ЗАҢ САЛАСЫНДАҒЫ ИГІ БАСТАМАЛАР
13.07.2018
1143
0

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасы – ел дамуының негізі. Аталған құжаттың 19-шы қадамы мемлекетіміздің сот-құқықтық жүйесін дамытуға арналған. Бұнда еліміздегі Заң үстемдігін қамтамасыз етуге, Сот қызметінің беделін көтеруге, судьялардың қызметіне деген халықтың сенімін арттыруға, сонымен қатар, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу талаптарын қатайту жөнінде айтылған.

Сондай-ақ, «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформа­ны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақ­ты қадам» бағдарламасының 19-шы қадамында судьялыққа үміт­керлердің бұл жауапты қыз­мет­ке 30 жастан бастап кірісуін бел­гілеу, сот істерін жүргізу үшін 5 жыл­дық өтілі болуының, кәсіби дағ­дысы мен іскерлігін тексеру үшін тестілеу жүйесін енгізу, су­дья­­лыққа үміткерлердің соттарда сти­пендия төленетін бір жылдық та­ғылымдамадан өтуі, судьяның бір жылдық сынақ мерзімінен өтуі қажеттілігі қарастырылған. Судья лауазымына үміткерлерге қойы­ла­тын жаңа талаптардың күшей­тілуі­нің басты мұраты – судья­лар­ды тағайындау, олардың тәуел­­сіздігін қам­тамасыз ету және олардың жауап­кершілігін күшейту арқылы бо­лашақта Сот корпусының са­па­лы құрамын жақсарту. Стра­тегия­лық жоспарда көрсетілген Соттың халық үшін ашық әрі қолжетімді болуы, судьялардың есеп беру тәр­ті­бін күшейту, барлық сот про­цес­теріне үн-бейне жазба құралдарын қол­дануы, Алқабилер соты қол­да­нылатын салаларды кеңейту – сот­тардың халыққа бір қадам жа­қын болуды қамтамасыз ететін ша­ралар.
«Ұлт жоспары – бес институ­цио­налдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағ­дарламасы Қазақ елі үшін маңыз­дылығы жөнінен ең бірінші орын­да тұрған мемлекеттік қыз­мет­тің сапасын арттыруға, құқық бұзу­шылықтың жүйелі түрде ал­дын-алуға бағытталған. Аталмыш құжаттың 19-шы қадамында Сот жүйесінің халыққа қолжетімді болуы, Сот жүйесі инстанциялары­ның азайып, яғни оңайлатылып, үш сатылы: бірінші, апелляция­лық, кассациялық Сот төрелігіне кө­шу туралы жан-жақты айтылған.
Сот жүйесіндегі жаңа өзгеріс­тер қоғамның Сот қызметіне деген сенімін арттыруға сеп болмақ. Бұл мә­селеге Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың үнемі көңіл бөліп отыруы су­дья­лар­ға жауапкершілік жүктейтіні белгілі. Президент ұсынған кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстем­дігін қамтамасыз ету, индуст­рия­ландыру және экономикалық өсім бағыты, біртектілік және бір­лік, есеп беретін мемлекетті қа­лып­тастыру секілді бастамалар күр­делі кезеңнен сенімді өтуіне жол ашады. Заңның үстемдігін қам­тамасыз ету жөніндегі рефор­ма­ны жүзеге асыруға 19 жаңалық енгізілген. Мысалы, азаматтардың Сот төрелігіне қолжетімділігін жеңіл­­дету үшін Сот жүйесі инстан­ция­ларын оңтайландыру, қолда­ныс­­тағы бес сатылы сот жүйесінен (бі­рінші, апелляциялық, касса­ция­лық, қадағалау және қайта қа­да­ғалау жасау) үш сатылы (бірін­ші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу, сот­тар­ды іріктеу тетіктерін жаңарту жайы көрсетілген. Әділ Сот төре­лі­гін қарапайым халыққа, инвес­тор­лар мен бизнесмендер үшін де қол­жетімді ететін Жоғарғы Сотта ин­вестициялық алқа құру – оң бас­тама. Елбасы судьялардың есеп беру тәртібін күшейтуді айрықша тапсырды. Сот рәсімдерін оңай­ла­ту және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жө­ніндегі соттарға прокурор­лар­дың қатысуын азайту да сөз болды. Сондай-ақ, этикалық нормаларды бұзуға жол беретін полицейлердің іс-әрекеттеріне шағымданған аза­маттардың арызын қарау жөніндегі қо­ғамдық кеңес жүйесін құру ар­қылы полицияның ашықтығын қам­тамасыз ету қажеттігі атап көр­сетілді. Аталған мәселелер әділ сот төрелігін жүзеге асырудағы ше­шім қабылдайтын, даулы істер мен адам тағдырын шешетін әрбір судьяның өз мандатына толық сай болуын, сот қызметінің және құ­қық бұзушылықпен күресудегі по­лиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Соған сәйкес, ха­лықтың құқық қорғау органдары мен сот билігіне деген сенімі ны­ғаяды деген сенім бар. Әр үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік се­зінуді талап ететінін ескерсек, атал­ған қадамның барлығы уақыт өте келе сот қызметінің өлшемін биік дәрежеге жетелейтіні сөзсіз.

Justice concept. Gavel, golden scales and books in the library with dof effect. 3d

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір