«Жұлдыз» журналы. № 6. 2018
06.07.2018
3905
0

Аса көрнекті жазушы Мұхтар Мағауин кейінгі кездері замандас қаламдастары туралы «Естеліктер кітабын» жазып жүр. Оны «Жұлдыз» журналы үзбей жариялап келеді. Журналдың бұл саны да Мұхтар Мағауиннің Мұхтар Әуезов, Тобық Жармағамбетов, Амантай Сатаев сынды қаламгерлер туралы естеліктерімен ашылған. Сонымен қатар атақты жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың Құрбанғали Халидұлы мен оның өмірі мен шығармашылығы туралы «Ғалым сақабасы» атты көлемді мақаласы, Елен Әлімжанның «Анажар» романы, Қуандық Түменбаевтың «Атуға бұйырылған адам», «Кесел», «Қаралы митинг» және Қуаныш Жиенбаевтың «Қақпақыл» әңгімелері, Ғұсман Жандыбаевтың «Шыңдық туралы ертегісі», Аян Нысаналинның «Жалтақтаймын жолайырықта аңырып» атты өлеңдер топтамасы, Сайлау Байбосынның «Жүсіпбек пен Сұлтанмахмұт» поэмасы оқырмандар назарына ұсынылған.
Әлемге әйгілі жазушы Габриэль Гарсиа Маркестің «Ғажайыптар сатушысы – жайсаң жанды Блакаман», «Мырсынының ішіне еніп кеткен Ева» (Орыс тілінен аударған Кеңес Юсуп) атты классикалық әңгімелері, белгілі суретші Еркін Нұразханның Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің өмірінен сыр шертетін «Қаһарман хатшысының жазбалары», Нағашыбай Мұқатовтың атақты ақын Кайнекей Жармағанбетовтің шығармашылығы жөнінде «Кекті бала» – кесек туынды», Ділдәгүл Нұрмаханбеттің талантты жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың «Мен жындымын» романындағы көз немесе бір тамшы у» атты әдеби сын мақалалары жарық көрген. Сондай-ақ журналдың осы санынан оқырмандар Нұрлан Қамидың «Ұлт жоқшысын кім іздейді», Күнсәуле Шайзаданың «Қазақстан халқын топтастырушы институт», Серік Сексенұлының «Қоғамдық келісім тірегі» тәрізді танымдық-тағылымдық мақалаларын оқи алады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір