Тәуелсіздік тұғыры
06.07.2018
990
0

Ералы ТОҒЖАНОВ,
Маңғыстау облысының әкімі


Қадірлі қазақстандықтар, құр­мет­ті елордалықтар, сіздерді Аста­на күнімен шын жүректен құттық­тай­мын!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаевтың көрегендігімен бас қала атанған, ажары кіріп, айбыны ас­қақтаған Астана еліміздің бой­тұ­ма­рына айналды, тұрақты даму­дың, өсу мен өркендеудің даңғыл жо­лына түсті. Елорда – бірлік пен бе­рекенің белгісі, Отанымыздың те­­легей табыстарының айғағы, Қа­­зақ­стан халқы қол жеткізе ала­тын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.
Елорда төрінде әлем елдері көш­басшыларының кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық жә­не әлеуметтік-мәдени мәсе­ле­лер бойынша халықаралық іс-ша­ралар өткізіліп жүр. Еуразия кеңіс­тігін­дегі саяси-экономикалық мә­селелермен қатар, Таяу Шығыс­тағы шиеленістерді шешуде Ас­тана үлкен келісім алаңы ретінде танылды.
Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ды әлемнің озық дамыған 30 елі­нің қатарына қосуды көздейтін бес институционалдық реформаға бас­тамашы болды. «Баршаға ар­нал­ған қазіргі заманғы мемлекет – 100 нақты қадам» Ұлт жоспары қа­былданды. Бұл біздің еліміз үшін күрделі сынақ кезеңінен нық се­німмен өтуге, «Қазақстан-2050 ст­ратегиясы» атты бағдарламаны іске асы­руға, мемлекеттілікті ны­ғай­туға мүмкіндік береді. «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» сынды ст­ратегиялық ауқымы зор бағ­дар­лама еліміздің жарқын бола­ша­ғы­на жол көрсетті.
Осынау асыл мұраттар мен биік мақсаттардың табыспен іске асуы Астананың одан әрі өркен­деп, кемелдене түсуі үшін жаңа мүм­кіндіктер ашатынына сені­мі­міз зор. Маңғыстау жұрты Елба­сы­­­­мыздың мән-маңызы зор бағ­дар­ламаларына әрқашан қолдау біл­діріп, елордамызды, елімізді көр­кейте түсуге атсалысып, үлес қосу­ды абыройлы міндет санайды.
Құрметті астаналықтар, отан­дас­тар! Сіздерді бейбітшілік пен бір­ліктің мекені Астана күнімен құт­тықтаймыз! Отанымыздың жү­ре­гі – ару Астананың жұлдызы әр­қа­шан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастары­мыз­дың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала.
Алдағы уақытта да Астана қай­таланбас келбетімен, көз тартар сұлулығымен және ұшқыр жаңа­шыл­дығымен баршамызды қуанта бе­реріне сеніміміз мол. Біз елорда­мыз­дың тарихымен, дәстүрімен, мә­дениетімен және қайталанбас қол­таңбасымен мақтанамыз. Ме­реке құтты болсын, құрметті қа­зақ­стандықтар! Туған күніңмен, Астана!


Достық үйі

Маңғыстау облысы «Өңірлердің Астанаға тартуы» бағдар­лама­сы аясында Достық үйін қайта жөндеуден өткізді. Қазақстан Прези­ден­ті елорданың этномәдени орталықтарының өкілдерімен және Маң­ғыстау облысының көрнекті қоғам қайраткерлерімен әңгімелесті.

«Еліміздің барлық өңірінде Достық үйлері бар. Онда облыстардың этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Енді бас қаланың да Достық үйі болады. Сіздерді осы айтулы оқиғамен құттықтаймын!», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов Мемлекет басшысына Достық үйінің эскиздік жобасын таныстырды. Онда кітапхана, музей, халықтық қолданбалы өнер шеберханалары, конференц-зал және тілдерді оқыту орталығы үшін арнайы орындар қарастырылған. Ғимараттың жалпы аумағы – 4 мың шаршы метр. Жобаның құны – 1,8 млрд. теңгені құрайды.
Жаңа Достық үйі үш қабаттан тұрады. Ғимараттың бірінші қабатында көрме залы, акт залы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының бөлмелері бар. Екінші қабатында конференц-зал, мұражай, этномәдени бірлестіктердің бөлмелері көздің жауын алып тұр. Хореографиялық зал, вокал студиясы, асхана, қызметкерлер бөлмесі үшінші қабатта орналасқан. Қонақтар және қызметкерлер үшін арнайы ыңғайлы автотұрақ жасалған. Аталмыш ғимараттың жан-жағы абаттандырылып, көгалдандырылған. Маңғыстау облысының тартуы Астананың ажарын көркейте түсері анық.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір