ойнайды. Туындыны түсірген ел: Германия мен АҚШ. Режиссері – Уэс Андерсон, сценарий авторлары – Уэс Андерсон, Роман Коппола, Джейсон Шварцман, продюссерлері – Бен Адлер, Уэс Андерсон, Эли Буш, операторы – Тристан Оливер, композиторы – Александр Деспла, суретшілері – Пол Хэррод, Адам Штокхаузен, Курт Эндерле, монтаждаушылары – Эдвард Берш, Ральф Фостер, Эндрю Вайсблум. Жанры – мультфильм, фэнтези, драма, комедия.


«ЖАЗ»

Кинотуынды әнші әрі композитор Виктор Цой мен «Кино» тобының жүріп өткен жолынан, Майк Науменко және оның жанжары Натальямен байланысы жөнінен сыр шертеді. Бұлардың бәрі – Ленинградтағы (1981 ж.) рок бағытының өрістеуіне, кең қанат жаюына оң ықпал етіп, соның бастауында тұрған өнерпаздар. Ленинград қаласындағы, жалпы елдегі сексенінші жылдардағы сергелдең, махаббат пен ғадауат, үміт пен күдік, жақсы мен жаман қатарласа өрілген «Жаз» – көруге тұрарлық фильм.
Оның көрсетілімінен жиналған қаржының жалпы көлемі: $1 321 032. Туындының тұсауы 2018 жылдың мамыр айында кесілді. «Жазда» Рома Зверь, Ирина Старшенбаум, Тео Ю, Филипп Авдеев, Евгений Серзин, Александр Горчилин, Василий Михайлов, Александр Кузнецов, Никита Ефремов, Герман Осипов секілді артистер ойнайды. Режиссері – Кирилл Серебренников, сценарий авторлары – Михаил Идов, Лили Идова, Кирилл Серебренников, продюссерлері – Илья Стюарт, Мурад Османн, Михаил Финогенов, операторы – Владислав Опельянц, композиторлары – Рома Зверь, Герман Осипов, суретшілері – Андрей Понкратов, Татьяна Долматовская, монтаждаушысы – Юрий Карих. Киноның жанры – ғұмырнамалық драма, түсірген ел: Ресей.

Әзірлеген Әлібек БАЙБОЛ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір