Кембридж университетіне ашылған жол

0
44 қаралды

Енді Назарбаев Зияткерлік мектептерін бітірген әрбір талапкер қатаң іріктеу өлшемдері бар Кембридж университетінің бакалавриатына түсе алады. Зияткерлік мектептердің сертификаты әлемдегі ең беделді университеттерге түсуге жол ашпақ. Бұл Cambridge A Levels, IB Халықаралық бакалавриат және Advanced Placement сынды мойындалған білім беру бағдарламаларымен тең. Таяуда Кембридж университетінің ресми сайтына «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» статусын ресми түрде растайтын ақпараттық хабарлама шықты.

Назарбаев Зияткерлік мектеп­тері­нің 12 сыныбын бітірген талап­кер­лер­ге мынадай ұсыныстар қойылған:
1) Гуманитарлық ғылымдарға (экономикадан басқа), психоло­гия­ға және мінез-құлық ғылымдарына және ветеринарлық медицинаға 2019 жылға Кэмбридж бекіткен озық деңгейдегі пәндер бойынша A*AA бағалауына негізделетін болады.
2) Басқа жаратылыстану ғы­лым­дарына (психология және мі­нез-құлық ғылымдары мен ве­теринарлық медицинадан басқа) және экономикаға қабылдау 2019 жылға Кембридж бекіткен озық деңгейдегі пәндер бойынша А*А*А бағасына негізделеді.
Кембридж университетінің ресми сайтындағы ақпарат – Зияткерлік мектептерді халықа­ра­лық мойындаудың заңды жалғасы. Айта кетерлігі, британиялық белді ұйым UK NARIC (National Recognition Information Centre) – Ұлы­британияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығы Назарбаев Зияткерлік мектеп­те­рінің NIS-Programme оқу бағдар­ламасын халықаралық General Certificate of Education A-Level (GCE A-Level) деңгейімен тең деп мойындаған болатын. Бұл бағдар­лама жаһанның барлық беделді университеттеріне мәлім. Аталмыш бағдарлама бойынша білім алған түлектер ешқандай қосымша емтихан тапсырмайды. Универси­тет­ке дайындайтын Foundation кур­сын оқымастан жоғары оқу орынға түсе алады.
2018 жылдың мамыр айында Зияткерлік мектептердің сертифи­каты Германия Федеративтік Рес­пу­бликасынан тағы бір халы­қара­лық мойындауға ие болды. ГФР Білім және мәдениет министрлер кеңесі неміс елінің жоғары оқу орын­дарына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне арналған арнайы нұсқаулық жіберді. ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльдің «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқар­масы­ның төрайымы Күләш Шәм­ши­диноваға жолдаған ресми ха­тын­да жазылғандай «Кеңес Зият­керлік мектептер түлектерінің сер­тификатын Германияның жо­ғары оқу орындарында тікелей білім алуға жарамды деп тапты.»
Бүгінгі таңда Назарбаев Зият­кер­лік мектептерінің оқу бағдар­ламасы өзіміздің үздік жоғары оқу орындарында да мойындалып отыр. Зияткерлік мектептердің түлектері Назарбаев Универ­сите­тінің бакалавриат бағдарламасына Foundation курсына қатыспастан қабылданады. Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің түлектері Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТУ), КИМЭП Университетіне, Халықаралық ақпараттық технологиялар уни­вер­ситетіне («Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына), Қ.Сәтбаев атын­дағы Қазақ ұлттық техникалық уни­верситетіне (ҚазҰТУ), т.б көп­теген жоғары оқу орындарының екінші курсына қабылдана алады.

Пікір қосу

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.