«Томаға киген тау бүркіт…» Республика ақындарының жабық конкурсы
06.07.2018
1114
0

(Әбілхайыр ханның 325 жылдығына орай)

Атырау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма­сы­ның қолдауымен Әбілхайыр ханның 325 жылдығына орай жария­ланған Республика ақындарының жабық конкурсы Әбілхайыр хан­ның қайраткерлік келбетін ашып көрсетуге және жыр тілінде сурет­теуге арналған.
Конкурстың шарттары
1. Ақындардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды;
2. Өлең 10 шумақтан аспауы тиіс;
3. Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан алған атағы бар ақындар қатыспайды;
4. Конкурсқа қатысушылар шығарманы Agatai_2005@mail.ru атты электрондық поштаға жасырын атпен жібереді, ал сол мәтінді және өзінің жасырын атын, жеке куәлігінің көшірмесін, телефон нөмірін, толық мекен-жайын көрсетіп, бөлек конвертке салып, төмендегі адреске жіберуі керек:
Атырау қаласы, Азаттық даңғылы,11 (аула ішіндегі ғимарат)
Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Марапаттар:
1. Бас жүлде – біреу;
2. Бірінші орын – біреу;
3. Екінші орын – екеу;
4. Үшінші орын – үшеу.

Бұдан басқа арнайы және шабыттандыру сыйлықтары қарасты­рыл­ған.
Қазылар алқасының құрамына қазақтың көрнекті ақындары бар. Қазылар алқасына жүлдегерлерді анықтау үшін таратылған шығар­ма­лардың авторы, тақырыбы көрсетілмей беріледі.
Конкурс қорытындысы осы жылдың тамыз айының аяғына шығарылады. Жеңімпаздарды марапаттау Атырау қаласында өтеді. Ұйымдастырушы Қазақстан Жазушылар одағының Атырау филиалы.

Байланыс телефондары:
87017366473, 87783224107, 87122-75-57-48.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір