Ұлттық банк: Сұрақ-жауап
06.07.2018
1995
1

27 маусымда Ұлттық банк өзінің ресми ин­тер­нет ресурсында «7-20-25» бағдарламасы бойын­ша жиі қойылатын сұрақтарға жауап бер­ді. ІХ бөлімнен тұратын бұл құжат 42 сұрақты қам­тыды.
Жұртшылық бұл құжатпен Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресур­сында «7-20-25 Әрбір отбасына баспана алу­дың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту тура­лы» Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2018 жылғы 31 мамырдағы
№107 қаулысы сілтемесі бойынша таныса алады.
Тоғыз бөлімнен тұратын құжатта Ұлттық банк несие алудың талаптары мен шарттарын же­ке-жеке таныстырып, сол бөлімге қатысты сұрақ­тарға нақты жауап береді.

«7-20-25»-ке қатысу үшін мынадай талаптар қойылған:

 

Қазақстан Республикасының азаматы
Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы міндетті


Табыстың болуы
Қарыз алушыда кәсіпкерлік немесе еңбек қызметінен түсетін табысының болуы


Ипотекалық заемдардың болмауы
Қарыз алушыда үй сатып алуға, оның құрылысына немесе жөндеуге алған заемдары бойынша өтелмеген қарызының болмауы


Баспананың болмауы
Қарыз алушыда Қазақстан Республикасының аумағында отбасының әр мүшесіне шаққанда 15 шаршы метрден аспайтын жатақхана бөлмелерінен, апатты жағдайдағы үйлерден басқа баспананың болмауы


Ондағы шарттар мен талаптар бойынша банктер жасаған төлем қабілеттілігін және басқа да нюанстарды құжаттау да маңызды. Бұған қоса екінші деңгейлі банктер бағдарлама шарттарына қайшы келмейтін өз талаптарын белгілей алады. Ең төменгі жалақы деңгейі белгіленбегендіктен, қарыз алушы ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыра алады, сондай-ақ, басқа қарыздарды есепке алынады. Қосарланған қарыз алушыны тартуға болады. Бағдарламада қарыз алу үшін кезекке тұрудың қажеті жоқ. Өйткені, бағдарламаға қатысамын деген Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін тең жағдай жасалған.
Тұрғын үйдің ең жоғары құны мынадай болады:
25 млн. теңге – Астана, Алматы, Ақтау, Атырау қалалары үшін;
15 млн. теңге – басқа өңірлер үшін.
Тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны, сондай-ақ ауданы шектелмейді.
Сондай-ақ, қарыздың ең жоғары мөлшері белгіленбейді, 20% мөлшеріндегі бастапқы жарнаны ғана ескеру қажет.

Тұрғын үй құны,        
теңге

5 млн.
10 млн.
15 млн.
20 млн.
25 млн.


Бастапқы жарнаның
мөлшері, теңге

1 млн.
2 млн.
3 млн.
4 млн.
5 млн.


Ай сайынғы
төлем мөлшері, теңге

28 мың
57 мың
85 мың
113 мың
141 мың


«7-20-25» бағдарламасына қатысатын серіктес-банктер:

«Банк ЦентрКредит» АҚ
«Еуразиялық Банк» АҚ
«АТФБанк»АҚ
«Цеснабанк»АҚ
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ
«Банк «Bank RBK» АҚ
«Қазақстан Халық банкі» АҚ

Жанар АДЫРБАЙ,
ХАТУ-дың І курс студенті.

ПІКІРЛЕР1
Аноним 22.12.2019 | 09:40

Жарамсыз, тозығы жеткен теңгені қалай өткізуге болады. Атырау қаласы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір