Әкімдер форумы
06.07.2018
791
0

2018 жылдың 2-3 шілдесінде Астана қаласы әкімдігі мен Астана Халықаралық қаржы орталығы, Халықаралық G-Global хатшылығы, Жібек жолының Халықаралық ғылым академиясы, Халықаралық Жібек жолының сауда-өнеркәсіп палатасының ұйымдастыруымен «Global Silk Road Жібек жолы бойындағы қалалар әкімдерінің форумы» өтті. Астананың 20 жылдық мерей­тойымен Қытай Халық Респуб­ликасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығымен сәйкес келген GSR форумға Жібек жолы бойындағы қала мэрлері, әлемдік бизнес басшылары, қаржы институттары, мемлекет және ғылым қайраткерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, 60-тан астам елдің бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Қазақстанның елордасына жиналған қала басшылары өзара тәжірибе алмасып, оң жетістікте­рімен бөлісті.
Форум аясында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да «Жібек жолы елде­ріндегі әлемдік әдебиет пен мәдениеттің ролі» атты пленарлық сессия өтті. Онда Жібек жолы елдерінің әдеби-мәдени қарым-қатынасын нығайту, жетістіктерін таныстыру, Қазақстан қаламгерле­рінің шығармаларын аударып, Жібек жолы елдеріне тарату ісін қарқынды түрде жүзеге асыру, өзара мәдени жылдар, кино, ТВ саласында фестивальдер ұйымдастыру, кітап көрмелерін өткізу жайы талқы­ланды. Сондай-ақ, БАҚ саласындағы байланысты да нығайтып, интернет-платформасын белсенді қолдану ісі сөз болды.
Жиынға Қазақстандық зиялы қауым өкілдерінен ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, «Қорқыт» қоғамдық қорының жетекшісі Дана Мейірбекова қатысып, сөз сөйледі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір