Түркістан жұртының лебізі
06.07.2018
979
0

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,
Түркістан облысының әкімі


Ұлы Дала елінің, Қазақстанның әрбір пат­риот азаматы келбетті Астанамыздың, бәй­теректі бас қаламыздың 20 жылдық ме­рекесіне жан жүре­гімен қуанып, Тәуел­сіз­дігіміздің қадір-қасиетін терең ұғынуда. Көш­басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігі мен кемең­гер­лі­гінің, болашақты болжай білген­дігінің ар­қа­сында Елордамыз ерекше еңселеніп, Аста­на­мыздың абыройы асқақтап, бүкіл әлем көз ті­ге­тін, қызыға қарайтын, қазақ­стан­дықтар шат-шадыман сезімге бөле­не­тін шаттық шаһа­рына айналды. Тұңғыш Пре­зидентіміздің баста­ма­шылдығы, жаңа­шылдығы нәтижесінде «Әлем қаласы» атан­­ды. Елордамыздың ерекше тойы қар­саңын­­да Елбасымыздың Жарлығымен Шым­­кент шаһарына республикалық мәр­­тебе беріліп, облыс Түркістан атанды. Өңір орталығы рухани орталыққа, Түркі әле­мінің текті төріне ауысты. Бұдан бірер ап­та бұрын ғана Мақтаралымызда Же­т­і­сай, Сарыағашымызда Келес аудандары ашыл­­ған, шуақты аймаққа шұғыла ша­шыл­ған. Ал­тын құрсақты аймақ жұртшы­лы­ғы атынан бү­кіл байтағымыздың тұр­ғын­дарын Астана­мыздың жиырма жыл­дығымен шын жүректен құттық­тай­мын! Отанымызда бірлік пен ынтымақ ны­ғая берсін, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт тілеймін!


Асқақтай бер, АСТАНА!

Елорда төрінде Түркістан облысы өнер­паз­да­рының «Асқақтай бер, Астана!» атты гала-кон­цер­ті өтті. Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты Түркістан облысының Астанадағы мәдени күндері аясында ұйымдастырылған концерт «Шарықтай бер, Ас­тана» театрландырылған-хореографиялық ком­по­зициясынан бастау алып, дәстүрлі әндер шеруі, қазақ және классикалық, Ш.Қалдаяқов ән­дерінен попури, «Дала рухы» компо­зиция­сы­мен жалғасты. Концертке облыстан түлеп ұш­қан эстрада жұлдызы, ҚР Еңбек сіңірген қай­рат­кері Алтынай Жорабаева және ҚР Халық әр­тісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Мәдениет қай­раткерлері Үрәлхан Сейілбекова, Марат Ораз­метов пен ҚР Еңбек сіңірген әртісі Сәбираш Әб­дірайымова және Халықаралық байқаулардың лауреаттары Карина Наж­меддинова, Мөлдір Исаева, Жадыра Абдуллаева, Нұрқанат Тапиев, Аян Төлеген, Нематилло Зкруллаев, Бекзат Тұр­ғынбек, Ақмарал Биназарова сынды сахна саң­лақ­тарымен қатар, «Тұмар» фольклорлық ан­самблі және «Қазына», «Шамсинұр», «Фараб» би топ­тары қатысты.
«Елордаға сыйлық» жобасы бойынша Түр­кістан облысы тарапынан Астана қаласына тарту ретінде Есіл өзені бойындағы орталық саябақ пен Министрліктер үйі аралығына дейін 5,173 ша­қырым веложол салынуда.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір