АЛҒАШҚЫ АЛТЫН
13.07.2018
985
0

Болгарияда 10-13 жас аралығында өткен International Mathematics Competition (IMC) халықаралық олимпиадасынан Қазақстан командасы жүлделі оралды.

Олимпиаданың ұйым­дас­ты­рушы Малайзия, Сингапур, Қы­тай, Тайвань, Гонконг, Фил­ип­пин, Таиланд мемлекеттері. Биыл­ғы олимпиадаға Азия ел­дері­нен бөлек Канада, Мексика, Кипр, Иран және Оңтүстік Аф­ри­ка командалары қатысты. Әлем­нің 31 мемлекеті бақ сы­найтын Халықаралық жас ма­тематиктер сайысына еліміз 2013 жылдан бері қатысып келеді. Қа­зақстанның биылғы коман­да­сы әр өңірден 16 оқушы іріктелді. Сайыс нәтижесінде қазақс­тан­дық математиктер 5 жүлделі жә­не 7 өлшеуіш орынды иеленді. Атап айтсақ, Райымбек Байшуақ – алтын, Әди Сахантаев пен Байсейіт Есенбай – күміс, Ол­жас Махажанов пен Диас Арыс­тан­бек – қола медаль еншіледі. Ко­манда жетекшісі Айдын Жам­былдың айтуынша, бұл жетістік ұзақ жылғы дайындық пен үз­дік­сіз тәжірибе алмасудың нә­ти­же­сі. Жылдан жылға қа­тысу­шы­лар саны артқандықтан, олимпиада шарт­тары мен кезеңдері күр­де­ле­не түскен. Соған қарамастан біз­­дің дарынды балалар үмітті ақ­тап, Қазақстанға биыл бірінші рет алтын алып берді. Мұндай бі­лім сайыстарында оқушылар өза­ра білім жарыстырып қана қой­май, бір-бірімен араласып, тә­жірибе алмасады.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ «электрондық журналистика» бөлімі

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір