МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ АТТЕСТАЦИЯЛАУ – ОҢ БАСТАМА
13.07.2018
1978
0

Газетіміздің осы санында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» бағдарламасындағы «ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу» турасындағы 15-ші қадамына тоқталуды жөн санадық.

Аттестациялауды өткізу мем­ле­кеттік қызметкерлердің әлеуе­тін, дең­гейін анықтауға бағыт­талған. Олар­ға жыл сайынғы ең­бек дема­лы­сын беру, іс-са­пар­ға, тағы­лым­да­маға, біліктілікті арт­тыру мен қай­та даярлау курс­та­рына жіберу, аттестациядан өт­кізу кестесін ескере отыра жүзе­ге асы­рылады. «Б» корпусы мемлекеттік қыз­мет­­­керлерінің ішкі конкурс­тарға қа­тысулары, сонымен қатар, олар­дың мемле­кеттік, әкімшілік лауа­зымдарға тағайындаулары Ат­тестаттау комиссиясының ше­ші­­мімен ғана жүзеге асырылады.
Аттестаттация тұсында оқу де­­малысында, жалақы сақтал­май­­тын демалыста, ұзақ сапарда, я болмаса науқастануына бай­ла­нысты, халықаралық және өзге де ұйымдарға іс-сапарға жіберіл­ген мем­лекеттік қыз­меткерлері, жұ­мыс­қа шыққаннан соң 6 ай мер­зі­мінде 2018 жылдың соңына дейін аттестациядан өте алады. Сұқбаттасу тәртібінің адал да әділ­ді­гін қамтамасыз ету үшін Аттес­та­ция­лық комиссия құра­мына Агент­тік өкілдерін, жоғар­ғы тұрған меморгандар, қоғамдық бір­лестіктер мен кеңестер, ака­де­мия­лық орта өкілдерін, сон­дай-ақ мәслихат депутаттарын қосу ұсы­нылды-ды. Комиссия мүш­е­лері сұқбаттасуды, құзыреттілігін анықтау дағдыларына үйретуді Мем­лекеттік басқару академия­сын­да және Облыс әкімі аппарат­тары­ның жанындағы Өңірлік оқыту орталықтарында өтпек. «100 нақты қадам» бағдарламасы­ның 15-ші қадамы «Мемлекеттік қыз­меткерлерді кешенді аттес­тат­таудан өткізу» арқылы, олар­дың біліктілігін жоғарылатуды көзейді. Аттестаттау мемлекеттік қыз­меткерлердің құзыреттілігі мен білім деңгейін анықтауға мүм­кіндік беретін кадрлармен жұ­мыстың ықпалды шарасы боп са­налады. Аттестациялау бары­сын­да 2016 жылғы 30 желтоқсан айын­дағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың №404 Жарлығына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкім­ші­лік қызметшілерін аттестаттау­ды өткізу туралы» қағидалары сақталады. Биыл «Б» корпусын­да­ғы мемлекеттік қызметкерлер бір реттік және кешенді аттес­та­ция­лаудан өтеді.
Осы орайда, Елбасы «мемле­кет­тік қызмет жүйесін рефор­ма­лау қатаң тәртіппен, реттілікпен жүзеге асыру қажеттігін» нақты ес­кертті. Осы тұрғыдан келгенде, құ­зыретті және кәсіби басқару­шы­ларды қалыптастыру – кез кел­ген қоғам үшін өте маңызды жә­не өте күрделі міндет. Мемле­кет­тік қызметкерлердің білікті­лі­гін арттыру – елімізде кәсіби мем­лекеттік аппарат құруға жол ашады. Мемлекеттік қызметкер­лер­ді баулу арқылы басқару жүйе­сін құру – мемлекеттік қыз­мет­ке үміткерлерді таңдау аясын кеңейтеді, бұл сапалы кадрларды таңдауға және көптеген талантты адамдардың мемлекеттік қыз­мет­ке келуіне мүмкіндік бе­реді. Осын­дай талаптарды күшейтуді бас­ты назарда ұстаған Қазақстан пост­кеңестік елдердің ішінде алғаш­қы болып, «Мемлекеттік қыз­мет туралы» Заң негізінде мем­лекеттік қызметшілердің жаңа кадрлық корпусын қалып­тастыруға кірісті. Бүгінгі таңда «100 нақты қадам» бағдарлама­сы­на сай, алға қойылған басты мақ­саттар өз шешімін тауып, негізгі қағидаттар заңдастырылды. Ендігі мақсат 15-қадам талапта­ры­на сай: «Мемлекеттік қызмет тура­лы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттес­тат­таудан өткізу, кәсіби талаптар­ды күшейту және еңбекақы тө­леудің жаңа жүйесін енгізу» бо­­­лып отыр. Осы ретте, «Б» кор­пу­сына кі­ретін мемлекеттік қызметші­лер­ді аттестациялау биылғы жыл­дың алғашқы жартысында баста­лып, екінші жарты жылдық­қа дейін толық аяқталады деп жос­пар­ланып отыр. «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметкер­лер­ді аттестаттау барысында олар­дың кәсіби біліктілігіне баса на­зар аударылады.
Бес институционалдық ре­фор­маларды жүзеге асыру мақ­сатында Елбасы Н.А.Назарбаев ұсын­ған «100 нақты қадам» – Қа­зақ­станның дамыған 30 елдің қа­тарына кірудің, дамуды көзде­ген, сыртқы және ішкі саясатты реттейтін мемлекетті жаңғыртуға бағытталған бағдарлама. Ал Мем­лекеттік қызметкерлерді ат­тес­тациялаудың мақсатына келер бол­сақ, «Б» корпусы қызметші­лері­нің кәсіби дайындық дең­гейін және атқаратын лауазым­да­рына сәйкестігін айқындау жә­не аталмыш аттестацияның қо­рытындысы бойынша Ко­мис­сия мүшелері қызметкердің лауа­зымын жоғарылатуға құқылы. Ай­талық, мемлекеттік қызметкер Аттестация комиссиясының оң ба­ғасын алса, онда аталмыш қыз­меткер мекеме басшысына лауа­зы­мын жоғарылату жөнінде ұсы­ныс жасай алады. Бұл мемлекеттік қыз­метте жұмыс істейтін азамат­тар­дың өз жұмысын тиянақты орын­дауға ынталандырады. Міне, кәсіби мемлекеттік аппа­рат­тандыру дегеніміз – осы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір