Жерұйық
06.07.2018
1232
0

 

 

 

 

Сәдібек ТҮГЕЛ, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, журналист

 


«Астана хикаялары» сериясынан

1999 жылдың 12 қазаны күні. Күнделікті қайнаған жұмыс. Астана қаласы әкімдігі бас­пасөз қызметінің қос телефонында бір сәтте тыным жоқ. Жан-жақтан журналистер хабар­ласып, бүгінгі күннің атқарылатын іс-шаралары ту­ралы мәліметтер алуда. Негізгі шара – елор­даның оңтүстік-шығыс ауданындағы жаңа сая­баққа ағаштар мен көшеттер отырғызу. Оған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Үкімет мүшелері келіп қатысады. Менің мін­детім – бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдерін акре­дитациядан өткізіп, саябаққа жеткізу. Ол жө­нінде Президент әкімшілігі баспасөз қыз­метінің сектор меңгерушісі Иванов Александр Васильевич те айтқан болатын. Бел­гіленген уа­қытта барлық журналистерді ав­тобусқа отыр­ғызып саябаққа келдік. Қа­лалық коммуналдық- шаруа­шылық және «Зеленстрой» мекеме­лері­нің жұмысшылары ағаш отырғызатын құрал-саймандарды са­қадай-сай дайындап қойған. Сол күні Пар­ламент пен Үкіметтің бірлескен мә­жілісі өт­кізілді. Онда жаңа Үкімет басшысы болып Қа­сым-Жомарт Тоқаев сайланды. Ол Нұр­­лан Балғымбаевты ауыстырды. Түскі 14.00-де Елбасы өзі бастап жаңа сайлаған Үкімет мүшелері мен Парламент депутаттарын алып келді. Элита межелі орындарға барып, қол­да­ры­на күрек ұстап, бірден ағаштарды, талдарды егуге кірісті. Нұрсұлтан Әбішұлы саябақтың орта тұсындағы шұңқырға жас қайыңды отыр­ғызып, жан-жағын то­пырақ­пен толтырды. Дайын­далған ыдыспен оған су құйды. Осы сәтті күт­кен журналистер қауы­мы Ел Президентінің қа­сына келіп, сұрақтарын қоя бастады. Про­токол бойын­ша брифингті реттеп, мен жүргізіп тұр­дым. Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа астана­мыз­дың айналасы жасыл аймаққа айналатынын, ал қала ішінде осындай ондаған аллеялар, сквер, саябақтар салынатынын айтып берді. Бас­қа да көптеген сұрақтарға жауап қай­тарды. Брифинг аяқталар тұста бір тілші то­сын сұрақ қойды:
– Президент мырза, аты жоқ саябақ бо­ла ма? Осы саябақтың аты қалай болады?
– Әрине, аты болады, болғанда, ең дұ­ры­сын қоя­мыз. Оған Сіздер де атсалы­сыңыз­дар, ұсы­ныс­­тарыңызды айтыңыздар, – деді сабырлы қалпымен Президент әлгі сұ­рақ қойған журна­листке қарап. Сауал қой­ған тілші бауырда үн жоқ.
– Нұрсұлтан аға, ұсыныс бар, айтуға бо­ла ма? – дедім мен пауза болдырмау үшін.
– Айтыңыз.
– Жаңа саябаққа «Жерұйық» деген ат лайық деп есептеймін. Заманында Асанқай­ғы атамыз бүкіл Сарыарқа жерін Же­р­ұйық деп бағалаған.
– Өте дұрыс ұсыныс. Мен қолдаймын. Қол­даймын, – деп Елбасы екі мәрте қайта­лады. Брифинг аяқталды. Журналистер жа­па-тар­ма­ғай мені құттықтады. Осы әң­гіме сол күні кеш­кілік радиодан берілді, ке­лесі күні көптеген газеттердің бірінші бе­тіне басылды. Бір күннен кейін қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың сая­бақтың атауы – «Жерұйық» деген өкімі жарыққа шықты. «Жерұйық» саябағының осындай да та­рихы бар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір