«Еуразия» кинофестивалі
06.07.2018
814
0

Астана қаласында 14-халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің салтанатты ашылуы өтті. 1-7 шілде аралығында өтетін фестивальдің негізгі мақсаты Қазақстан кино саласын қолдау. Ұлттық және мәдени құндылықтарды паш етіп, Еуропа және Азия елдерінің кинематографистерімен халықаралық ынтымақтастық орнату.

Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған. Мәдени шараға француз актері Венсан Кассель, сербиялық режиссер Эмир Кустурица, қазақ актриса Самал Еслямова және «Оскар» жүлдесінің иегері режиссер-монтажер Габриэлла Кристиани, танымал актриса Леа Сейду, Равшана Куркова және Андрей Соколов сынды ресейлік әртістер қатысты. Жылдан жылға даңқы асқақтаған фестиваль Канн, Венеция, Берлин және басқа да Халықаралық кинофестивальдер деңгейіне жетуді көздейді. Сондай-ақ, шетелдік қатысушылар жұртшылықты Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, қазақстандық әріптестерімен бір сахнада өнер көрсетті.
Апта бойы қала тұрғындары мен қонақтары түрлі кинотуындыларды тамашалай алады. Фестиваль жеңімпаздарын анықтайтын Қазылар алқасының мүшелері де өз жұмысына дайын, әрі олар 8 секцияға бөлінген. Кинофестивальге қатысушылар толық және қысқа метражды фильмдер, әлем киносы, деректі фильм бөлімдері бойынша өз туындыларын қалың көрерменге көрсете алады. Бүгінде 14 жыл бойы өтіп жүрген аталмыш кинофестиваль жалпақ жұртқа мәшһүр болып, көрермен көңілінен шықты. Оған қатысып, тәжірибе жинаған көптеген отандық жас кинематографистер әлемдік аренаға шығуға мүмкіндік алды.

Аяулы ҚУАНЫШ,
ХАТУ-нің «Электрондық
журналистика» бөлімі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір