Мерейтойыңмен, АСТАНА!
06.07.2018
1190
0

 

 

 

 

Сафар Абдулло,
филология ғылымдарының докторы, профессор

 


Ұлттың ұлылығы санымен өлшенбейді,
адамның ұлылығы бойымен екшелмейді,
жалғыз ғана өлшем –
ақыл-ой дамуы мен адамгершілік деңгейі.

В.ГЮГО.


Біз соңғы жиырма жылда бой көтерген заманауи қала – Астананың куәгеріміз! Жиырма жыл бұрын көп адамдар бұған күмәнмен қараған-ды. Жуық арада бұл қаланың гүлденген мегаполиске айналып, ауқымды мәселелерді шешетін әлемдегі ең әдемі, айрықша қалалардың бірі боларына сенбегендер көп еді. Бірақ еліміздің астанасы осы жерде болуы керек және ол қала айырықша болуы тиіс деген нық сенімі бар бір адам болды. Біз қалалардың бір-бірінен айнымай, егіздей ұқсас болып салынуына үйреніп қалғанбыз. Э.Рязановтың «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» фильміндегі Андрей Мягков сомдаған қаһарманының бөтен қалада дәл өзінікіндей көшеге, дәл сондай үйге, дәл сондай пәтерге тап келуі кездейсоқ емес. Ал Астана – біртипті, қалыпты қалалардан өзгеше, жаңа құбылыс.

Астана қаласы авторының өз мақсаты болды. Ол – еге­мен­діктен кейінгі алғашқы қа­ланы – астананы, арман қа­ланы тұрғызу… Бұл қалаға кел­ген қонақ әрбір ғимаратты жаз­бай таниды, мәселен, те­мір­жол вокзалын ауруха­на­мен немесе, қонақүй, мектеп, тұр­ғын үймен шатастырып ал­майсыз. Өзінің тікелей мін­детін атқара отырып, ғимарат та­маша сәулетімен, ыңғайлы кі­реберіс, баспалдақты алаң­дарымен ерекшеленеді. Сон­дай-ақ, ғимараттың сыртқы бол­мысы мен алдыңғы жағы бір­текті, сүреңсіз болмауы тиіс. Тіпті, терезелердің бір­кел­­кілігі жолдар мен кө­ше­лер­дің бірыңғайлығындай адам­ды шаршатады. Аудандар бір-біріне ұқсамай, өзгеше­ле­ніп, әртүрлі қабатты болғаны жақ­сы емес пе?.. Бірінші қа­бат­тың салыну ерекшелігі де аса маңызды. Бұрын бірінші қа­батқа көп мән берілмейтін және бұл сәулет өнеріндегі де­тальдің мәнін түсін­бе­ген­дік­тен еді. Жобалаушы маман ғимарат жоспарын ортаңғы қабаттар деңгейінен бағам­дай­ды. Ал үйді сыртынан қа­рап бағалайтын жүргіншілер б­ірінші қабатты көреді. Адам үй­дің жанынан өтіп бара жа­тып, екінші немесе үшінші қа­­­батқа қарамауы мүмкін, бі­рақ оның назары дүкен сөре­сіне, кіреберіс есіктердің сән-сал­танатына, баспалдаққа мін­детті түрде түседі. Сон­дық­тан, Астанадағы ғимарат маңы­ның сәнділігі мен жай­лы­лығына көп көңіл бөлі­не­тін­дігі қуантады. Әрине, қа­ла­ның барлық аудандары бол­­­маса да, басым көпшілігі абат­тандырылған, ал құрылыс жұ­мыстары жалғасуда, қала күн­нен-күнге көркейіп келеді.
Жазық далаға салынған қаланың, әрине, өз ерекшелігі болады. Ақмоланың шексіз жа­­зығы ертеден-ақ түрлі мә­де­ниеттер мен өркениеттер то­ғысқан орын болатын. «Та­рихтың атасы» Геродот өз ең­бек­терінде Ұлы Дала арқылы осы аймақты басып өтетін керуен жолын сөз етеді. Қа­ла­ларда қолөнер мен майдагер­лік кәсіптің, сауда-саттықтың дамуына Ұлы Дала арқылы өтетін керуен жолдары негіз болды.
Қала мен оның тұрғын­дарын жазық даланың аңызақ желінен қорғау үшін қажетті ағаш түрлері егілді. Бұталы қор­шаулар желден, шаңнан, у-шудан қорғайтын таптырмас құрал, оны саябақтың желілік және көлемді пішінін қалып­тас­тыруда пайдаланады. Кей­бір бұталы қоршаулар жүз­де­ген жылдар бойы тұрады. Бұл мін­дет те еліміздің жаңа аста­насында өз орнын тапты!
Қазіргі сәулет өнерінде мән­діліктің болмауы көңіл жү­­детеді. Мәнділік оған қан­дай да бір сәулет үлгісімен, әде­би тақырыптар қалып­тас­тырған адамдар тағдырымен және т.б. байланысты уақытқа, оқиғаға орай беріледі. Сондай-ақ, оған құрылысшы да мән үс­тей алады. Мұндай қалалар­дың құрылысынан-ақ халық­тың ұлылығы аңғарылады! Ас­тана құрылысын Александр Пушкиннің «Мыс салт атты» поэ­масында жырланған Пе­тер­бургтің сипатымен салыс­тыра қарауға болады.
«Мыс салт атты» поэ­ма­сын­да Ұлы Петрдің парасатты ақыл тұжырымына, климат­тық жағдайға, мемлекеттік дәс­түр мен саяси бағдарға қай­шы бір ғана айбарлы иша­раты арқасында негізі қалан­ған қала туралы бір аңыз ке­ре­мет суреттелген. Кең таралған бұл аңызға сенсек, І Петр қала тұрғызбақ болған Не­ва сағасы батпақты жер бол­ған екен. Поэманың тама­ша жолдарынан үзінді келтіре кетейін: «чернели избы здесь и там», «приют убогого чу­хон­ца».
Орыс зерттеушілері атап өт­кендей, Петрдің даналығы сон­да, ол дәл сол жерден аста­на салу керектігін білді. Ол бұл жерде қандай да бір Ресейлік елдімекен емес, мемлекеттің символы бола алатын эталон-қа­ла, мемлекеттік сан-сезімді та­нытатын қала – жаңа им­пе­рияның астанасы болуы кере­гін көре білді. Петр тек жаңа қаланың орнын картадан көр­сетіп қана қойған жоқ, қала құрылысы тұжырымдамасын қа­лыптастырды және сол тұ­жырымдама негізінен еш ауыт­қымастан қала салынды. – Петрдің түпкі ойы қандай еді? Тарихшылардың айтуын­ша, Петр ең алдымен астана салуды ойлады. Теңіз порты емес, әскери бекініс емес, кө­лік-сауда орталығы емес, қо­лө­нер мен өнеркәсіп қаласы емес – осы міндеттердің бәрін ат­қара алатын, өз кейпі, өмір сал­ты, ұлылығы мен кеңдігі бар, әлемдік державо болуға асық байтақ мемлекетті та­ны­татын қала салуды жоспар­ла­ды. Бұл – сыртқы көрнекілікке ерекше мән беретін империя еді.
Кез келген ірі аймақтың өз да­му тарихы болады. Аста­на­ның да өз тарихы бар…
Қала құрылысына қара­ған­да ғимараттар салу, сәулет және өнер адамзат баласы қыз­метінің көне түріне жа­та­ды. Өзінің көнелігі мен алуан­түрлілігіне қарамастан, қала осы дамыған үштіктің бірлігі, сондай-ақ, белгілі бір әлеу­меттік-мәдени, эконо­ми­ка­лық және кеңістікті-кли­мат­тық жағдайлар болғанда ғана қа­лыптасады.
Меніңше, Астана авторы мен Петербург авторының ара­сында көп ұқсастық бар сияқ­ты. Аңызға сенсек, бола­шақ Петербург қаласының орнында батпақ болған. Петр­дің батылдығы мен сенім­ді­лі­гі­нің арқасында «Петр туын­дысы» пайда болды. Менің есім­де, бастапқыда, Қазақстан астанасын жаңа орынға кө­шіру жоспары енді қолға алы­на бастағанда кейбіреулер қы­сы қатты, жазда аңызақ же­лі мен мазасыз масасы ты­ным бермейтін жазық далада қала тұрғызу мүмкін емес де­ген болатын… Астана қаласы­ның тарихы бұл пікірді жоққа шы­ғарды, кезінде күмәндан­ған сол адамдар бүгінде пікірін өз­гертті. Мен Нұрсұлтан Назар­баевтың ұлы туындысы – Астананың ғасырлар бойы бой түзеп, уақыт өткен сайын көркейе түсеріне, Қазақстан астанасының даңқы барлық контингентке жетеріне кәміл сенімдімін.
Шын жүректен ең алды­мен Астана авторы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тамаша төл туындысының 20 жылдық туған күнімен құттықтаймын. Барша халыққа мерейтой құт­ты болсын дегім келеді! Мың жылдан соң да біздің ұрпа­қ­тарымыз қала мерейтойын атап өтіп, оның авторына ри­­зашылығын білдіре берсін! Ха­лықтық ұлылығын оның ту­ған жерге, ұлы туындыларға деген махаббаты айғақтайды. Мен соңғы жиырма жылдағы ең ұлы туынды еліміздің аста­насы – Астана қаласы екеніне сенімдімін!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір